Дәріс 3
(1 сағат)
Тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы.
Дәріс сабақтың мазмұны
1. Қазақстан Республикасының бағдарламасы.
2. Энергия үнемдеу саласындағы саясат
3. Энергияны үнемдеу зерттеулері.
4. "Энергия үнемдеу туралы" заңы.
1996 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Үкіметі энергетика мен көмір өнеркәсібі және экономика Министрлігінің еліміздегі энергия үнемдеу бағдарламасын және оның алдын ала өткізілетін іс-шараларын ұйымдастыру жоспарын қолдады. Мемлекет саясатымен жүргізілген энергия үнемдеу іс-шарасының негізгі мақсаты - өнім бірлігіндегі энерготасығыштардың барлық түрінің салыстырмалы шығынын және оған көрсетілетін жұмыс күшін азайту.
Кесте - 3. 2000 жылы аналогты түрде өндірілген өнімге арналған АҚШ пен Қазақстандағы энергоресурстың салыстырмалы шығыны.
Өндіріс орны
|
1 т. өнімге арналған энергоресурс шығыны, т.у.т.
|
Мың доллар өнімге арналған энергия шығыны, т.у.т./мың дол.
|
АҚШ
|
Қазақстан
|
АҚШ
|
Қазақстан
|
Мыс рудасын шығару
|
0,87
|
1,62
|
3883,8
|
11875,5
|
Қорғасын мен мырыш рудаларын шығару
|
0,13
|
0,64
|
491,7
|
2754,0
|
Мысты балқыту
|
0,49
|
0,99
|
491,7
|
2754,0
|
Мысты электролиздеу
|
0,036
|
0,073
|
300,0
|
600,0
|
Мырышты электролиздеу
|
|
0,97
|
3050,0
|
3115,0
|
Көмірді ашық әдіспен алу
|
0,007
|
0,0014
|
11,2
|
12,1
|
Көмірді жер астынан қазып алу
|
0,004
|
0,004
|
22,4
|
34,3
|
Сары фосфор өндіру
|
6,189
|
8,912
|
12843,0
|
17350,0
|
Қара металдың прокаты
|
|
|
123,0
|
190,0
|
Болат
|
|
|
125,0
|
650,0
|
Шойын
|
|
|
240,0
|
670,0
|
Кесте-4. 2000 жылы соңғы энергия түрі бойынша ВВП энергия сыйымдылығы
Энергия түрлері
|
Абсолютті, ГДЖ/мың доллар
|
Әлем
|
Европа
|
Қазақстан
|
Электрлік
|
1,42
|
1,47
|
3,6
|
Жылулық
|
4,51
|
3,29
|
12,57
|
Механикалық
|
0,51
|
0,48
|
1,08
|
Химиялық
|
0,33
|
0,44
|
0,703
|
Барлығы
|
6,77
|
5,68
|
17,95
|
Қоршаған ортадағы зиянды қалдықтарды ешқандай шығынсыз жоятын құрылғылардың жабдықталуына арналған, энергия өндіретін және энергия тұтынатын технологиялардың кері әсері жойылады деп болжанып отыр. Энергия өндірісін жаңартуға және кеңейтуге қажетті инвестициялық ресурстардың біраз бөлігі шығарылуда. Осы энергоресурстарды шығару есебінде энергия шығаратын және энергия өңдейтін салалардың экспортты потенциалдары өседі.
Басқа да эффектілер бұл жерде артық болмайды. Сонымен қатар өндіріс шығындары мен тұрғындардың энергия тасымалдағыштарға берілетін шығындары белгілі бір деңгеймен шектеледі. Энергия тасығыштардың бағасының көтерілуінен финанс жағдай мен инфляция эффектісін төмендететін болсақ, соның әсерінен ұлттық қордағы жаңармайтын отын ресурстарын пайдалану мерзімі ұзарады және де үнемдеу құрылғысын өндіру арқасында өнеркәсіптің технологиялық деңгейі артады. Көздеген мақсаттарға жетуге арналған іс-шараларды жүзеге асыру; ұйымдық басқару схемасын әр түрлі деңгейде ұсыну; энергия үнемдеу мен финанс қаражатының экономикалық стимулдарын; ғылыми-техникалық, технологиялық іс-шараларын жүзеге асыруға көптеген қолдаулар болып жатыр.
Қазақстан Республикасының "Энергия үнемдеу туралы" заңы 1997 жылы 25 желтоқсанда қабылданған. Осы заң Қазақстан Республикасының отын-энергтикалық ресурстарынтиімді пайдалануға арналған экономикалық және ұйымдық жағдайларды құру мақсатындағы энергия үнемдеу саласының қоғамдық қатынастарын реттейді.
Заң алты тараудан тұрады. "Негізгі жағдай" деп аталатын бірінші тарауы 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде заңдағы негізгі түсініктемелер туралы айтылған. Осы бөлімнің жартысына жуығы МИРЭС-тің энергия үнемдеу туралы болжамдарымен сәйкес келеді. Сонымен, заңға сйкес энергия үнемдеу дегеніміз – отын-энергетикалық ресурстарын үнемдеп қолдануға бағытталған іс немесе қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: |