Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығымен бекітілген 6М110300 -«Мейірбике ісі»


Бағдарлама Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет2/8
Дата29.08.2023
өлшемі131,69 Kb.
#105663
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
РП Доказательная-медицина-каз (1)

Бағдарлама



  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы: 1990 жылы Торонтодағы Мак Мастер университетінің канадалық ғалымдарымен "Evidence-based Medicine"немесе "дәлелге негізделген медицина" түсінігі ұсынылды.

Дәлелді медицина дегеніміз–медициналық тәжірибеге профилактикалық, диагностикалық, емдік іс – шараларының тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы шешім қабылданғаннан соң қолданылатын медицина саласы. Дәлелді медицинаның бір жақты түсініктемесі дегеніміз – медбике науқасты жүргізуге тек қана оның пайдасы сапалы зерттеулермен дәлелденген әдістерді қолданылуын айтады.
Медициналық көмекті көрсетумен байланысты тәжірибеде ғылыми мәліметтерді қолдану барлық пәндер үшін міндетті болып табылады. Ғылыми ашылулар емдеу мен күтімніңжетілдіру жолдарын, уақыт мен қаржылық құралдарды ең тиімді қолданудың әдістерін анықтайды. Күнделікті тәжірибелік жұмыста науқастың күтіміне және олардың отбасы мүшелеріне дәлелді медицинада негізделген дағдыларды қолдану қажет.
Дәлелді мейірбикелік практика – бұл науқастармен және олардың туыстарымен өзара әрекеттесу, іс – әрекеттерді жүзеге асыру және шешім қабылдау барысында ғылыми зерттеулер мәліметтері қолданылатын практика түрі.
Мейірбикенің тәжірибесімен қабат дәлелденген ғылыми жетістіктерді науқасқа және оның туыстарына, сонымен қатар тағы да басқа көмек күтушілерге қолданады.
Дәлелденген практика – клиникалық мәселелердің шешімінің ең жақсы әдісі болып табылады.
«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша магистрлерді дайындаудың негізгі мәселелерінің бірі мейірбикелік тәжірибе сұрақтары бойынша магистранттарды теориялық және практикалық дайындығының есебінен білімнің сапасын арттыру, магистранттардың әлемнің ғылыми көрінісін бүтіндей қабылдауды қамтамасыз ететінтерең және тұрақты білім меңгеру көзделген. Мейірбикелік практикадағы дәлелді медицина денсаулық сақтау саласында мейірбике ісіндегі негізгі басқару принциптері бойынша білім қалыптастырады.

  1. Оқытудың мақсаты: магистранттарда «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша тұрақты білімді, іскерлік пен машықтарды қалыптастыру және бекіту, бейіндік пәндерді меңгеруге даярлау.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет