Пәннің мақсаты: адамдардың өмір іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.
Бұл курсты оқу студенттерге төмендегідей мүмкіндік береді:
тәрбие мен окытудың ғылыми негіздерін, педагогиканың негізгі категорияларын, оның құрылымын, мектептегі оқу-тәрбие процесін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму тенденцияларын меңгеруге;
өзіндік педагогикалық көзқарасты қалыптастыруға;
болашақ маман араласатын шын педагогикалық іс-әрекетті одан әрі жетілдіру және өздігінен білім алу үшін негіз жасауга.
Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негізде жасалган жүйелерімен таныстыру олардың білім беру процесінің мүмкіндіктері женінде ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас процесс ретінде құрудың қажеттігін көре білуді қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие және оқытудың субъекті ретінде түсінуге көмектеседі.
Пәннің міндеттері: