Жұмыс бағдарламасы электротехника негіздері пєні бойынша 5В071200-«Машина жасау» мамандықтарынң студенттеріне арналған



бет2/4
Дата01.06.2023
өлшемі199 Kb.
#97737
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Тақырыптың атауы


Сағаттар саны

Дәр

Тәж

Зерт

СӨЖ

1

Кіріспе

1

-

-

-

2

Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері


6

-

2

15

3

Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбектері


4

-

1

15

4

Айнымалы токтың үш фазалы тізбектері


5

-

1

10

5

Синусоидалы емес токтың электр тізбектері


3

-

1

15

6

Сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі үрдістер


3

-

1

10

7

Сызықты емес электр тізбектері

1

-

1

7

8

Магниттік тізбектер


2

-

0,5

8

9

Электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеу

5

-

-

10




пән бойынша БАРЛЫҒЫ:

30

-

7,5

90


Пәннің мазмұны

1 Кіріспе


Курс мазмұнының анықтамасы: тұрақты және синусоидалы токтың сызықты электр тізбектері; үш фазалы электр тізбектері, магниттік тізбектер; электр өлшеу аспаптары.


Электр энергиясы, оның ерекшеліктері: әр түрлі электр станцияларында орталықтандырылған және үнемді түрде алу мүмкіндігі; электр берілісі желілерінің көмегімен тұтынушыға үлкен ара қашықтықтарға қарапайым берілістер; энергияның басқа түрлеріне түрлендіру мүмкіндігі.
Электр техникасының ғылым ретінде даму тарихы: У. Гильберттің «Магнит, магниттік денелер және үлкен магнит – Жер туралы (16 ғ.)» трактаты; Б. Франклин әзірлеген, электрлік құбылыстар теориясы; Кулон, Ом, Кирхгоф заңдары (18 ғ.); Эрстедтің ашқан жаңалығы; Дж. Максвеллдің жұмыстары; заттың электрондық теориясының негіздері (19-20 ғ.); техникада электрлік және магниттік құбылыстарды кеңінен пайдалану (П.Л. шиллинг, С. Морзе, П.П. Яблочков, Б.С. Якоби, М.О. Доливо-Добровольский, А.С. Попов).


2 Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері
Тұрақты токты қолдану облысы. Электр тізбегінің құрылымы. Электр тізбегінің элементтері. Стандарттық графикалық белгілеулер. Қосылыстар түрлері. ЭҚК, токтар мен кернеулердің шартты оң бағыттары.
ЭҚК-нің бір көзі бар тұрақты ток тізбегінің электрлік күйін талдау. Ом заңы. Энергетикалық баланс. Кирхкоф заңдары. Потенциал диаграмманы салу. Қабылдағыштары тізбекті, параллель және аралас жалғанған тізбектер. ЭҚК-нің бірнеше көздері бар тұрақты ток тізбегінің электрлік күйін талдау.
Кирхгоф заңдары. Электр тізбегін есептеу үшін оларды тікелей қолдану. Контурлық токтар әдісі. Екі торап әдісі.


3 Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбектері
Синусоидалы ЭҚК, кернеулер, токтар. Синусоидалы ЭҚК генерациялау. Синусоидалы шамалардың негізгі параметрлері. Синусоидалы ЭҚК, кернеулердің, токтардың қолданылып жүрген мәндері.
Синусоидалы токтың электр тізбегінің элементтері: резистивтік элемент, идеал индуктивті орауыш, идеал конденсатор, нақты индуктивті орауыш.
Резисторды, индуктивтілік пен сыйымдылықты тізбекті қосу.
Қабылдағыштары параллель қосылған синусоидалы токтың электр тізбектері. Кешенді түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары.


4 Айнымалы токтың үш фазалы тізбектері
Негізгі ұғымдар. Эқк үш фазалы симметриялы жүйесін алу. ЭҚК үш фазалы симметриялы жүйесін бейнелеу тәсілдері. Қоректендірудің үш фазалы көзінің фазаларын қосу тәсілдері. Шартты оң бағыттар және фазалық және сызықтық кернеулердің шамалары.


5 Синусоидалы емес токтың электр тізбектері
Электр тізбектерінде периодты синусоидалы емес токтардың пайда болу себептері. Синусоидалы емес ЭҚК, кернеулер мен токтар. Периодты синусоидлалы емес функциялардың гармониялық құраушыларға ыдырауы. Периодты синусоидалы емес ЭҚК, кернеулер мен токтардың максимум, қолданылып жүрген және орташа мәндері. Амплитудалы-жиіліктік спектрлер. Синусоидалы емес тізбектің қуаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет