Тақырып 12. Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру
1. Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмінің түсінігі мен маңызы
2. Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу әдістері
3. Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу инструменттері
1. Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмінің түсінігі мен маңызы
Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмі дегеніміз – мемлекеттік шаруашылық субьектілерінен өздерінің қызмет бабында табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлемдер алу және алынған қаржыларды табиғатты қайта қалпына келтіру және табиғатты қорғау шараларына жұмсау әдістері мен тәсілдер жүйесі.
Табиғат пайдаланудың экономикалық механизмінің негізгі міндеті – бұл табиғат ресурстарын пайдаланудың шаруашылық процесін реттеу.
Табиғат пайдалануды экономикалық реттеудің негізгі 6 принциптері бар:
1. Төлем принципіне сәйкес адамның шаруашылық қызмет процесінде табиғат ресурстарын төлем төлеп пайдалану, тегін пайдаланған жағдайда табиғат ресурстарын шексіз пайдалану, кейін не болатыны жөнінде, оларды бұлдүру адамның сана сезімінде қалыптасуына мүмкіндік бермеу.
2. Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізделу принципі - қоғамның экологиялық және экономикалық көзқарасының сәйкес келуін, адамның дені сау салауатты өмір сүруге қоршаған ортаның қолайлы болуға құқығын қамтамасыз ету.
3. Экономикалық жауапкершілік принципі – қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына, олардың мүліктеріне зиян келтірген жағдайда табиғат пайдаланушылардың экономикалық құқықтарын бұзған жағдайда зиянды өтеу міндеттерін негіздеу болып табылады.
4. Кешенділік принципі – табиғат ресурстарын көп мақсатта пайдалануға, аз қалдықты және қалдықсыз технологияны дамытуға, шикізатты терең өңдеуге негізделген.
5. Шаруашылық есептеу принципі - әрбір кәсіпорында өндірісті экологизациялауды, оның тиімділігі мен пайда табуымен байланыстыруды талап етеді.
6. Экономикалық ынталандыру мен экономикалық санкциялар арасындағы балансты сақтау принципі – бұл жағымсыз және жағымды жақтарының табиғат пайдалануға әсер етуші балансын сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |