4. Сабақтың мақсаты: Балалар сүйек жарақаттарын, күюді, балалар бас-ми жарақаттарын интерндерге диагностикалауды, клиникалық көріністерін тануды және уақтылы емдеуді үйреті.
Дәрігер - интерн білуге тиіс:
балалар түтікті сүйектерінің жарақаттарын диагностикалауды;
аяқ-қол сүйектерінің сынуларының жіктелуін;
сүйектердің сынуларының ерекшеліктерін;
консервативті және оперативті емнің түрлерін;
жарақаттың алдын-алу шараларын;
күюдің жіктелуін, патогенетикалық түрлерін;
бас-ми жарақаттарының жіктелуін;
бас-ми жарақатарыдағы алғашқы медициналық көмек.
Дәрігер - интерн істей білуі тиіс:
бағытпен анамнез жинау;
қол-аяқтар сынықтарын диагностикалау;
термиялық зақымданулары бар науқастарға ауру тарихын толтыру;
жарақаттанған сүйектерге таңу салуды;
сынықтарға жабық репозиция жасауды;
транспорттық иммобилизация қоюды;
жоспар жасап сынықтарға ем жүргізуді;
новокаинды блокадалар жасауды;
күйік жарасына алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізуді;
күйік жарасына дәрежесіне байланысты ем тағайындау;
күйік жарасы бар науқастарға инфузионды ем тағайындау;