Жұмыс бағдарламасы «Биоиндикация»


Дәріс №22 Қоршаған ортаның биондикация бойынша антропогенді әсерден ластануының халықаралық бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі принциптері



бет40/68
Дата28.03.2022
өлшемі0,6 Mb.
#28986
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
«ЗЕРТТЕУДІҢ БИОИНДИКАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ» (2)

Дәріс №22 Қоршаған ортаның биондикация бойынша антропогенді әсерден ластануының халықаралық бағдарламасы. Бағдарламаның негізгі принциптері.

Биоиндикатор - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар-жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтастай биоталық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикатор бірқатар пайдалы қазбаларды іздегенде, топырақ пен табиғи суларды және тағы да басқалары бағалауда қолданылады

Көмірқышқыл газы ауаға барлық өмір сүретін заттардан шығатын газ. Сонымен қатар бұл газдың көптеген мөлшері ауаға цемент өндірісінде, жанармай жанғанда, өрт кезінде бөлінеді. Адамның өмір сүру нәтижесінде атмосферада көмірқышқыл газы жоғары болып климаттың жылынуына әкеп соғады. Көмірқышқыл газының атмосферадағы қалыпты мөлшері 0,03-0,4% құрайды. Көміртегі оксиді тірі организмдерге токсикологиялық әсерін тигізбейді. Бірақта көп мөлшерде шаршағандықты жоғарлатады. 5% концентрацияда дұрыс жұмыс істемеу, тұншығу байқалады.

Ауаның шаңдануы – маңызды экологиялық фактор.

Адам үшін шаңның экологиялық қауіпті олардың табиғаты мен ауадағы концентрациясына байланысты шаңды 2 топқа бөледі.


  1. Ұсақ дисперлі шаң. Ол жеңіл және қозғалатын бөліктерден тұрады. Өлшемдері бірнеше ондаған және жүздеген микрон. (1 микрон 103мм). Бұндай шаң ауада ұзақ болады. Ауамен тыныс алу кезінде организмге түсіп, жиналуы мүмкін.


  2. Ірі дисперлі шаң. Ауыр және аз қозғалатын бөліктерден тұрады. Мұндай шаң жел жоқ кезде ауадан тез түседі. (мысалы шкафтың үстінде жиналуы) шаңның жиналуы ауаның екінші ластануының көзі болып табылады. Шаңда органикалық заттар (өсімдік, жануар, антропогенді) және неорганикалық заттар (топырақ бөлігі, құрылыс материалдары, синтетикалық жуғыш заттар, әртүрлі химиялық заттар) бар.




Шаңның токсинді болып келетіні күрделі белокты молекулалары бар және қарапайым организмдер (өлі және тірі). Мысалы: өлі жәндіктерден шыбын, таракан, құмырсқа. Мұндай шаңдар дем алу және теріге тигенде аллергиялық ауру туғызады.

Жұмыстың мақсаты: Ауаның көмірқышқыл газының мөлшері және ауаның шаңмен ластануын бағалау.

Құралдар: Барометр, индикатор таяқшаларын алатын құрал, көмірқышқыл газын анықтайтын таяқша индикатор, полиэтиленді мешок, 3-5 л көлемді, насос – аспиратор, термометр.

Жұмыстын орындалуы: 

Индикатор таяқшаларын екі жағынан ашып насосқа ауа кіретін жағына кигізеді. Насоспен индикатор таяқшалары арқылы бөлмедегі ауаны (көше, парк) сорады. Индикатордың түсінің өзгеруі арқылы ауадағы көмірқышқыл газының мөлшерін бағалауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет