8 Тәжірибе өткізетін жетекшінің құқықтары мен міндеттері.
Іс-тәжірибе жетекшінің міндеттері:
университет тарапынан жетекшісімен тығыз байланыста бекітілген студенттердің тәжірибесін ұйымдастыру;
кафедра тарапынан жетекшісімен бірге тәжірибе өткізудің бағдарламасы мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастыру;
кафедраның шақыру бойынша тәжірибе алдын өткізілетін ұйымдастыру жиналысына қатысу;
практиканттардың өндірістік жұмысын қадағалау, тапсырмыларды орындауда әдістемелік кеңес беру;
студенттердің күнделігін жүргізуді және есептерін дайындауды бақылау;
бағыттар бойынша құжаттарды, стажер-практиканттардың бағалау картасын толтыру, тәжірибе өту нәтижесі бойынша пікір беру.
Техника қауіпсіздігінің негізгі талаптары:
ауа райына байланысты дала жағдайында жұмыс жүргізуге арналған киімдер мен бас киім және аяқ киімдерді пайдалану;
бекітілген күн тәртібін орындау;
құрал-жабдықтарын жол бойында тастап кетуге тыйым салынады;
қазықтарды тастап кетуге тыйым салынады;
түсіріс телісінде геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында темекі шегуге тағы басқа да тәртіп бұзышылыққа тыйым салынады;
геодезиялық полигон аумағында қоқыс тастауға, ластауға т.с.с. әрекеттерге тыйым салынады;
Дала жұмыстарын жүргізуде техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары:
Эпилепсия, бас және жүрек ауруы бар студенттер дала жұмыстарына жіберілмейді.
Темір, автомобиль жолдарының маңында жұмыс жүргізуге тыйым салынады;
Тау алды және сайларда (жыраларда) тік беткейлерінде жұмыс жасауға тыйым салынады;
Дала жағдайында жұмыс жүргізу барысында студенттер жеке гигиенаны сақтау міндетті.
Техника қауіпсіздігін өтпеген студенттер іс-тәжірибеге жіберілмейді.
Геодезиялық аспаптармен және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау қағидалары.
Геодезиялық құрал-жабдықтар бағасы аса қымбат болып келеді, сондықтан оларды сақталуы студенттердің, бригадирдің және жетекшінің міндеті болып табылады. Геодезялық құрал-саймандарды пайдалануда студент мынадай жалпы қағидаларды сақатау қажет:
штативті бірқалыпты орнату керек, штативтің бекіту винттерін және аспапты штативке бекітін винт жай бұралады, егер қатты бұрағанда винттердің бұрандасы бұзылу мүмкін;
аспапты штативке бекіткенде оны бір қолымен ұстап тұру керек;
геодезиялық құрал-саймандарды қараусыз қалдыруға тыйым салынады;
бір нүктеден келесі нүктеге ауысқан жағдайда аспап штативпен бірге, винттері жақсы бекітіліп бақылаушының иінде еңкейген түрінде көшіріледі;
аспап сыртқы қорша,ан ортаның жағымсыз ықпалынан топографиялық шатырмен қорғалу қажет (күн сәулесінен, жаңбырдан, шаңнан, қардан т.с.с.), мұндай шатыр болмаған жағдайда футлярмен немесе тысқабымен (чехол) қорғалады;
аспаптың қозғалмалы бөліктерін айналдыру үшін алдын ала бекіту винттері босатылу керек;
аспаптың қозғалмалы бөліктерін бекітуде бекітетін винттерін қатты қысып бұрауға болмайды;
нысаналайтын винттерді пайдаланғанда соғына дейін жай күшпен бұрай керек, егер винт бұраудың соңына дейін бұралса, онда винтті орта жағдайына келтіру керек;
түзету винттерін пайдалану барысында олардың бұралу бағыттарын анықтып, юстировканы, яғни түзетуді жай күшпен бұрау керек;
аспаптың оптикасын аса мұқиятпен бақылау қажет, механикалық заөымдалуынан сақтау керек, оптиканың беті жұмсақ фланельдік матамен сүртуге болады;
аспапты футлярға салғанда аспаптың паспортына көрсетілгендей салу реттілігін сақтау керек;
нивелирлік рейкаларлы вертикальдық жағдайда сақтау керек;
өлшеуіш-лентаны немесе рулетканы пайдалануда лентаның немесе рулетканың өзін (полотно) ұстауға болмайды, оның тұтқасынан ұстау керек.