Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет17/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70
компоненті болып табылатын модельдеу әрекетін меңгереді. 
М.В.Аверина [137], Л.Ф.Обухова [138], Дж.Варгас [139] және т.б. 
зерттеулеріне сүйене отырып, когнитивті метапәндік біліктердің элементі 
болып табылатын талдау әрекетін дамыту практикалық-әрекеттік түрден 
сезімдік түрге қарай, содан кейін ғана ақыл-ой әрекетіне ауысатынын сенімді 
түрде айтуға болады (1-сыныптан 3-сыныпқа өтуге сәйкес келеді). Бұдан басқа, 
алдымен ішінара талдау біртіндеп кешенді және жүйелі талдауға айналады. 
Синтез операциялары қарапайымнан, жиынтықтан неғұрлым қамтылатын және 


43 
күрделіге дейін дамиды. Сондықтан бастауыш сынып оқушылары үшін талдау 
әрекеті аса жеңіл үдеріс болып табылады және синтезге қарағанда тез дамиды. 
Алайда, бұл екі үдерістің өзара байланысты болатынын атап өткен жөн (талдау 
неғұрлым терең болса, синтез соғұрлым толық болады). Салыстыру сияқты 
маңызды элемент сыртқы белгілерге бағдарланған жүйелі емес түрінен, 
жоспарлы, жүйелі түріне қарай дамиды. Аталған жас кезеңінің ерекшелігі
ретінде балалардың таныс, белгілі заттарды салыстыруда ұқсастықтарды оңай 
байқайтыны, ал жаңа заттарды салыстыруда айырмашылықтарды байқайтыны
алынады. 
Метапәндік пәндерден алысқа кетпеуі қажет болғандықтан, метапәндік 
біліктерді компоненті ретінде ғылыми ұғымдар туралы түсініктер алынады.
Пәндік ұғымдарға заттардың жалпы және маңызды белгілері мен қасиеттерін – 
құстарды, жануарларды, жемістерді және т.б. жатқызуға болады; метапәндік 
ұғымдарға – қатынас ұғымдарын (объективті заттар мен құбылыстардың 
байланысы мен қатынастарын көрсететін білімдер – шама, эволюция және 
т. б.) жатқызуға болады. 
Жеті жасқа дейін, жас психологиясы мәселелерімен айналысатын 
психологтердің зерттеулеріне сәйкес (А.В.Аверина [140], Л.Ф.Обухова [139], 
В.В.Давыдов [65,б. 22-32] және т.б.) балаларда мектепке дейін репродуктивті 
бейнелер – заттар туралы ұғымдар байқалады, бұл бейнелер көп жағдайда 
статикалық болып саналады. Мысалы, олар тік және көлденең арасындағы 
құлап бара жатқан таяқшаның аралық орнын көрсетуде қиындықтарға кезігеді. 
7-8 жас аралығында өнімді бейнелер-ұғымдар қалыптаса бастайды. 
Білімді меңгеру үдерісінде оқушы ұғымдарды құрастыру үдерісімен 
танысады. Осылайша, ұқсас белгілері бойынша емес (олардың жалпылық 
шамасы болса да), жалпылауды құрудың метапәндік біліктерін абстракциялау 
негізінде қалыптастыру жүреді. Басқаша айтқанда, оқушы ұғымдарды меңгеріп, 
ондағы алғашқы мағынаны да меңгереді. Пайымдаулар кешені пайда болады, 
нәтижесінде аталған кешен ұғымнан ұғымға, өзіндік пайымдауға өтіп, яғни 
теориялық тұрғыда талқылауға өтіп, кеңейтілу мүмкіндігіне ие болады. 
Балаларда жалпы ұғымдарды құрудың қиындықтары көрнекті психолог 
Л.С. Выготскийдің еңбегінде толыққанды сипатталған, онда автор дамудың 
белгілі 
сатысында 
ұғымдар 
арасындағы 
ортақтықтың, 
осындай 
қатынастарының бала үшін мүлдем қолжетімді болмайтыны туралы тұжырым 
жасайды. «Бұрын құрылған ұғымдардың жанында тұрған алғашқы жоғары 
ұғымның пайда болуы, «жиһаз» немесе «киім» түріндегі бірінші сөздің пайда 
болуы, алғашқы саналы ұғынылған сөздің пайда болуынан гөрі, балалар 
сөйлеуінің мағыналық жағын дамытудағы прогрестің маңызды белгісі» [135,б. 
362]. 
Психологтер кіші мектеп жасын метапәндік байланыстарды орнатудағы 
ерекше қиындықтармен байланыстырады. Балаға салдардан себепке қарай 
байланысты қадағалаудан гөрі, себептерден салдарға қарай қадағалау оңай. 
Мұндай ерекшелік себептен салдарға қарай ой қорытындысын жасауда тікелей 
байланыстың орнатылатынымен түсіндіріледі. Ал фактіден себепке қарай ой 


44 
қорытындысын жасауда, тікелей байланыс қадағаланбайды: көрсетілген факт 
жеке талдау қажет болатын әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. 
Мысалы, балаға «Бұл ағаш неге қурап қалған?» дегеннен гөрі, «Егер өсімдікке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет