Жұмыр құрттар класы. Аскариданың құрылысы Буылтық құрттар. Нереида, жауын құртының құрылысы Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері



бет2/5
Дата15.02.2023
өлшемі295,5 Kb.
#68055
түріСабақ
1   2   3   4   5
Оқытудың техникалық құралдары: Микроскоптар, лупалар, қайшылар, пинцеттер, табақшалар, формалинде қатырылған аскаридалар, таблицалар, схемалар.
Жұмысты орындау тәртібі:
Систематикалық орнын білу :
Екі жақты симметриялы жануарлар тармағы -Bilaterata
Жұмыр құрттар типі-Nemathelminhes
Нағыз жұмыр құрттар класы-Nematoda
Сецерненттер класс тармағы-Secernentea
Аскаридалар отряды-Ascaridida
Өкілдері: Жылқы аскаридасы.
Адам аскаридасы-Ascaris lumbricoides
Аскариданың белгіленген және де оның аталықтары мен аналықтары бар сулы препараттарын қарау керек. Аналық аскариданы сойып, оның ішкі құрылысы мен танысу керек. Ол үшін түбінде балауызы бар табақшаға салынған құрт денесінің алдынғы және артқы ұштарын препараттау инелерінің көмегімен балауызға түйреу керек. Сосын иненің ұшын құрттың тері-ет қапшығына сұғып, иненің ұшы ішкі органдарды бүлдіріп алмайтындай етіп аса терең батырмай ұзына бойына тілу керек. Ішкі органдарды көру үшін, тілінген тері-ет қапшығын қарама -қарсы бағытта инелермен немесе ілгектермен түйреп ашу керек. Сонан соң, алғашқы дене қуысына, ішектеріне, жыныс органдарына, дене қабырғаларының құрылысына назар аударыңдар.Аскариданың көлденең кесіндісі бар препараттарды микроскоппен қарау керек. Аскариданың сыртқы көрінісін онда және ішкі органдардың жалпы орналасу суреттерін салыңыздар.
Аскариданың көлденең кесіндісінің препаратымен танысу
Кұрттың көлденең кесіндісі - дөнгелек пішінді келеді . Мүндай ерекшелік жалпы жүмыр құрттарга тән. Кесіндінің сыртында қалың кутикула, онын астында терінің эпителиальды қабаты-гиподерма орналасқан. Гиподерма ішке қарай бағытталған 4 төмпешік немесө 4 білік түзеді. Олардың арасында, гиподерманың астында бір қабат ұзын салалы бұлшық еттер жатыр.
Гиподерманың бүйір біліктерінде эәр шығару каналдары, арқа-бауыр біліктерінде нерв бағаналары орналасады.
Препараттың ортанғы бөліміндегі ішекті табыңыз. Оның қабырғалары ұзын цилиндр тәрізді эпителийден түзілген. Дене қуысында көптеген диаметрі әр түрлі дискілерді көруге болады - бұлар жыныс жүйелері. Олардан ең жіңішкелері. - жұмыртқа бездері. Жүмыртқа бездерінің ортасынан жүмыртқа клеткаларын көруге болады. Жұмыртқа өткізгіштерінің диаметрі едәуір үлкен болады және олардаң ішінде пісіп жетілмеген жүмыртқалар және конус тәрізді сперматозоидтар орналасады. Ең ірі дискілер - жатын кесінділері, онда қабыққа қоршалған, пісіп жетілген жүмыртқалар болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет