Саяхаттап көрдік қыр, Қырға бардық, тердік гүл. Айқайлады балақай: – Алақай-ау, алақай! Жапырақты үземін, Гербарий ғып тіземін! Ол бұтаны бас салды, Міне, шатақ басталды. Қарып алды қалақай, Жылап қалды балақай...
Құс адаспайды
Құстарға көкте көше жоқ, Таңбалап қойған ұя жоқ. Бүгін де жоқ, кеше жоқ, Қиынға салар қия көп... Құстың бәрі ұшқыр-ақ, Адаспайды құс бірақ.
Екі бала таласты, Едірейе қарасты: – Жылқышы – Ол кісі, – Деді Арнұр. – Жылқышы – Көл құсы, – Деді Жаннұр. Кім жаңылып, бұрыс айтты? Екеуі де дұрыс айтты!
Үш түрлі өлең. Үлгілі өлең. Үш тақырыпты бейнелеп, үш идеяны жеткізген өлең. Үш түрлі тәсіл қолданған.
Жылқышы деген мамандық пен жылқышы деген құс бар екенін танытады. Демек, білім алады.
Ая мен Айдың бетінің тазалығын салыстыру арқылы оқырман бөбектерге тағылым беріп отыр.
Үшінші өлеңде таным тағылыммен ұштасқан. Жолға жан бітуі, тірі образға айналуы баланы еріксіз еліктіріп, жолмен бірге жүгіріп, қиналып, қуануын туғызған.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды...
Өнерлі екен он саусақ:
Қала салсақ, жол салсақ...
Жалқаулықтың неге апарарын түсіндіретін өлең — «Жалқаудың жауабы».
Ана есікті жаба салшы,
Ілгегін де сала салшы.
Жалқау əрең ыңыранды:
– Жел соқпай ма,
Сол жаппай ма?!
Үйдің ішін суық алды...
Жалқаудың əрекетсіздігінен үйдің іші суып кетті. Есік жабуға ерінбегенде бұндай жағдай болмаған болар еді.
М.Əлімбаев өз өлеңдерін, негізінен, мектеп жасына дейінгі балдырған мен бастауыш сынып оқушыларына арнап жазады. Мысалы, «Менің ойыншықтарым» өлеңнен үзінді келтіріп көрейік:
Ашытпайды көзіңді, Шомыла ғой, балақай!
Қарашы енді өзіңе: Аппақ болдың, алақай!
Түсті түймең үзіліп, Неге қадап алмайсың?
Тұр ғой əне ине-жіп,
Неге ұқыпты болмайсың?
Өлең жалғыз қуыршаққа ғана емес, ойыншық құлыншақ, бұлбұл, күшік, қоянға жеке-жеке арналады. Тақпақ танымдық, тəрбиелік маңызға ие. Бұл тұрғыда да халық өлеңімен үйлестігі айқын.