3 Оқу бағдарламасы құрылымындағы іс-тәжірибенің орны «6В07304 – Кадастр» білім беру бағдарламасының оқу жоспарындағы 1 курс студенттері үшін оқу іс-тәжірибе ҚР БжҒМ 2016 жылы бекіткен типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Оқытудың қосымша түрлері» деген тарауындағы «Кәсиби практика» деген тарау бөлігіне жатады.
4 Іс-тәжірибе өткізу орны Оқу геодезиялық тәжірибе әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арнайы алаңында өткізіледі.
5 Іс-тәжірибе базасы «6В07304 – Кадастр» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері оқу геодезиялық іс-тәжірибені әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы базасында өткізіледі. Дала оқу геодезиялық іс-тәжірибе өткізу үшін кафедра қазіргі геодезиялық құрал-саймандармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыздандырылған.
6 Тәжірибе өту нәтижесінде қалыптасатын құзыреттері. 6.1. Қызметтік - жергілікті жерде геодезиялық түсіріс жүргізу үшін қазіргі геодезиялық құрал-саймандар туралы білімін пайдалану қабілеттілігі;
- ара қашықтықты өлшеу үшін қазіргі оптикалық теодолит-тахеометрлерді, нивелирлерді, қашықтықты өлшейтін құралдарды пайдалану ерекшеліктерін көрсете білу;
- теодолиттік және тахеометрлік түсірістер, сонымен бірге нивелирлеу жұмыстарын жүргізу барысында дала журналдарын жүргізу туралы білімін пайдалану қабілеттілігі;
- теодолиттік, тахеометрлік түсіріс және техникалық нивелирлеу барысында дала жағдайында алғашқы есептеу жұмыстарын жүргізу және абристі құрастыру қабілеттілігі.
6.2. Жүйелі – ұжым құрамында немесе жеке топографиялық план, сонымен қатар геодезиялық түсірістің нәтижелерін камеральдық өңдеу үшін қажетті құжаттарды жасап білу қабілеттілігі, топографиялық пландардың сәйкес болатын нұсқаулардың (инструкция) және басқа да нормативті құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылау;
– жерге орналастыруда геодезиялық жұмыстар жүргізу барысында геодезиялық түсірістердің қазіргі әр түрлі әдістер мен тәсілдері туралы білімін пайдаланып білу қабілеттілігі.