Кәсіптік тәжірибенің осы оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы №1080 қаулысы) және «Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ 24.04.2013 ж. №150 бұйрығы) негізінде және «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығы (238 қосымша) арналып құрастырылған.
Оқу пәнінің мақсаты; Кәсіби тәжірибеден өту кезінде білім алушылардың тәжірибелік білімдері жүзеге асады, кәсіби сипаттамаға сай білім алушылар бойында негізгі кәсіби дағды – біліктер қалыптасады, нақты мекемелер мен кәсіпорындарда үйретілген жұмыс негізінде олардың алған білімдері тереңдей түседі, кеңейеді, жүйеленеді, заманауи жабдықтарды іс жүзінде меңгереді, алғашқы кәсіби тәжірибелерін меңгереді. Кәсіби тәжірибе техникалық және кәсіптік білім жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес ұйымдастырылады және тәжірибе төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- Арнайы пәндер мен жалпы кәсіптік пәндерді тереңдетіп оқытуға бағытталған, білім алушылардың бойына өзі таңдаған мамандығы бойынша кәсіби құзіреттілікті қалыптастыратын өндірістік оқу. Олар оқу – өндіріс шеберханаларында, оқу мекемелерінде, оқу полигондарында және білім беру ұйымдарының басқа да көмекші нысандарында өткізіледі.
- Өндірістік тәжірибе (технологиялық, диплом алды).