Керекті қосымша қимылдар адамның денесін кеңістікте ұстауында үлкен мєні бар. Мысалы, доп ұстаудағы адамның қалпы. Мұндай қосымша қимылдарды миостатика деп атайды. Түссіз ядро көру төмпешігінен орталыққа тепкіш импульстер қабылдап, қызыл ядроға орталықтан тепкіш импульстер береді. Сондықтан қызыл ядро тудыратын ет тонусын тежей алады.
Түссіз ядрода туған қозу аса күшейіп кетсе атетоз (қол мен саусақтардың дамылсыз қозғалысы), хорея (бүкіл дененің еріксіз қозғалысы) байқалады. Қыртыс асты ядролары мен төмпешік астындағы аудан ағза функцияларын реттеп отыратын жалғыз ғана орталықтар емес. Үлкен жарты шарлар қыртысын айтпағанның өзінде, орталық жүйке жүйесінің басқа да толып жатқан бөлімдері арасындағы өзара әсерлерсіз, үйлесімділіксіз, байланыссыз ешқандай қимыл актысы, зат алмасу үрдістерінің көріністері қалыпты жағдайда орындала алмайды.
Лимбиялық жүйе
Лимбиялық жүйе
деп үлкен ми сыңарларының медиобазальдық бөлігінде орналасқан жүйкелік құрылымдар мен олардың байланыстарын айтады. Бұл жүйенің құрылымдары ми бағанын көмкеріп жатады. Лимбиялық жүйенің орталық звеноларына миндаль тәрізді кешен, гиппокамп, белдеуше ирек жатады.
Лимбиалық жүйе құрамына кіретін құрылымдар ағза әрекетінің аса күрделі формаларын (қоректік, сексуальдық іс-әрекеттерді, түр сақтау үрдістерін, ұйқыны және ояу күйді, есті, зейінді, эмоциялық күйлерді тағы да басқа) реттеуге қатысады да, тұтас соматовегатативтік интеграцияны жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. К.Прибрам мен Л. Крюгер (1954) үш түрлі функциональдық жүйені ажыратады
1. Иіс сезу (иіс сезу пиязшығы мен төрт төбешік, диагональ шоғыр, миндалинаның қыртыс — медиальды ядролары);
2. Метаболизм үрдістері мен эмоциялық реакцияларды қамтамасыз ететіндер (қалқа, миндалинаның базолатеральдық ядролары, маңдай — самай қыртысы, базальдық қыртыс);