Жұмыс бағдарламасы 050506 Экономика мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде дайындалды және 5В050600 «Экономика»


Ауыл шаруашылық жерлерін экономикалық бағалау ерекшеліктері



бет22/79
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#20604
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы 050506 Экономика маманды ыны Мемлекеттік жал

3. Ауыл шаруашылық жерлерін экономикалық бағалау ерекшеліктері

Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі.

Жерді экономикалық бағалау негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:


  1. Есептесу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік материалдық қоры ретінде есептеледі.

  2. Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болу керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.

  3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталандырады.

Жер тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан да жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Сапалы жерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады.

Дифференциалдық рента бірдей еңбек жұмсап нашар жерді пайдаланумен салыстырғанда сондай мөлшердегі тәуір жерден қанша артық тиім алуға болатынын көрсетеді. Экономикалық бағалау негізгі дифференциалдық тиім болды. Халық шаруашылық зиян шамасы пайдаланудан шығарылған жерден алынатын өнім ен таза табыс шамасына емес, дифферециалдық табысқа ен нашар жер мен тәуір жерге жұмсалатын шығындардың айырмашылығына тең. Мұндай жағдайда жердің құндылығын шеткі шығын мен дербес шығынның айырмашылығымен есптелген жер рентасымен анықтайды.

Жердін экономикалық өнімділігі оның қоғамдық құндылығын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет