18-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері: мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.
19-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктерге ие болады.
115. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою.
Соңғы онжылдық мемлекетіміздің «ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады. Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, демократиялық ұстанымдары мен құқықтық тәртіпті бұзады, мемлекеттік аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2-бабының 1-бөлігінде сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы ұғынылады. Бұл ретте, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық арасындағы салдардың ауырлық дәрежесі бойынша нақты бағытты жүргізу қажет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілікқұқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады. Әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде, Тұжырымдамада қоғамдық қауіптілік деңгейінің мөлшерін, құқық бұзушылық сипатын бұлжытпай сақтау, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкцияларды айқын шектеу ұсынылады. Бұл ұсынымдар ерекше өзекті, өйткені көбінесе жасалған құқық бұзушылық үшін мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік-биліктік қатынастар саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің, (бұдан әрі – ӘҚБТК) «Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады (1-тармақ). Егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
116. Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар түсінігі.
Қоғам алға баса отырып, құқықтық жағынан дамыған сайын заңдар да заман талабымен үндесiп, жетiлдiрiле түсетiндiгi заңдылық. Сот жүйесi – мемлекеттiк билiктiң бiр тармағы және елiмiзде құқықтық мемлекет орнықтырудың көшбасшысы ретiнде қоғамның құқықтық мәртебесiн нығайтып, заңнамалардың жетiлдiрiле түсуiне мүдделi. Сот төрелiгiн атқару барысында бұрын қабылданған заңдардың қоғамның қазiргi даму деңгейiмен және азаматтардың, қоғамның әлеуметтiк жiктерiнiң құқықтық жағдайымен сәйкестiлiгiн таразылап, сот тәжiрибелерiнiң негiзiнде заңнамаларды жетiлдiру жөнiнде нақты ұсыныстар жасауына мүмкiндiк те бар. Сондай-ақ, Ата Заңымызда көрсетiлгендей ең басты құндылық адам және оның құқықтары мен бостандықтары болып табылғандықтан заң адамға, оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға неғұрлым жанасымды бола түсуi керек.
Елбасымыз Қазақстан халқына биылғы дәстүрлi Жолдауында Қазақстанның әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарынан орын алуы стратегиясын ұсынды. Бұл елiмiздiң биiк мұраты. Бiз мемлекет басшысы нұсқаған басымдылықтарды қолдай отырып, әлемдiк бәсеклестiкке iшкi және сыртқы қоғамдық қатынастарды заңдылық жолымен дамыту арқылы ұмтылатындығымызды ескерер болсақ, елiмiзде жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформаларды да заман ағымынан қалдырмауға тиiспiз.
Мұны айтып отырған себебiм – осы мақалада Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстегi бiр ғана баптың, заңның “Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық” туралы 532 бабын iзгiлендiру мәселесiн көтеру. Өйткенi, қолданыстағы заңдарымызға байланысты айтылған әрбiр дұрыс ұсыныс-пiкiр өз дәрежесiнде iске асып жатса, бұл сөз жоқ, қоғамның құқықтық дамуына зор әсерiн тигiзедi.
Әкiмшiлiк жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән, немесе жан азабын тарттыруды, оның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат тұтпайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң 30 тарауында “Әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық” жасағандық үшiн жауапкершiлiк негiздерi қаралған. Осы тараудағы 532 бапта қаржы шараларын бұзғаны үшiн жауаптылық көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |