Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау



Дата23.11.2023
өлшемі18,49 Kb.
#125177

Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау
Жобалық шешімдер үймереттермен ғимараттарды тұрғызу процесінде жүзеге асырылады. Ал құрылыс өнімінің түнкі сапасы құрылыс-құрастыру жұмыстардын жоғары деңгейде жүргізу мен пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдармен құралымдардың сапасына байланысты.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, құрылыста қажетті сапа деңгейіне қол жеткізу құрылқа қатысушылардын барлығына:жоспарлау органдары, тапсырма берушілер, жобалаушы және құрастыру-құрылыс ұйымдары, жабдықтаушы зауыттар және бақылаушы органдарына тікелей байланысты кешенді проблема болып табылады. Сондықтан да өнімді жобалау, өндіріс және пайдалану кездерінде өнімнің белгіленген қажетті сапа деңгейін әрдайым қамтамасыз ету жүйелі бақылау арқылы жүзеге асырылады жәнежәне сапа деңгейіне әсер ететін жағдайлар мен факторлар (ГОСТ-15467-79) мақсаткерлікпен реттеліп отырылуға тиіс.
Құрылыстағы сапаны басқару жүйесін құрудін негізіне өнім сапасын мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесі алынады.Осы ережеге сәйкес сапаны басқару мемелекеттік, ведомстволық және өндірістік деңгейінде жүзеге асырылады. Құрылыстағы сапаны басқаруда мемелекеттік деңгейде құрылыс жөніндегі мемелекеттік департаменттер жүргізеді.
Сапаны басқаруды ведомстволық деңгейін құрылыс Министрліктері, территориялық бас басқармалар атқарады. Бұл деңгейдегі міндеттер мемелекеттік деңгейдегімен ұқсас, тек ведомство шеңберңмен шектеледі.
Сапаны басқарудың өндірістік деңгейі жобалау ұйымдарда, кәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарда (бірлестіктерде, фирмаларда, басқармаларда) ішкі өндірістік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік деңгей орындаушылық денгей болғандықтан оның негізгі міндетіне қолданылып жүрген мөлшерлер мен құжаттарға сәйкес сапаны қамтамасыз өту жөніндегі шаралар жүйесін жасау жатады. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасы әрбір өндірістік процестін орындалуына жүйелі бақылау жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру тұрғысынан сапаға бақылау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Жұмыс өндірісінің барлық кезеңдерінде ішкі бақылауды жүргізу құрылыс ұйымның әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің міндетіне жатады. Жұмыс өндірісіне жедел бақылау негізінен жұмыс басқарушыға, құрылыс шеберлеріне және бригадирге жүктеледі. Олар бақылауды үздіксіз және тұрақты түрде жүргізеді.


Еңбек шығындары калькуляциясы және мерзімдік жоспарын жасау.
Еңбек шығынының калькуляциясы орындалатын әрлеу жұмысын толық көлемдік жасалады, ол үшін әр әрлеу жұмыстарының көлемі ЕНиР-де көрсетілген уақыттар мөлшерге көбейтіледі. Есептелген нәтижелер кестеге жазылады. Содан соң адам-сағатен есептегенде әр жұмыстың нәтижесін 8,2 сағатқа тең жұмыс сменаның уақытша бөліп, оның еңбек сиымдылығын (адам-күнмен өлшенетін) анықтайды да, ашылған кестее жазып отырады.
Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспарын жасағанда әрлеу жұмыстарын орындау негізгі белгіленген технологиялық ретімен құрылысшылар кестене жазылады. Мұндай жағдайда дәрежелері бірдей құрылысшылар мамандырымен істелінетін біркелкі жұмыстар өзара толтырылады. Егер жобада әрлеу жұмыстарын бірнеше варианттары белгіленген болса (мысалы, еденді паркет әлден линолеум салғанда) графикте барлық варианттары жеке көрсетіледі.
Содан соң еңбек шығынының калькуляциясына және белгіленген жұмыс көлемінің кестесіне сүйене отырып мерзімдік жоспардың басқа графалары толтырылады.
Әрлеу жұмыстарын орындау жобасын (ӘЖОЖ) жасауға арналған бастапқы мәліметтер:

  • объектінің жұмысының сызбасы;

  • ЖӨӨ-дың құрамына кіретін құрылыстың бас жоспары;

  • жинақтау жұмысының мезгілдік жоспары;

  • құрылыс салынатын аудан.

  • Әрлеу жұмыстары жобасының түсініктемесінде олардың көлемі мен еңбек сиымдылығы есептеледі, әрлеу жұмысының әр түрлі орындайтын әдістер, негізгі және қосалқы машина-механизмдер құрамы, алымдардың өлшемі мен оның саны, бригада және звено құрамы, техника-экономикалық көрсеткіштер және қауіпсіздік сақтау шаралары көрсетіледі.

Жобаның графикалық бөлімінде үймереттердің алымдары және биіктік бөліктері (ярустары), көрсетілген планы мен қимасы, әрлеу жұмыстарының түрлері және орындау реті, механизмдердің және әр мамандарға арналған жұмыс орны көрсетілген құрылыстың бас жоспары, әрлеу жұмысының мерзімдік жоспары көрсетіледі.
Әрлеу жұмыстарының көлемін және еңбек сиымдылығын анықтау
Сылау, сырлау, қаптау жұмыстарының көлемі сәулеттік сызбалар бойынша есептеліп олардың өлшемдері текше метрмен, ал әйнектеу жұмыстарының көлемі әйнек салынатын көздердің сыртқы шеттік ұзындығы өлшеніп метрмен көрсетіледі.
Үймереттердің жалпы тұрғын, пайдалы аудандарын, пәтердегі бөлмелер санын, бөлмелерді әрдеу және үймереттің қасбетін сипаттамаларына және сәулеттік сызбаларды көрсеткіштеріне сүйене отырып үймереттердің толық жұмыс көлемдері есептелінеді. Әрлеу жұмыстарының әр түрлерәнәі есептелген көлемдері жазылып отырады.
Әрлеу жұмыстарының механикаландыру құралдарын таңдау
Әрлеу жұмыстарының мехникалық құралдары атқару жұмыстарыны байланысты төменгі ашылған пластарға бөлінеді: әрлеу ішкі заттардың орталықта дайындауға; материалдардың тасымалдауға; әрлеу жабылғыларын орнатуға; төсеніш құралдары; қосалқы жабдықтар.
Әрлеу жұмыстарының түрлеріне байланысты механикалық құралдар төмендегідей бөлінеді: сылау, сырлау, қаптау, әйнектеу және еден салу жұмыстарына арналған.
Тұрғын үй және өнеркәсіп құрылыстарына арналан объектілердің ішінде ең толық механикаландырылған жұмыстар сылау және сырлау жұмыстары болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет