90. Науқаста таңертен ұйқыдан кейін оң аяқ-қолда әлсіздік пайда болды, айтылған сөзді түсінбейді. Келесі синдромдардың қайсысы анағұрлым ықтимал?
сенсорлы афазия+++
моторлы афазия
дизартрия
дисфония
назолалия
91. Науқаста таңертен ұйқыдан кейін оң аяқ-қолда әлсіздік пайда болды, айтылған сөзді түсінеді, берілген нұсқауларды орындайды, бірақ жауап беруге қиналады.
Келесі синдромдардың қайсысы анағұрлым ықтимал?
моторлы афазия+++
дизартрия
дисфония
назолалия
сенсорлы афазия
93.Сырқаттың тілінің оң жақ жартысы атрофияға ұшыраған, фасцикулялы дірілдер, тілі оңға ауытқиды. Қай нерв анағұрлым зақымданған?
тіл асты ++++ тіл жұтқыншақ
кезбе
үшкіл
бет
94. Тіл асты нервінің зақымдануына тән симптом
дизартрия ++++
назолалия
жұтыну рефлексінің төмендеуі
афазия
95.27 жасар ер адам желке және маңдай аймағында бас ауруы басталып, жалпы басына таралатын, «қысатын», ұзақтығы 30 минуттан бір тәулікке дейін болатын ауру сезіміне шағымданады. Эмоционалдық стресспен байланыстырады. Науқасты тексеру кезінде перикраниальды және мойын бұлшықеттерінің кернеуінің жоғарылауы анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
кернеулі бас ауруы ++++ аурамен бас сақинасы
аурасыз бас сақинасы
үшкіл нервтің невралгиясы
глоссалгия
96.Науқас 15 жаста кенеттен есін жоғалтты. Объективті: АҚ - 120/80 мм. сын. бағ. Шүйде бұлшықеттерінің ригиттілігі, менингеальді белгілер оң. Бірінші кезекте ауруды диагностикалау үшін қандай тексеру әдісін қолдану керек?
люмбальді пункция
электронейромиография
көэ түбі
мойын тамырларының УДТ