Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет32/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102
Байланысты:
szz kds kz

Клиникалық көрінісі. Шизофрения кез келген жаста дамуы мүмкін. Бірақ жиі жас кезде дамиды(20-23 жас). Және кейбір шизофренияның түрлерінің дамуына арнайы «оптимальды» уақыт болады. Мысалы, параноидты түрі 30 жастан жоғары кезде дамиды, ал неврозға ұқсас бұзылыстар, ойлау бұзылысы- жасөспірім мен жас кезде. Жиі преморбидті сипаттағы тұлғаның ерекшеліктері анықталады. Көбіне тұйықтық, физикалық белсенділігінің төмендігі, тәртіптілік, қиялға бейімділік, оңаша әрекеттерге көңіл бөлу (оқу, музыка тыңдау, коллекциялар жинау) жатады. Көп науқастар абстракты ойлауға жоғары қабілеттілікті көрсетеді, нақты ғылымды оңай меңгереді (физика, математика).
Аурудың алғаш пайда болғанын науқастың қалыпты өмір салтының өзгерісі көрсетеді. Ол өзінің бұрынғы сүйікті жұмыстарын ұмытады, туыстары мен достарына көз қарасын бірден өзгертеді. Бұрын тән болмаған қызығушылықтар пайда болады: философияға, дінге, этикаға, космологияға. Кейбір науқастар өзінің денсаулығына өте қатты мазаңдайды, ипохондриялықты көрсетеді, басқалары өздерін асоциальды ұстайды. Бұл процесс бұрынғы қоғамдық байланыстарының үзіліп, өршімелі аутизм дамуымен жүреді.
Манифестті кезеңнің белгілері көптеген клиникалық көріністерімен ерекшеленеді.
Ойлаудың бұзылысы шизофренияға ең тән белгі. Науқастар жиі басқарылмайтын ойлар легіне, ойлардың тоқтауына, «бітелуіне», параллельдігіне шағымданады. Осы құбылыстар науқасқа әңгімелесіп отырған адамды, оқығанды түсінуге кедергі болады. Жеке сөйлемдерден, сөздерден ерекше символды ойларды қағып алу, жаңа сөздерді шығару (неологизм) тән. Мәнсіз даналықпен айналысуға, ой толғауға (көп сөйлеу) бейімділік тән. Ауыр жағдайларда сөйлеу байланыссыздығы дамиды.Эмоционалдық бұзылыстар туыстарға бауыр басу мен жан ашу сезімдерін жоғалтумен басталады. Кейде ол туыстарды жек көрумен, қатыгез қатынаспен көрінеді. Уақыт өткен сайын сүйікті ісіне қызығушылық толығымен жойылады. Науқастар олақ болады, тіпті қарапайым тазалықты да сақтамайды. Науқастың міне-құлқы да айтарлықтай өзгереді. Тұйықтық ерте дамиды, туыстармен ғана емес, достарымен де байланыс үзіледі. Науқастар күтпеген қылықтарды жасайды, сөйлеу мәнері мен бетті қимылдату өзгереді. Бұлардың барлығы таныстарын таң қалдырады. Шизофренияға типті және әртүрлі сенестопатиялар тән. Сенестопатиялар ерсі, ерекше сипатта болады. Қабылдаудың бұзылысы есту галлюцинациясымен (жиі жалған галлюцинация) көрінеді. Бірақ кейде тактильді, иіс сезу, көру галлюцинациялары дамуы мүмкін. Аурудың типтік көрінісіне сандырақтың әртүрлі түрлері жатады- паранойялды, паранойдты, парафренді. Әсер ету сандырағы жиі псевдогаллюцинациямен бірге жүреді- Кандинский—Клерамбо синдромы. Қимыл-жігер бұзылыстары әртүрлі көріністермен жүреді. Ырықты қызметтің ең айқын бұзылысына кататоникалық синдром жатады, ол ступор мен қозумен көрінеді. Ступорлы жағдай кататоникалық қозу мен импульсивті қылықтармен үзілуі мүмкін. Кататоникалық синдром люцидті және онейроидты болып екіге бөлінеді. Люцидті кататония аурудың жағымсыз ағымын білдіреді және паранойдты шизофренияның соңғы кезеңдерінде жиі кездеседі. Онейроидты кататония аурудың жеделдігін көрсетеді және жиі реммисиямен аяқталады. Науқаста 1 сұраққа 2 пікір, 2 шешім болады (амбиваленттілік). Ол науқасқа дұрыс қимылдауға кедергі болады. Жиі ерік-жігері төмен болады (энергетикалық потенциалының редукциясы), ол әлсіздік, апатиямен аяқталады.
Параноидты түрі басқалардан жиі кездеседі. Аурудың кенет өзгеру белгілерімен қоса (аутизм, ойды құрастудың бұзылуы, эмоцияның төмендеуі мен орынсыздығы) осы түрдің клиникасының негізгі көрінісіне сандырақ жатады. Аурудың ағымы паранойялды, параноидты, парафренды синдромдар реттілігімен жүреді. Ауру жас және ересек кезеңде дамиды (25-40 жас). Эмоционалдық ақау көп жағдайда біртіндеп ұлғаяды және науқас туыстарымен байланысты ұзақ уақыт сақтайды. Көптеген науқастар ұзақ уақытқа еңбекке қабілеттілігін сақтайды, жанұясын сақтайды. Ауру ерте басталса сонша қатерлі ағымды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет