Дәріс 4 Демалыс аймағы мен тұратын жерлерде спорттық және бұқаралық денешынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет1/3
Дата06.12.2022
өлшемі17,53 Kb.
#55227
  1   2   3

Дәріс 4 - Демалыс аймағы мен тұратын жерлерде спорттық және бұқаралық денешынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру


Мақсаты Студенттерге демалыс аймағы мен тұратын жерлерде спорттық және бұқаралық денешынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруды үйрету.
Жоспары:
4.1 Халықпен денешынықтыру сауықтыру жұмыстарын басқару жүйесіндегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтері
4.2 Жергілікті жерлер бойынша денешынықтыру және спорт комитетінің ұйымдастыру негіздері
4.3 Қызығушылық бойынша денешынықтыру сауықтыру клубтарының құрамы мен ұйымдастырылуы
4.4 Мәдени-спорттық кешендер қызметінің құрамы мен ұйымдастырылуы
4.5 Мәдениет және демалыс саябағында көпшілік денешынықтыру және спорт жұмыстары
4.6 Қала сыртындағы демалыс аймағында бұқаралық денешынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру

Тұрғылықты жерде және халықтың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту:


1) спорттық клубтар мен секциялар жұмысын ұйымдастыруды;
2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;
3) дене шынықтыру-спорт ұйымдары­на жаппай демалатын орындарда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажетті үй-жайлар бөлуге және спорттық ғимараттар беруге жәрдемдесуді қамтиды.
Санаторий-курорт ұйымдарында, пансионаттарда, демалыс үйлерiнде, туристiк базаларда және қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерiнде жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткiзуге жағдайлар жасалады.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және:
1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы;
2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
4) дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты;
5) дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану;
6) дене шынықтырумен жаппай айналысуға, әуесқойлық және кәсiпқойлық спортқа тең құрмет көрсету;
7) халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктi спорттың басымдығы;
8) дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;
9) дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар мен басқа да объектiлердiң меншiк нысандары өзгерiп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн сақтау;
10) халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;
11) дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
12) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерiн дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Дене тәрбиесі жүйесі Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет