Жұмыс бағдарламасы «Биоиндикация»



бет15/68
Дата28.03.2022
өлшемі0,6 Mb.
#28986
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
«ЗЕРТТЕУДІҢ БИОИНДИКАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ» (2)

Экологиялың жүйе - бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.

Эрозия - топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен шайылып, не желмен ұшып бүзылуы.

Экологиялық сараптама - адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.

Экоцид - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.

Эпизоотия - жануарлар арасында аурудың таралуы.

Этология - жануарлардың мінез - қылықтарының биологиялық негізі жөніндегі ғылым.

Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар, жуғыш заттар, мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот, фосфор, күкірт, т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде фитопланктон (әсіресе, көкжасыл балдырлар) биомассасының күрт өсіп, олардың оттегін белсенді сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.

Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобальды экологиялық апат.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет