Жұмыс бағдарламасы «Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергияны үнемдеу»


Энергия үнемдеу саласындағы саясат



бет35/57
Дата04.02.2022
өлшемі451,94 Kb.
#24853
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы «Жылуэнергетикада ж не жылутехнологияда энерг

Энергия үнемдеу саласындағы саясат – энергия үнемдеусаласындағы құқықты, ұйымдарды және финастық-қаражатты реттеу қызметі. Сонымен қатар, басқа да түсініктер бар: отын-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану – осы уақыттағы техника мен технологияның даму деңгейі бойынша жоғарынәтижелі, техника жағынан мүмкіндігі мол, отын-энергетикалық ресурстарын үнемді пайдаланатын және технологияның қоршаған ортаға әсерін бір уақытта азайтатын іс-шара. Отын-энергетикалық ресурстарын үнемді пайдаланудың көрсеткіштері – кез келген өнімге, жұмысқа немесе қызметтерге арналған отын мен энергияның салыстырмалы шығынын белгілі мөлшерге регламенттау (белгілі тәртіпке келтіру). Энергия үнемдеу объектілері – отын-энергетикалық ресурстар мен жылу және электр энергияларының барлық түрлерін шығаратын, өңдейтін, бір жерден екінші жерге таситын, сақтайтын және қолданылатын процестер.

Энергияны үнемдеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қабылданады. Ол негізгі заңнан, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерінен тұрады.

Осы заңның 3-ші бөлімінде энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері айтылған.

Оларға мыналар жатады:



  • отын-энергетикалық ресурстарын, оларды шығару көлемінің өсімі бойынша тиімді пайдалануды арттыру және электр энергияларын өндіруді арттыру приоритеті;

  • адамның денсаулығын сақтау және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету, отын-энергетикалық ресурстармен энергияны шығару, өндіру, өңдеу, бір жерден екінші жерге тасу және қолдану кездерінде қоршаған ортаны қорғау приориттері;

  • энергия үнемдеу саласындағы емлкеттік реттеулерді жүзеге асыру;

  • энергияны үнемдеуге деген қолдаулар қажеттілігі, жаңартылатын энергия көзін қолдану шаралары;

  • өндірілген және шығарылған отын-энергетикалық ресурстарын дұрыс есептеу міндеттері;

  • отынэнергетикалық ресурстарды өндірушілер мен тұтынушылардың қызығушылығын байланыстыру;

  • энергия үнемдеудегі жүйелік келісім;

  • энергия үнемдеу саласындағы ақпараттарды, білімдерді және ғылыми-зерттеу қызметтерін жүзеге асыру.

Осы заңның 4-ші бөлімінде энергияны үнемдеудің негізгі бағыттары көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

  • ұлттық экономиканың интенсивті дамуына арналған энергияны өндіру мен тұтынуды тұрақтандыру;

  • энергияны өндіру мен тұтыну режимдерінің қолайлылығы;

  • жұмыс істеп тұрған және реттелген объекттің, технологияның және құралдардың энергия үнемдеу өнімдеріне тәжірибе жүргізу;

  • жаңартылатын энергия көздерін дамыту;

  • екінші энергетикалық ресурстар мен қалдықтарды пайдалану;

  • тиімді энергия шығаруға байланысты озық технологиялардың, техникалардың, өнімдердің жоспарларын жүзеге асыру;

  • ғылыми зерттеулер мен энергияны үнемдеу облысындағы жаңа басқару құралдарын енгізу;

  • отын-энергетикалық ресурстарды шығару, өңдеу, бір жерден екінші жерге тасу, сақтау және тұтыну кездерінде шығынды азайту;

  • энергоресурстардың үнемделуін қамтамасыз ететін, жаңа құрылыс нормалары мен тәртібін енгізу.

Заңның 2-ші тарауында энергия үнемдеуді мемлкеттік реттеу туралы айтылған. Энергия үнемдеу жүесінің ұйымдары және энергоресурсты есептеу тәртібі мен бақылау тәртібі қарастырылады.

Заңның 12-ші бөлімі энергия үнемдеуді зерттеуге арналған.

Энергия үнемдеуді зерттеу энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану бағалары мен тұрғындардың отын-энергетикалық ресурстарды қамтамасыз етуге кеткен шығындарын төмендету мақсатында жүргізіледі.

Энергияны үнемдеу зерттеулеріне жататындар:



  • өндіріс күштерін дамыту және тарату схемаларының жоспарлары, халықшаруашылық саласын дамыту жоспарлары, энергия үнемдеудің аудандық схемамасы, энергия үнемдеуге байланысты техникалық документтер;

  • техникалық-экономикалық дәлелдемелер, жаңа құрылыстар және негізгі объектілер мен жылына 500 тонна және одан көп отын-энергетикалық ресуртарды тұтынатын өндіріс орындарын үлкейту (қайта құру, техникалық қайта жабдықтау, модернизация) проектілері.

Энергияны үнемдеу зерттеулері Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатымен жүзеге асады.

Заңның келесі тарауларында экономикалық механизмдер қарастырылады және энергия үнемдеуді реттеу жағдайлары анықталған. Жаңартылатын энергетикалық ресурстарды қолдану сұрақтары және де энергия үнемдеу саласындағы ғылыми зерттеулермен, ақпараттармен қамтамасыз ету жағдайлары және энергия үнемдеу саласындағы халықаралық қатынастар туралы айтылған.

Энергияны үнемдеуге байланысты нормативті құқықты база әрдайым кеңейіп, жүзеге асып отырмақ.
Өздік бақылау сұрақтары

1. Қазақстан Республикасының бағдарламасы қандай?.

2. Энергия үнемдеу саласындағы саясат туралы не білесің?

3. Энергияны үнемдеу зерттеулері қандай?.

4. "Энергия үнемдеу туралы" заңы туралы айтып бер.
Қолданылған оқулықтар

1. В.М. Фокин «Основы энергосбережения и энергоаудита» М.: «Изда-

тельство Машиностроение-1», 2006. -б 256.

2. Ю.В. Копытов «Экономия энергии в промышленности: Справочное пособие для инженерно-технических работников» -М.: Энергоатомиздат, 1983. –б 208.

3. О.Л. Данилова «Энергносбережение в теплоэнергетике и теплотехнологиях» -М., «МЭИ», -б. 188.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет