Жұмағазин Мінуар Бектайұлы «Ұлттық және халықаралық құқық»



Дата29.12.2023
өлшемі20,21 Kb.
#144881

Жұмағазин Мінуар Бектайұлы
«Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының студенті
«Тұран-Астана» университеті
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Ғылыми жетекшісі:
з.ғ.м., аға оқытушы Яғмусова А.Ф.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ЖАЗАНЫ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР


УГОЛОВНАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ И УЖЕСТОЧЕНИЕНАКАЗАНИЯ


CRIMINAL LIABILITY AND TOUCHING PUNISHMENTS


Аңдатпа: Бұл мақалада қылмыс жасаған субьектіге, оның іс-әрекетіндегі қылмысты және жазаны ауырлататын мән-жайлар қарастырылған.
Түйінді сөздер: Қылмыс, қылмыстық жауепкершілік, жаза, Кодекс, айыпталушы.
Аннотация: В данной статье рассматривается субъект, совершивший преступление, преступление в его действиях и обстоятельства, отягчающие наказание.
Ключевые слова: Преступления, уголовная ответственность, наказания, кодекс, обвиняемый.
Abstract: This article examines the subject who committed the crime, the crime in his actions and aggravating circumstances.
Keywords: Crime, criminal responsibility, punishment, Code, the accused

Қылмыстық жауапкершілік-Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген заңдарға қарама-қайшы іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін мемлекет тарапынан белгілі бір тұлғаға қарсы мәжбүрлеу шарасы. Жаза дегеніміз Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 39-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, жаза қоғамға қарсы әрекет жасағаны үшін айыпты деп танылған адамға қарсы қолданылады, және сол адам ды белгілі бір құқықтары мен бостандығынан айыру немесе шектеу болып табылады [1].


Демек қылмыстық жауапкершілік пен жаза белгілі бір тұлғаға немесе топқа байланысты тағайындалады.
Қылмыстық кодексте қылмысты және жазаны ауырлататын мән-жайлар қарастырылған. Яғни, ол айыпталушының жаза мерзімін ұзартуға әкеліп соғады. Қайталанып жасалған қылмыс, масаң күйде жасалған қылмыс, кәмелет жасына жетпеген жасөспірімдерге қарсы қылмыстар бұның бәріде қылмыстық жауапкершілікпен жазаны түрін ауырлатады. Толығырақ айтатын болсақ мына жағдайлар, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жағдайларға әкеп соғады. Әрбір қылмыс сараланған кезінде қылмысты ауырлататын мән-жайлар қарастырылады. Ол да қылмыс процессінің бір бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабы бойынша ауырлататын мән-жайлар болып мыналар табылады:
1) қылмыстың қайталануы[1]
2) қылмыс әрекеттері қоғамға ауыр зардаптар келтірсе[1]
3) қылмыстық топ, алдын-ала келісім арқылы жасалса[1]
4) егерде қылмыстық топты басқарса[1]
5) психикалық ауруы бар деп танылған адамды немесе кәмелет жасына жетпеген адамды теріс қылықтар жасауға тартса[1]
6) ұлттық, нәсілдік немесе діни қылмыстық құқық жасаса[1]
7) кек алу мақсатында[1]
8) басқада қылмыстарды жасыру мақсатында [1]
9) жүкті әйелдерге қарсы жәнеде оны біле тұра жасалған қылмыс[1]
10) қорлықпен немесе аса қатыгездікпен жасалған қылмыс[1]
11) төтенше жағдайда, митинг кезінде жасалған қылмыс болса[1]
12) лауазымды тұлға бола тұра жасалған қылмыс[1]
13) билік өкілетін теріс пайдаланған жағдайда [1]
14) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде жасалған қылмыс[1]
Яғни, қылмыстық кодекс бойынша осы көрсетілген тізімде жаза тағайындау кезінде судья ауырлататын мән-жағдай деп таниды. Осыған орай Қазақста Республикасының заңнамасы бойынша Қылмыстық кодекстің 58-бабы және 60-баптардың талаптарын бұлжытпай орындау жәнеде айқындалған және әділ жаза тағайындау маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Топтасып жасалған қылмыс
Топтасып жасалған қылмыс немесе алдын-ала сөз байласып жасалған қылмыс үшін неғұрлым қатал жаза қолданылады. Жәнеде топтасып жасалған қылмыста, қылмысқа қатысушыларды жеке-жеке жаза қарастырылады. Себебі қылмыс кезінде әрқайссы бөлек рөлдер атқаруы мүмкін. Мысалы: біреуі қылмысты басқарса, ал кейбіреуі қылмысты жасырып қалуы мүмкін. Сондықтан біз оларды жеке-жеке қарастырамыз. Қатысып жасалған қылмыс үшін Кодексте арнайы бап қарастырылған ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 57-бабында көрсетілген. Және ескере кететін жәйіт топтық жасаған қылмыста жаза тағайындау кезінде, әрбір топ мүшелерінің қылмысқа қатысу сипаты мен дәрежесі ескеріледі немесе келтіруі мүмкін зиянының негізі мен мөлшері ескеріледі. Ал қылмыс мақсаты алдыған қойған мақсат орындалды ма немесе орындалған жоқпа соған байланысты.
Жүкті әйелдерге қарсы қылмыс
Қылмыстық жауапкершілік пен жаза ауырланады егерде, қылмыс жүкті әйелдерге қарсы болған жағдайда. Жәнеде айыпталушының әйелдің жүкті екенін біле отыра, қасақана жасалған қылмысы. Себебі болашақ нәрестеге де айыпталушының салдарынан әсер тиюі мүмкін.Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-тармағының 3-тармақшасы бойынша айыпталушының адамның жүктілік жағдайы көрнеу белгілі әйелге қарсы жасалған іс-әрекет 6 жылға дейін бас бостандығын айыру мүмкін[1].
Басқа қылмыстары жасыру мақсатында жасалған қылмыс
Кінәлінің бір қылмысты жасап жәнеде сол қылмысты жасыру мақсатында басқада қылмыстар жасап қою мүмкін. Мысалы: зорлау әрекетінде, құқылы органдарға айтып қояр деп қорқып, адамды өлтіруі. Бұл жағдайда басқа қылмысты жасыру мақсатында істеген әрекеті, жазамен жауапкершілікті ауырлататын мән-жағдай деп танылады.
Қылмыстың қайталануы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 14-бабына сәйкес, егер кінәлі адам осыған дейін санаты ауыр қылмыс үшін сотталса, мерзімін өтеп болғаннан кейін тағы да ауыр қылмыс жасаса қылмыстың қайалануы деп танылады[1].
Әрбір жасаған нақты қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде сотта қылмыстың қоғамға қауіптілігің дәрежесін және жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталуы тиіс. Судьяның сотта басты ескеретін мән-жайы ол айыпталушының қылмысты қайталаса, егер де аса қатыгездікпен істесе, масаң күйде болса, және де адамдар тобы алдын ала сөз байланыса істелген қылмыс болса, сотта басты ескеріледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 57-бабы екінші бөлігінде айыпталушылардың біреуінің дара басына қатысты жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар тек сол айыпталушыға қарсы болса ғана ескеріледі.
Жалпы қылмыс болған жағдайда жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуы маңызды орын алады. Себебі, қылмысты ауырлататын мән-жайлар айыпталушыға қарсы, өзінің жасаған қылмысы үшін, яғни қоғамға қарсы аса ауыр әрекеті үшін әділ жаза шығарылады. Бұндай адамдар қоғамға өте қауіпті болып табылады. Сондықтан тиісті жазасын алуы керек. Яғни сот кезінде кінәліге жаза тағайындалудың қағидасын ескере отырып, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қарастырылуы керек. Жазаны ауырлататын мән-жайлар ұғымы қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан сот үкімін шығарар алдын барлық мән-жайды жайсыз қалдырмауы керек.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:


1.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №221.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет