Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет21/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
аксиологиялық дамудың мәнін белсендіреді.
Аксиология грек тілінен аударғанда («axia» – құндылық және «logos» - 
ғылым) әлемдегі құндылық жүйесі мен табиғаттағы философиялық ғылымның 
құндылығын білдіреді. Барлық антропологиялық ғылым адамды зерттей отырып, 
кез-келген қызметтің түрлеріне қатысты оның көптеген құндылықтарын
анықтайды. Философияда «құндылық» қоғамдағы адамның дамуы мен тұлғаның 
өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігіндегі, объективті өмірдегі адамдық қатынасты 
білдіреді.
Біртұтастық тұғыры мағынасы және құрылымы бойынша барлық күрделі
объектілердің жалпыланған сипаттамасы ретінде жүреді. Бұл жүйе элементтерінің 
арасында даярлықтың әр түрлі деңгейдегі іс-әрекеттердің үйлесімін, теориялық 
жүйенің 
тәжірибелік 
кәсіби 
іс-әрекетпен 
байланысын, 
білім 
беру 
бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ететін белгілі қатынастар мен 
байланыстардың болуын болжайды. Біртұтастық белгілі сипаттамалардан тұрады: 
құрылымдық, өзара байланыстылық, өзара тәуелділік, өзара әрекеттестік.
Кәсіби білім беру жүйесінде біртұтастық тұғырының жүзеге асырылу 
мәселесі педагог-ғалымдардың арасында үнемі пікірталастар тудырады. 
Біртұтастық тұғырды қарастыру төңірегінде дүниетанымды қалыптастыру 
мәселесіне 
және 
тұлғаның 
тұтас 
құрылымындағы 
зияткерліктің, 
эмоционалдылықтың және еріктік компоненттерінің өзара әрекеттестігі сияқты
оның құрамдас бөліктеріне де ерекше назар аударылады (А.И.Липкина, 
Н.А.Менчинская, Т.К.Мухина, Г.М.Шакирова және т.б.). 


52 
Психологияда біртұтастық тұғыры (ағ. holistic approach) тұтас 
феномендер тәрізді психиканы, сананы және мінез-құлықты зерттеу 
ұстанымдарының жиынтығы ретінде қарастырылады [152, 153].
В.С.Ильин өзінің зерттеуінде, педагогикалық үдерісті тұтас құбылыс 
ретінде қарастыра келе, ондағы мақсаттар тұлғаның қалыптасу мақсаттарына 
қызметтер сәйкес келген жағдайда ғана жүзеге асырылады; адамның іс-әрекеті 
онда айтарлықтай толық үлгіленген кезде; педагогикалық үдерісті құрайтын 
барлық компоненттер олардың қызметтерінің, мақсаттары мен әдістерінің 
бірқалыптылығы негізінде біртұтас құбылысқа айналған жағдайда; олардың 
әрқайсысының дербестігі барлық үдерістер мен компоненттердің тұтастығын 
бұзбай; жалпы тәрбие беру жүйесінің динамикасы тұлғаның сұраныстарына 
сәйкес төменгі жастан бастап жоғары жас ерекшелігіне қарай жүргізілген 
жағдайларда ғана орындалады деп көрсеткен [154].
Педагогикалық үдерістің көптеген қырын айқындаған осы анықтама 
біздің зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімін ұйымдастыруда басшылыққа 
алынды.
Педагогикалық тәжірибеде қолданылатын басқа тұғырларға қарағанда
біртұтастық тұғыры – ғылым ретіндегі педагогиканың өзіне барабар объектіге 
ие, нақтырақ айтқанда тұлғаның тұтас қалыптасу үдерісі. Тұтас білім беру 
үдерісінде тұтас тұлғаның қалыптасуы – бұл оқыту және тәрбие беру үдерісінің 
барлық компоненттерінің және олардың біртұтас құбылысқа бірігуінің ықпал 
ету нәтижесінде жүзеге асады.
Біздің пікірімізше, қоғамның қарқынды даму жағдайларында, қазіргі 
білім берудің жаңаруы кезінде оқушылардың бойында әр пәннен алған 
шашыраңқы, бытыраңқы, бөлшектенген білімнен гөрі, бастауыш білім беру 
пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту негізінде қалыптасқан әлемді біртұтас 
қабылдауға түрткі болатын біртұтастық тұғырдың маңызы зор. 
Ал, іс-әрекет жағдайында адам, тұлға белсенді шығармашыл бастама 
ретінде және әлеммен өзараәрекеттесе отырып, өзін-өзі құруды үйрене 
бастайды. Дәл осы іс-әрекет арқылы және іс-әрекет барысында адам өзіндік 
қалыптасып, оның тұлғасының өздігінен дамуы және өзін-өзі белсендендіру 
жүзеге асады. Осы орайда, іс-әрекеттік тұғыр – бұл адам тұлғасының және 
оның санасының жалпы қалыптасуына бағытталған адамның іс-әрекет үдерісі 
[155,б. 13].
Зерттеу жұмысында негізге алынатын әдіснамалық тұғыр – іс-әрекеттік 
тұғыр ұғымы психология ғылымында 20 – 30 жылдардан бастап қолданыла 
бастаған. «Іс-әрекет арқылы оқыту» тұжырымдамасын алғаш рет американдық 
ғалым Д. Дьюи ұсынған. Ол оқытудағы іс-әрекеттік тұғырының негізгі 
ұстанымдарын: оқушылар мүддесін ескеруді; ойлау мен әрекет етуге үйрету 
арқылы оқытуды; қиындықтарды жеңу салдары ретіндегі таным мен білімді; 
еркін шығармашылық жұмыс пен ынтымақтастықты анықтады. 
Бұл ұғым туралы бірнеше бағыттағы түсіндірулер болған. Соның бірі – 
С.А .Смирновтың түсіндіруі. Ол іс-әрекеттік амал дегеніміз – объектінің 
біртұтастығын және оның тетіктерін ашу философия, әлеуметтану теориялары 


53 
бойынша тұлғаның әрекет арқылы қоршаған ортаны тануы және қайта өзгертуі, 
іс-әрекетінің құрылымын, қызметін қарастыруы деп тұжырым жасайды. 
Іс-әрекеттік 
тұғыр 
педагогикалық 
құбылысқа 
әрекеттің 
бүкіл 
компоненттерінің тұтастығы позициясымен, яғни мақсаты, мотиві, әрекеті, 
операциясы, ретке келтіру жолы, жөндеу, жеткен нәтижені бақылау және 
талдауға мүмкіндік береді. Тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың негізі, 
құралы және басты шарты ретінде қарастыратын, іс-әрекет үдерісінде тұлғаны 
дамытудың оңтайлы шарттарын анықтауға мүмкіндік беретін іс-әрекеттік 
амалды дамытушылар Н.В. Кузьмина, Л.С. Рубинштейн және т.б. болып 
табылады.
Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, П.Я. Гальперин, В.В. 
Давыдов еңбектерінде жетілдірілген іс-әрекеттік тұғыр білім беру жүйесіндегі 
тұлғаның дамуы, алдымен, оқыту мен тәрбие беру үдерісінің негізі болып 
табылатын 
әмбебап 
оқу-әрекеттерінің 
қалыптасуымен 
қамтамасыздандырылады [156].
А.Н. Леонтьевтың айтуынша: «Білім алу үдерісі – ол жаңа білімдер дайын 
түрде берілмейтін, оқушы санасының және жалпы тұлғасының қалыптасуына 
бағытталған іс-әрекет үдерісі. Білім берудегі «іс-әрекеттік тұғыр» деген осы!». 
Іс-әрекеттік тұғыр ретінде білім алушылар ақпараттың пассивті емес 
«қабылдаушылары» болып және өздері оқу үдерісіне белсенді қатысатын, оқу-
танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілі деп түсіндіріледі. Мақсаты – 
тіршілік ету субъектісі ретіндегі бала тұлғасын тәрбиелеу. Субъект болу – өз іс-
әрекетінің иесі болу: мақсаттар қою, міндеттерді шешу, нәтижелер үшін жауап 
беру [157].
Іс-әрекеттік тұғырдың мәні қытай даналығымен «Мен естимін – мен 
ұмытамын, мен көремін – мен есте сақтаймын, мен жасаймын – мен 
меңгеремін» деп сипаттауға болатын іс-әрекетте ашылады [158]. Өз кезінде 
Сократ «Сыбызғыда ойнауды тек өзің ойнағанда үйрене аласың», – деп айтқан. 
Дәл осылай білім алушылардың қабілеттері де олардың өзіндік оқу-танымдық 
іс-әрекетке толық қатысқан кезінде ғана қалыптасады. Оқыту іс-әрекеттік тұғыр 
негізінде білім алушының және оның түрткілері, мақсаттары, қажеттіліктерін 
жүзеге асырудың жағдайы ретінде саналады.
Сонымен қоғамның қарқынды даму жағдайларында, қазіргі білім берудің 
жаңаруы кезінде әлемді біртұтас қабылдау үшін ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетін ұйымдастырудың маңызы зор. Сондай ақ, тұлғалық-бағдарлы тұғырды 
айтпасқа болмайтынын аңғарамыз.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуда тұлғалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет