Жеңіл деңгей Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептерін түсіндіріңіз.
Әлеуметтік конфликт (лат. conflictus - «соғысу») - қоғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жоғарғы сатысы, ол әлеуметтік қауым және индивидтердің мүдделерінің қарама-қарсы тенденциялардың үдеуімен сипатталады. Әлеуметтік конфликт түрлері, интенсивтігі мен оның шиеленісуінің дамуы экономикалық, саяси, идеологиялық факторлерге тәуелді, бұқара халықтың қоғамның даму заңдарын түсінуі мен бостандығынын даму дәрежесімен тікелей байланысты. Әлеуметтік конфликт ұғымы кең және тар мағнада қолданылады. Кең мәнінде өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастар арасындағы дау әлеуметтік конфликтің басқа түрлерін анықтайды, соның ішінде барлық қанаушы формацияларға тән әлеуметтік конфликтің ерекше түрі таптық күрес болып саналады. Ал тар мағна тұрғысынан қарасақ, онда таптық күрес түбегейлі ұғым болса әлеуметтік конфликт сол ұғымға енеді және соған тәуелді болады. Осы тұрғыдан қарасақ, таптық күрестің қозғаушы күші болып таптар, ал әлеуметтік конфликтің қоздырушы күші соларды құраушы әлеуметтік топтар, жіктер және индивидтер болып табылады
Психологиялық конфликтілердің түрлерін атаңыз.
Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.
«Психологиялық сөздік» конфликтіні «өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық» деп анықтайды. Оның тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық конфликтілер сияқты формалары бар. Психологиялық конфликтілерді анықтау ары қарай да біздің зейініміздің пәні болмақ, дегенмен де жоғарыда келтірілген пікірлер конфликтінің мазмұны туралы мәселеге жауап бермейді, керісінше, жаңа сұрақтар тудырады: «қиындықпен шешілетін» немесе «өткір уайымдар» дегендер нені білдіреді? А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов келесідей анықтаманы ұсынады: «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің аллды болып саналады.
Кез келген конфликті құндылықтардың, мақсаттар мен мотивтердің қайшылықтарын көрсетеді. «Конфликтология» ұғымымен «конфликтолог» ұғымы тығыз байланысты. Конфликтілерді конфликтологтар басқарады.