47. Артериядағы қанның жылжуы.
Қан жүректің ырғақты жұмысының нәтижесінде тамырлармен қозғалады. Қарыншалардың жиырылуы кезінде қан қысымы арқылы қолқа өкпе артериясына түседі. Бұл жерде ең жоғарғы қысым дамиды-150 мм сын.бағ. Қан артериямен қозғалған сайын қысым 120 мм сын.бағ. дейін төмендейді, капиллярда 22 мм сын. бағ. болады. Ең төмен қысым венада,ол 5 мм сын. бағ. тең. Бұл қанның тамырларымен қозғалғанда қан бөлшектерінің тамыр қабырғасына және бір-біріне үйкелуі салдарынан пайда болатын кедергіні жоюымен түсіндіріледі. Қан жоғары қысым аймағынан төмен қысым аймағына ағады. Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым; жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсірентін қысымы. Қан қысымы жүрек циклінің әр түрлі кезеңдерінде өзгереді. Ең көп қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал ең аз қысым жүрек босаңсығында болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының қысымы деп аталады. Артериялық қысым жүрек-тамыр жүйелері жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қысым өзгерген кезде жүрекке жүктеме, сондай-ақ ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету деңгейі өзгереді. Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді. Дені сау адамның ең көп қысымы 100-120 мм сын. бағ.,ал ең аз қысымы 70-80 мм сын. бағ. құрайды. Қан қысымының 150 мм сын. бағ. артуы гипертония деп аталады. Бұған жүйке жүйесінің зорығуы, қажу, эмоциялық күйзеліс және т.б себепші болады. Гипертонияның алдын-алу үшін тамақтану және ұйықтау режімін қадағалап, жұмыс пен демалысты кезектестіріп, салауатты өмір салтын сақтау керек. Иық артериясында қысымның 70-80 мм сын. бағ. дейін төмендеуі гипотония деп аталады. Бұл-адам өміріне қауіпті,организмнің әлсіреген іс-әрекетінің көрсеткіші болып табылады. Тамырдың соғуы-жүрек әрбір жиырылғанда пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі.Тамырдың соғуы бойынша жүректің 1 минуттағы жиырылу санын анықтауға болады.Тамырдың соғу толқынының артериямен таралу жылдамдығы,шамамен,10 м/с құрайды.Тамырдың соғуы кәрі жілік артериясынан,табанның сырт жағындағы артериядан оңай сезіледі.Ересек адамда тамырдың соғу жиілігі тыныштық кезінде минутына 60 соққы құрайды және дене еңбегіне,эмоциялық жай-күйіне байланысты. Жүректің әр түрлі аурулары кезінде аритмия-тамырдың соғуында ырғақсыздық байқалуы мүмкін.
48. Венадағы қанның жылжуы.
Қанның вена арқылы жылжуы. Қантамырларының тұйық шеңберінде қан үздіксіз айналып ағып тұруы үшін алдымен жүректің жиырылу қуаты жұмсалады. Мүның 10-15%-і артерия тамырларының кедергісінен өтуге, ал 80-85%-і артериолалар мен капиллярлардың кедергісін жеңуге кетеді. Сонда қанды веналар арқылы жүрекке қайта жеткізу үшін жүрек қуатының 5%-і ғана қалады. Қан вена арқылы қозғалуы үшін капиллярлардан венулаларға, онан соң веналарға үнемі құйылып түруы қажет. Бұл жүректің соғуына байланысты (кардиалық фактор). Қанның венаға өтетін кейінгі бөлшегі алғашқы бөлшегін әрі қарай жылжытады. Жүрек соғуын қойса, венадағы қанның жылжуы баяулап біраздан соң тоқтайды. Сондықтан қанның вена арқылы жылжуының ең бірінші себебі - жүректің соғуы. Кардиалық фактормен қатар қанның вена арқылы жүрекке қарай жылжуына көмекші бірнеше экстракардиалық (жүректен басқа) қосымша себептер бар:
1. Кеуде қуысының қанды өзіне қарай соруы. Демді ішке тартқан сотте кеуде қуысы кеңейеді. Қысым төмендей түседі. Мұның салдарынан қуысты веналармен бірге жүрекшелер де кеңейеді, сөйтіп вена жүйесінің бас жағы (Р() мен аяқ жағындағы (Р2) қысымның айырмасы (Р,-Р2) арта түседі. Сондықтан қан жоғары қысымнан төмен қысымға қарай үздіксіз жылжып отырады.
Демді ішке тартқанда диафрагма (көк ет) қүрсаққа қарай ығысады, оның күмбезі төмен түседі. Осыған орай құрсақ қуысында қысым күшейіп, венадағы қанды құрсақтан кеуде қуысына қарай ығыстырады. Бұл да анның жүрекке қарай ағуын тездетеді.
Қаңқа еттері жиырылған кезде қанға толған жұқа веналарды сығымдап қанды жүрекке қарай итермелейді.
Қанның белгілі бағытта ағуына веналар ішіндегі қақпақшалардың ашылып жабылуы көмектеседі. Қақпақшалар қанды жүрекке қарай
өткізеді де, оның кері жылжуына кедергі жасайды. Барлық экстра
кардиялық себептердің әсерін тоқтатқан күннің өзінде жүрек соғып
тұрса, венадағы қанның ағуы бірден тоқтамайды. Демек, қанның вена
арқылы үздіксіз ағуының негізгі себебі жүректің ырғақты жиырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |