Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:


әмбебап оқу әрекеттері 
арқылы қалыптасқан 
метапәндік нәтижелерді өз 
тәжірибесінде бекіту үдерісі
«Метапәндік 
оқыту» 
дегеніміз 


39 
1.2 Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың 
психологиялық негіздері
Бастауыш білім беруде пәндерді метапәндік тәсілдемені негізге ала 
отырып оқыту – бүгінгі күні өзекті үдеріс. Пәндерді метапәндік тұрғыда 
оқытуда оқушылардың игерген метапәндік білімі мен дағдылары теориялық, 
сыни және шығармашылық ойлаудың, ақпаратпен жұмыс істеудің және өзін-өзі 
реттеу тәсілдерінің жиынтығына айналады.
Бастауышта оқытудың білім беру бағдарламаларын талдау нәтижесінде 
бастауыш сынып оқушыларының әрбір нақты жас кезеңі үшін метапәндік 
біліктерге қойылатын талаптардың жіктемесі анықталды. Төменде бұл 
жіктеудің мазмұны 3-кестеде берілген.
Кесте 3 – Бастауыш сынып оқушыларының әрбір нақты жас кезеңі үшін 
метапәндік біліктерге қойылатын талаптар
Жас кезеңі 
Реттеуші 
МПБ 
Когнитивті 
МПБ 
Ақпаратпен жұмыс істеу 
МПБ 




6 жастан 8 
жасқа дейін 
(1 сынып)
Өзінің іс-әрекетін берілген 
эталонмен 
салыстыру 
тәсілімен бақылау. Өзінің 
жұмысын 
эталонмен 
(үлгімен) 
алшақтығы 
жағдайында 
түзету. 
Мұғалімнің 
көмегімен 
аталған жас кезеңіне тән 
көрнекі-бейнелі 
ойлауға 
сүйеніп, 
материалды 
зерттеу 
жоспарын 
құрастыру.
Ортақ 
белгілерін 
және 
айырмашылықтары
н 
тауып, 
оқытылатын 
пәндерді 
салыстыру білігі. 
Айқындалған 
белгілері бойынша 
бұрын 
берілген 
критерийлерге 
сәйкес оқытылатын 
пәндерді 
жіктеу 
және топтастыру.
Оқулықтың құрылымын 
түсіну 
және 
онда 
бағдарлана білу, 
шартты 
белгілермен 
қолдана 
білу. 
Мұғалімнің 
көмегімен 
қажет болған жағдайда 
оқулықтың 
қосымша 
анықтамалық бөлімінде 
тапсырманы шешу үшін 
қажет ақпаратты табу. 
Мәтінді, суреттерді және 
оқулықтың 
сызбасын 
түсіну 
8 жастан 9 
жасқа дейін
(2 сынып)
Мұғалімнің 
басшылығымен 
оқу 
әрекетінің 
мақсатын 
құрастыру. 
Мұғалімнің 
басшылығымен 
сабақта, 
сабақтан тыс іс-әрекетте, 
өмірлік 
жағдайларда тапсырманы 
орындау жоспарын құру. 
Мұғалімнің нұсқауларын 
орындау, 
алгоритмді 
ұстану. Ағымдық өзін-өзі
және 
өзара 
тексеруді 
жүзеге 
асырып, 
тапсырманы 
орындау 
барысын бақылау. 
Заттарды 
өз 
бетімен салыстыру, 
жіктеу 
және 
топтастыру білігін 
ғана емес, олар 
үшін 
ортақ 
заңдылықтарды 
табу және өзінің 
мысалдарымен 
толықтыру. 
Өз 
бетімен 
бақылау 
жүргізу 
және соған сәйкес 
тұжырымдар 
жасау. 
Оқулықтарға бағдарлану. 
Оқулықтың 
анықтамалық бөлімінде 
ақпаратты өз бетімен 
табу. 
Оқулықта 
берілген 
суреттерде, сызбаларда
кестелерде бағдардану. 
Оқылғанды 
немесе 
тыңдалғанды толық және 
қысқа қайта әңгімелеп 
беру, қарапайым жоспар 
құру. 
Шығарманың 
атауының 
мағынасын 
түсіндіру, 
оны 
мазмұнымен


40 
3 - кестенің жалғасы 




Тапсырманы 
орындау 
барысында 
қажетті 
түзетулерді енгізу. Келесі 
параметрлер бойынша өз 
тапсырмасын 
орындауды 
бағалау: орындауы оңай 
немесе қиын, орындаудың 
күрделілігі. 
байланыстыру.
9 жастан 10 
жасқа 
дейін
(3 сынып)
Мұғалімнің жетекшілігімен 
тапсырманы орындау 
жоспарын құру. Оқу 
тапсырмаларын 
шешуде 
әрекеттің тәсілдері мен 
амалдарын саналы ұғыну. 
Жұмыстарды 
өзіндік 
тексеруді 
және 
өзара 
тексеруді жүзеге асыру. 
Алдыңғы тапсырмалармен
салыстыру негізінде немесе 
әртүрлі 
үлгілер 
мен 
критерийлер 
негізінде
орындалған тапсырманың 
дұрыстығын 
бағалау. 
Белгілі кезеңде жоспарға, 
орындау 
жағдайларымен, 
әрекет нәтижесімен сәйкес 
тапсырманың орындалуын 
түзету. Белгілі тапсырмаға 
сәйкес 
әдебиеттерді, 
инструменттерді, 
приборларды 
таңдауды 
жүзеге асыру. Тапсырманы 
орындауда 
өзіндік 
табыстылықты бағалау. 
Талдау, 
салыстыру, 
топтастыру, 
себепті-салдарлы 
байланыстарды 
орнату 
(қолжетімді 
деңгейде). 
Тапсырманы 
орындауда 
аналогияларды 
табу 
және 
қолдану. 
Белсенді талқылау 
және тапсырманы 
шешудің өзіндік 
бірегей тәсілдерін 
ұсыну. 
Оқулықта 
бағдарлану, 
оның жекеленген
тарауларының
тақырыптарын 
және 
мақсаттарын 
анықтау, 
тапсырманы 
орындау 
үшін 
талап 
етілетін 
анықтама 
көздерін 
өз 
бетімен анықтау, оларды 
табу 
және 
қолдану. 
Сонымен бірге, қосымша 
анықтамалық 
әдебиетті 
қолдану. Әртүрлі формада 
ұсынылған 
ақпаратты 
шығару, 
модельдерді, 
диаграммаларды, 
сызбаларды 
және 
т.б. 
түсіну. Мәтіндік және 
сөздік ақпаратты модель 
түріне алмастыру және 
жекеленген міндеттерді өз 
бетімен 
шешу 
үшін 
модель 
құру. 
Өзінің 
жұмысын АКТ қолдану 
арқылы 
және 
әртүрлі 
тәсілдермен 
ұсыну 
(презентациялау). 
10 жастан 
11 
жасқа 
дейін
(4 сынып)
Өз бетімен тапсырмаларды 
құрастыру, 
өзінің 
іс-
әрекетін жоспарлау және 
оны 
жүзеге 
асыру 
құралдарын 
анықтау. 
Нақты 
міндеттер 
үшін 
нақты құралдарды таңдау. 
Өзіндік 
іс-әрекетіне 
ағымдық және қорытынды 
бақылау жүргізу. Өзінің іс-
әрекетін 
бағалау 
және 
бағалаудың қандай


41 
3 - кестенің жалғасы 




критерийлер 
бойынша 
жүргізілгенін 
түсіндіре 
білу. 
Конструктивті сынға 
адекватты 
жауап 
қайтару және оны әрі 
қарай 
жұмыста 
назарға алу. Өзіндік 
танымдық 
іс-әрекетінің 
мақсатын қою және 
оны сақтау. Өзінің 
танымдық 
іс-
әрекетін 
оқу 
құралдарына сүйеніп
жоспарлау. Әртүрлі 
жағдайдағы 
өзінің 
мінез-құлқын 
жалпыадамзаттық 
нормаларға сәйкес 
реттеу және өзінің 
күн 
тәртібін 
жоспарлау. 
Әртүрлі объектілерді, 
құбылыстарды, 
фактілерді 
талдау, 
салыстыру, топтастыру; 
тапсырмаларды 
орындауда 
заңдылықтарды орнату 
және қолдану, себепті-
салдарлы 
байланыстарды орнату, 
логикалық 
ой
тұжырымдарын құру, 
аналогиялар 
жүргізу, 
жалпылама тәсілдерді 
қолдану және жаңа 
тәсілдерді, амалдарды 
меңгеру. Өз бетімен 
тұжырымдар 
жасау, 
ақпаратты қайта өңдеу, 
оны 
қайта 
құру, 
ақпаратты 
сызбалар, 
модельдер, 
кестелер, 
гистограммалар, 
хабарламалар түрінде 
ұсыну.
Оқулықтарда бағдарлану: 
аталған 
тарауды 
оқыту 
негізінде 
қалыптасатын 
біліктерді анықтау; өзінің 
білімсіздік 
шеңберін 
анықтау, өзінің мақсатты 
болжауына 
сүйеніп, 
тапсырмаларды таңдауды 
жүзеге асыру. Өз бетімен 
таныс емес материалды 
зерттеу үшін қажет болатын 
қосымша 
ақпаратты 
болжау. Әртүрлі көздерден 
алынған 
ақпаратты 
салыстыру және іріктеу 
(сөздіктер, 
энциклопедиялар, 
анықтамалықтар, 
электронды 
дисктер,
ғаламтор желісі). Мәтіннің 
күрделі жоспарын құру. 
Мазмұнды 
ықшамдалған, 
таңдамалы, 
кеңейтілген 
түрде, 
АКТ 
қолдану 
арқылы 
презентация 
түрінде көрсете білу. 
Сонымен бастауыш сынып оқушыларымен бірнеше бағыттар бойынша 
метапәндік біліктерді кешенді дамыту жүреді: коммуникативті (сөйлеуді ойлау 
құралы ретінде меңгеру және белсенді қолдану); когнитивті (біріктіру және 
өзара байыту: дайындық және орындаушы кезеңде салыстырмалы тәуелсіз 
интеллектуалды дамыту үдерісінде ойлаудың көрнекі-әрекеттің, көрнекі-
бейнелі және сөздік-логикалық түрлері). Міндетті шешудің дайындық кезеңінде 
оның жағдайларын талдау жүзеге асырылады және жоспар құрылады, ал 
орындаушылық кезеңде бұл жоспар практикалық түрде жүзеге асырылады. 
Содан кейін алынған жағдайлар мен проблемамен арақатынасы белгіленеді. 
Бұл айтылғандарға, сонымен бірге логикалық пайымдау дағдысы, ұғымдарды 
қолдану, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзінің мінез-құлқын реттеу 
дағдылары қосылатыны белгілі.
Бастауыш сынып оқушыларының жас физиологиялық және психологиялық 
ерекшеліктеріне сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген бағыттардың 
ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Е.Л. Головейдің пікірі бойынша кіші 
мектеп жасындағы кезең физиология тұрғысынан мидың белсенді даму кезеңі 
болып табылады. Бұл дерек балалардың жүйке-психикалық іс-әрекетін 
дамытудың биологиялық алғышарттарын қамтамасыз етеді. Осылайша, 


42 
сананың мінез-құлықты бақылауы күшейеді, бұл өз кезегінде психикалық 
үдерістердің дамуына әкеледі. Аталған жас кезеңінде бала өзінің ойлау үдерісін 
саналы ұғына бастайды және оларды басқаруға ұмтылады. Бұрын атап 
өтілгендей, аталған меңгерген тәсілдер реттеуші метапәндік біліктерді құрайды. 
Бұдан басқа, автор мидың дамуының өзінің қалыпты қызметінде аналитикалық-
синтетикалық қызметтерінің дамуына ықпал ететінін атап көрсетеді, бұл өз 
кезегінде когнитивті метапәндік біліктердің компоненті болып табылады 
[134]. 
Үш-төрт жылдағы ақыл-ой дамуының барысы айқын болады. Егер бұған 
дейін көрнекі-әрекеті және қарапайым бейнелі ойлау басым болса, ал 
логикалық пайымдаудың қоры жеткілікті жұтаң болса, онда мектепте оқыту 
кезеңінде бастауыш сынып оқушысы өзінің дамуында озық болады және 
сөздік-логикалық ойлау арқылы нақты ұғымдар деңгейінде әрекет етеді.
Л.С. Выготскийдің терминологиясына сілтеме жасай отырып, аталған жас 
кезеңінің басында операциялыққа дейінгі ойлаудың басымдылығымен және 
соңында ұғымдар негізінде операциялық ойлаудың басымдылығымен 
байланысты болатынын атауға болады [135]. 
Осыған байланысты Л.Ф. Обухованың еңбектеріне сүйене отырып, 
бастауыш сынып оқушыларының когнитивті метапәндік біліктерін дамытуда 
екі негізгі сатыны бөлуге болады. Бірінші сатыда (оқытудың 1-ші және 2-ші 
сыныптарына сәйкес келеді)
бастауыш сынып оқушыларысының ойлауы әлі де 
мектепке дейінгі жастағы баланың ойлауына көп жағдайда ұқсас болады. Оқу 
материалын қабылдау негізінен көрнекі-әрекеттің және көрнекі-бейнелі тәсіл 
арқылы жүреді. Аталған сатыда балалардың заттар мен құбылыстар туралы 
тұжырымдары олардың жекеленген сыртқы белгілерін талдаудан біржақты 
және үстірт құрылады. Көрнекілік ой қорытындысының алғышарттары болып 
табылады. Тұжырымдар логикалық операциялар негізінде емес, пайымдау мен 
қабылдаудың тікелей арақатынасы негізінде жасалады. Аталған сатыда 
жалпылау және ұғымдар заттардың сыртқы сипаттамаларына тікелей 
байланысты болады. Тек кеңістікте болатын қасиетттер тіркеледі. Жалпылау 
ретінде бала өз бетімен алынған білімге сәйкес мысалды келтіре алады [136]. 
Балалар ұғымдардың жекеленген белгілері арасындағы тектік-түрлік 
арақатынастарды тек 3-сыныпқа қарай меңгереді. Яғни, іс-әрекеттің
аналитикалық-синтетикалық типіне сәйкес келетін жіктеуді жүргізу білігі
қалыптасады. Бір мезгілде формальды-логикалық ойлау қалыптаса бастайды. 
Мұндай ойлау негізінде бала ақпаратты өңдеудің метапәндік біліктерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет