Продуценттер - органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.
Редуценттер - органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).
Рекультивация - бүзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.
Сапрофагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).
Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.
Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
Терратогендер - организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.
Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі.
Урбанизация - қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы, ауыл тұрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы.
Фенотип - организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
Фитопланктон - суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.