Жұлдыз-14-27 Дильяс-28-41 Ерканат-42-55 Данеш-56-69 Ислам-70-83 Рахман-84-95 Темирлан-96-109 Дулат-110-122 Зухра-123-136 Жазира-137-145 Бизнестің құқықтық ортасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама пәнінен емтихан сұрақтары


Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы



бет14/14
Дата31.12.2021
өлшемі186,51 Kb.
#23710
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ары

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, -


алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

119. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi.

1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -

бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

120. Мемлекеттің заманауи моделінің негізгі басымдықтары.

Əлеуметтік капитализм туралы тезис қоғамдық даму сипаты мен бағыттарын түсінудегі вакуумды толтырады, мемлекетті модернизациялау мақсаттарындағы түсініксіздіктің, белгісіздіктің көзін жояды. Заманауи жағдайда қалыптасып жатқан əлеуметтік-капиталистік мемлекет типі үшін, оның табиғаты мен мазмұны үшін келесі сапалық типологиялық ерекшеліктер тəн:

1) барлық қоғам мүшелерінің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жеке меншіктің əлеуметтік тағайындалуы;

2) мемлекеттің қызметін қоғам тарапынан бақылаудың əр түрлі нысандары негізделген əлеуметтік серіктестік.Бұл тек еңбек қатынастары саласында ғана əрекет етпейді, сонымен қатар мемлекет пен корпорацияның қызметін азаматтық бақылау жəне əлеуметтік серіктестіктің жаңа нысандары мен механизмдерін дамыту мен пайдалануды көздейтін заманауи мемлекеттің инновациялық дамуының сапалы жаңа кезеңі болып табылады;

3) мемлекеттің нақты əлеуметтік сипаты (заманауи мемлекеттің əлеуметтік қызметінің мəні табысты бөлу саласында əлеуметтік əділетті жəне экономикалық жағынан тиімді саясат жүргізу болып саналады, сол сияқты тəуелсіз жəне əлеуметтік бағытталған экономикалық курсты тарату, халыққа əлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, азаматтың еркін дамуы мен өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін жағдай жасау жатады;

4) заманауи əлеуметтік капиталистік мемлекет қоғамдағы əлеуметтік-саяси төреші ролімен сипатталады, ол əр түрлі əлеуметтік топтардың арақатынасын, еңбек пен капиталдың қатынасын өз заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілері арқылы ретке келтіреді;

5) заманауи əлеуметтік-капиталистік мемлекет — экономикалық, əлеуметтік, саяси, мəдени жəне идеологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеу шараларын күшейтуші мемлекет;


121. Сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған заңнаманы жетілдіру.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдары қабылдайтын

шешімдердің тиімділігіне зиян келтіре отырып, ел экономикасына кері

әсер етеді, адамгершілік қағидаттарына зиян келтіреді, азаматтардың

мемлекетке деген сенімділігін азайтады және әділ сот төрелігінің

қағидаттарын бұзады. Сыбайлас жемқорлық, әрине, мемлекеттік

басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын

төмендетеді, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамудың тоқтап қалуына

ықпал етеді.

122. Салалық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою.



Салалық тұрғыдан сыбайлас жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;

2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері;

123. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жобалық басқару және ақпараттық технологиялар.

124. Мемлекеттік қызметтегі әдептілікті бақылау.

125. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет үшін жауаптылық.

126. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету.

127. Тауар белгісін заңсыз пайдалану.

128. Заңсыз сыйақы алу.

129. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу.

130. Рейдерлік.

131. Лауазымды адамның өкiлеттiктерiн иемденіп алу.

132. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.

133. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.

134. Пара алу.

135. Пара беру.

136. Парақорлыққа делдал болу.

137. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану.

138. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыра пайдалану.

139. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері.

140. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

141. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті.

142. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері.

143. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымды адамдардың өкілеттіктері.



144. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы.

145. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет