Жұмыс бағдарламасы Ұйым стандарты пму ұС


-такырып. Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары



бет7/11
Дата15.11.2023
өлшемі269,5 Kb.
#123437
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
19-такырып. Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары
Оқыту әдістері - дидактика категорияларының бірі. Оқыту әдістері, тәсілдері және кұралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы. Оқыту әдістерін топтап бөлу (классификациялау) және оларға сипаттама. Оқыту кұралдарының өзара байланысы. Әдістердің оқытудын мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі. Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытудың әртурлі әдістерін қолдану ерекшеліктері. Оқытудың белсенді әдістері.
20-такырып. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары
Оқытуды ұйымдастыру формалары - тұтас жүйе элементі. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Сабақ - мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабактың типтері және құрылымы. Оқу пәнін оқыту, оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамыту жүйесіндегі сабак. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары. Окытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің ролі. Сабаққа қойылатын қазіргі заманғы талаптар. Сабақта ынтымақтастық, қарым-қатынас күйін тудыру. Сабақты талдау және өзіндік бағалау. Дәстүрлі емес сабақтар.
Шындықты тікелей танудағы оқытуды ұйымдастырудың формасы ретіндегі экскурсияның мәні. Экскурсияның түрлері. Экскурсияны таңдауга, өткізуге қойылатын талаптар және алынған нәтижелерді жинактау.
Оқытылатындардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары (үйдегі оқу жұмысы, ұзартылған күн тобындағы өзіндік дайындық, шағын комплектілі мектептегі жұмыс, өздігінен білім алу).
Оқытылатындардың тиесілі іс-әрекетті орындауға дайындығының барысында дербестіктерінің дәрежесін арттыру.
Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ерекшеліктері.
21-такырып. Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау
Окыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау. Бақылаудың максаттарына сәйкестігі. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижелерінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтауға бағытталуы. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері. Техникалық оқу құралдарын оқушылардың іс-әрекетін бақылау мақсатында пайдаланудың мүмкіндіктері.
Оқыту процесін және нәтижесін бағалауға психологиялық-педагогикалық талаптар. Оқушылардың іс-әрекетін бағалауға осы тұрғыдан қарау. Оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау және есепке алу. «Бағалау» және «баға» түсініктері. Оқушылардың бағаланбайтын іс-әрекеті.
Оқушылардың үлгермеушілігі. Оқушылардың үлгермеу себептері. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет