Іскерліктер: -оқу орынның материалды техникалық базасы туралы кәсіптік тәжірибеде толық ақпаратты жинау.
Дағдылар: -техника қауіпсіздік ережелерін қолдану және меңгеру;
-алынған ақпараттар есебін құру.
Негізгі жөндеу. Негізгі құрылғымен құрал. Жөндеу жұмысы барысындағы іріктеп жинау агрегат пен механизм.
Мамандықпен танысу. Колледждің материалдық - техникалық базасымен танысу. Колледждегі мамандықтар бойынша арнайы пәндер мен әлеуметтік серіктестік арасындағы байланысқа сараптама жүргізу. Кәсіптік тәжірибе өтетін оқу орының базасына саяхат жасау.
-кәсіптік тәжірбиенің базасымен және оқу орының материалды- техникалық базасы ақпаратын ажырата білу керек.
-жөндеу жұмыстарына арналған тексеру түрлерін;
-АКБ-ға қызмет көрсету;
-генератормен техникалық қызмет көрсету;
-стартерлерге техникалық қызмет көрсету;
-оталдыру жұйесіне техникалық қызмет көрсету;
-гайкалық кілттің түрі мен нұсқауын;
-жөндеу жұмысы үшін арнайы құрылғы. (пресса, вулканизаторлар, шино жұмысындағы, станоктар, диогностикалық стенттер)
Оқу шеберханаларында практикада алған кәсіптік білім дағдыларын бекіту. Жұмысшы мамандығы бойынша білкітілігін көтеру. Өндірістік жұмыстарға маман ретінде қатысу.
Өндірістік участкілері мен кәсіпорындарға техникалық қызмет көрсету, автотранспорттың классификациясының мәні.
2. КВАЛИФИКАЦИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Мамандығы:1201000 – АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ. Біліктілігі: 1201062 – Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик. Білуі тиіс: 1. Күрделі емес агрегаттардың, жабдықтардың құрлысын, қызметін және жұмыс істеу принципін;
2. Автокөліктердің электр жабдықтарын жинау, бөлшектерді, түйіндерді, агрегаттар мен жабдықтарды жөндеу ережесін;
3. Электр жабдықтардың агрегаттары мен жабдықтарын орнату, бөлшектеп-жинаудың негізгі ережелерін;
4. Жауапты реттеу және тартып бекіту жұмыстарын;
5. Электр жабдықтарында жиі кездесетін ақаулардың себебін, анықтау әдісін және оларды жөндеуді;
6. Электр жабдықтарын жөндеу кезіндегі материалдардың негізгі қасиеті мен қызметін;
7. Бөлшектерді термоөңдеудің қызметін;
8. Арнайы және әмбебап құрал – саймандардың, күрделі емес бақылап – өлшеу жабдықтарының құрлысын;
9. Өңделетін беттердің тегістік параметрін (өңделу сапасы), өлшемдері мен ауытқуларды;
10. Жұмыс орнының сапалы ұйымдастырылуын және еңбек ақы төлеу жүйесін;
11. Еңбек қауіпсіздік, техника қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және ішкі тәртіп ережелерін;
12. Өндірістік санитария және гигиена ережелерін;
13. Өндіріс және еңбек экономикасы негіздерін.