Жұмыр құрттар класы. Аскариданың құрылысы Буылтық құрттар. Нереида, жауын құртының құрылысы Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері



бет4/5
Дата15.02.2023
өлшемі295,5 Kb.
#68055
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
зерт5 зоо

Оқытудың техникалық құралдары: Микроскоп, микропрепарат «Буылтық құрттар», тірі жауын құрты, фиксацияланған нереид, құмқазар, сүлік, сызба-кестелер
Жұмысты орындау тәртібі:
Систематикалық орнын білу :
Екі жақты симметриялы жануарлар тармағы -Bilaterata
Буылтық құрттар типі- Annelida
Белдеуілер тип тармағы-Clitellata
Азқылтандылар класы -Oligochaeta
Люмбрикоморфа отряды - Lumbricomorpha
Өкілдері: Жауын құрты-Lumbricus terrestris
1. Ылғалды үлестірме препараттан нереидтің, құмқазардың дене пішінін, тұлға сегменттерін, параподия, желбезек, бас қалақша, тұлға жəне құйрық бөліктерін танып-білу, суретін салу.
2. Микропрепараттан микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы параподияның құрылысымен танысып, атқаратын қызметін анықтау. Нереидтің көлденең кесіндісінен тері-бұлшықет қабы, дене қуысы жəне ішкі мүшелердің орналасуын қарап, суретін салу.

3. Тірі жауын құртының қозғалысын жəне сыртқы тітіркендіргішке жауабын бақылау. Дене пішінін, реңін, бас, тұлға, құйрық бөлімдерін, арқа жəне бауыр бетін, қылтандарын, онық орналасуын, белдеушесін анықтау.


4. Жауын құртын сойып, ішкі мүшелер жүйесімен танысу, суретін салу.
5. Микропрепараттан микроскоппен жауын құртының көлденең кесіндісін қарап, тері-бұлшықет қабы, дене қуысы жəне ішкі мүшелердің орналасуын анықтап, салыстыру, суретін салу. Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу
6. Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.
Тапсырмалар:
1. Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек.
2. Тотальдық препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.
3. Кестені толтыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет