Жұмыс бағдарламасы «Биоиндикация»



бет59/68
Дата28.03.2022
өлшемі0,6 Mb.
#28986
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Байланысты:
«ЗЕРТТЕУДІҢ БИОИНДИКАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ» (2)

Практикалық жұмыс №

Биомонитор және генотоксикалогия аумағындағы жаңа жетістіктері.

Сабақтың мақсаты: Биоиндикациялық әдіспен ауадағы шаңның құрамын анықтау.

Құралдар: Дистилденген су, азот қышқылының ерітіндісі, ауа шығынын өлшегіш, жиналған шаңды алатын күрекше, 8 рет үлкейтетін микроскоп, ауа соратын насос, пипетка, қағаз фильтрлері, шыны.

Жұмыстың орындалуы:

Шыныға бір тамшы су тамызып 15 минутқа қояды. Шыныдағы тамшының үстіне тағы шыны жауып, микроскоппен қарайды. Шаңның санын тамшыдағы санап, сапалық құрамын қарайды (түрі, құрылымы, орналасу ерекшеліктері)

Шаңның сапалық құрамын анықтау:

Күрекшемен жиналған санды алып шыныға салып үстінен шынымен жауып микроскоппен қарайды. Шаңның неден тұратынын (сыртқы түрін, формасын, көлемін, түсі) қарайды. Бұдан кейін жауып тұрған шыныны ашып қышқыл ерітіндісін тамызып микроскоппен қарайды. Қышқыл ерітіндісіндегі шаңның өзгерісін байқаныздар.

Көмір қышқыл газы ауағабарлық өмір сүретін заттардан шығатын газ.Сонымен өатар бұл газдың көптеген мөлшері ауаға цемент өндірісінде, жаңармай жанғанда, өрт кезінде бөлінеді. Адамның өмір сүру нәтижесінде атмосферада көмір қышқыл газы жоғары болып климаттың жылуына әкеп соғады. Көмірқышқыл газының атмосферадағы қалыпты мөлшері 0,03-0,04% құрайды. Көміртегі оксиді организмдерге токсикологиялық әсерін тигізбейді. Бірақта көп мөлшерде шаршағандықты жоғарлатады. 5% концентроцияда дұрыс жұмыс істемеу, тұншығу байқалады.

Ауаның шаңдануы- маңызжы экологиялық фактор. Адам үшін шаңның эколгиялық қауіпі олардың табиғаты мен ауадағы концентроциясына байланысты.

Шаңды 2 топқа бөледі.

1Ұсақ десперлі шаң.Ол жеңіл жане қозғалатын бөліктерден тұрады. Өлшемдері бірнешще ондаған және жүздеген микрон (1микрон 103мм) Бұндай шаң ауада ұзақ болады.Ауамен тыныс алу кезінде организмге түсіп, жиналуы мүмкін.

2.Ірі дисперлі шаң Ауыр және аз қозғалатын бөліктерден тұрады. Мұндай шаң ауадан жел жоқ кезде тез түседі.(мысалы шкафтың үстінде жиналуы) Шанның жиналуы ауаның екінші ластануының көзі болып табылады. Шаңда органикалық заттар (өсімдік, жануар, антропогенді) және неорганикалық заттар (топырақ бөлігі,құрылыс материялдары,синтетикалық жуғыш заттар,әр түрлі химиялық заттар)

Шаңның токсинді болып келетіні күрделі белокты молекулалары бар және қарапайым организмдер (өлі және тірі)Мысалы: өлі жандіктердең шыбын, тарақан,құмырысқа. Мұндай шаңдар дем алу және теріге тигенде аллергиялық ауру туғызады.

Жұмыстың мақсаты:Ауаның көмірқышқыл газының мөлшері және ауаның шаңмен ластануын бағалау.

Құралдар: Барометр, индикатор таяқшаларын ашатын құрал, көмірқышқыл газын анықтайтын таяқша индикатор, полиэтилонды мешок 3-5л көлемді,насос-аспиратор, термометр.

Жұмыстың орындалуы:

Индикатор таяқшаларын екі жағынан ашып насосқа ауа кіретін жағына кигізеді. Насоспен индикатор таяқшалары арқылы бөлмедегі ауаны (көше, парк) сорады. Индикатордың түсінің өзгеруі арқылы ауадағы көмірқышқылы газының мөлшерін бағалауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет