17.Үлкен жарты шар қыртысының құрылымдық үйлесуі. Үлкен жарты шар қыртысының қызметтері. Үлкен ми жарты шарлары ақ және сұр заттардан тұрады. Сұр заттың қалыңдығы 1,3 мм-ден 4,5 мм-ге дейін болады. Бас миының қыртысының аймақтарын немесе алаңдарын ажыратады, бұл алаңдарда қыртыстың қабаттарының қалыңдығы, құрамына кіретін элементтерінің сипаты әрқилы болып келеді. Бас миының әр түрлі бөліктерінде орналасқан қыртыстың да қалыңдығы мен жасушалық құрамының ерекшеліктері болады. Мысалы, маңдай бөлігінің қыртысы ең қалыңы болады, оның қалыңдығы 2,5 миллиметрден 4,5 миллиметрге дейін жетеді. Шеке бөлігінің қыртысы 2,5-1,5 миллиметр, самай бөлігінің қыртысы 2,5 миллиметр. Шүйде аймағындағы қыртыс басқаларға қарағанда жұқа, оның қалыңдығы 1,5-2,5 миллиметр.
Қызметі. Үлкен жарты шарлар мидың филогенездегі ең жас, бірақ ең күрделі бөлігі, ол экрандық типті жүйке орталығы болып табылады. Онда бүкіл сенсорлық мәлімет өңделеді, оған жауап қалыптастырылып, қимыл бұйрықтары және бүкіл құлық пішіндерінің интеграциясы жүреді. Үлкен жарты шарлар жоғары жүйкелік әрекетке жауапты (сана, ойлау, есте сақтау, эвристика тағы басқалар).
Қыртыстың жалпы ауданы 2200 см2, жалпы көлемі 300 см3; 30 %-йірімдердің үсті, 70 %-олардың бүйірлік беттері. Осы жерде 109-1010 санды нейрондар, олардан 10 есе көп глиалды жасушалар орналасады. Қыртыстың нейрондарының бәрі мультиполярлы, пішініне байланысты екі топқа бөлінеді: пирамидалық және пирамидалық емес. Кейінгілерге жұлдыз тәрізді, ұршық тәрізді тағы басқа нейрондар жатады.
1. Пирамидалық нейрондар бүкіл нейрондардың 90 % құрайды. Көлемдері 10 мкм-ден 150 мкм-ге дейін. Бұл жасушалар тігінен орналасады, пішіндері үшбұрышты болып келеді. Денесінен жоғары қарай ұзын апикалды дендрит шығып, молекулярлық қабатта Т-тәрізді тармақталады. Жасушаның бүйірлік аймақтарынан жиырмаға дейін дендриттер шығады, олар нейрон орналасқан қабатта тармақталады. Апикалдық және бүйірлік дендриттерде басқа нейрондардың өсінділерімен синапстар түзейтін тікенектер анықталады. Жасушаның негізінен төмен қарай бағытталған аксон шығады, ол төмен кететін жолдардың құрамында қыртыстан шығады немесе қыртыстың басқа аймағына барады. Аксоннан коллатералдар бөлініп, жасушаның денесі орналасқан қабатқа кері оралып, басқа пирамидалық нейрондармен синапстар түзейді.
2. Жұлдыз тәрізді жасушалар барлық қабаттарда кездеседі. Олардың көлемдері кішірек, пішіндері әр түрлі. Дендиттері мен аксондары қысқа, көп тармақталған, қыртыс ішінде байланыстар құрайды. Дендриттердің тікенектері нәресте туардың алдында пайда болады. Кейінгі кезде бұл жасушалардың көбі тежегіш қызмет атқарады деп есептеледі. Олардың аксондары аксон төмпешігінде, аксонның бастапқы сегментінде орналасады. Бұл жерлерде импульстің күшеюі немесе генерациясы жүргізілетін болғандықтан азғана тежегіш синапстар физиологиялық үрдісті өзгерте алады. Жұлдыз сияқты нейроциттердің екінші бөлігі эфферентті пирамидалық жасушаларға қоздырушы ықпал жасайды.
3. Ұршық тәрізді нейрондар. Ұзын аксондары бар, олар бойлай немесе тігінен бағытталуы мүмкін.
Бас миының цитоархитектоникасы. Жоғарыда аталған нейрондар қыртыста қалыптасқан тәртіптен орналасқан, олар бойлай орналасқан (горизонталды) алты қабатты түзейді