Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығының 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Пәннің мақсаты: студенттің жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру мен оқыту технологиялары мен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялары қолдану арқылы белсенділігін арттыру, жобалау іс-әрекеті бағытында білім жүйесін қалыптастыру; өзін-өзі кәсіби анықтауға дайындығын бақылау дағдыларын қалыптастыру; жобалау әрекеті бағытында теория дайындығы мен машықтық білік пен дағдыларын ұштастыру арқылы кәсіби (психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және коммуникативтік) құзыреттіліктерін жетілдіру.
Пәннің міндеттері:
-болашақ мамандардың ақпараттық, коммуникативтік, проблема шешу құзыреттіліктерін қалыптастыру;
-жоспарлау мен жобалай білу қабілеттерін қалыптастыру;
-өз бетімен шығармашылықпен айналысуға қызығушылықтарын арттыру;
-анықтамалық, техникалық, ғылыми-танымдық әдебиеттермен пайдалана білуге үйрету;
-шығармашылық жобаны дайындауда инновациялық және компьютерлі технологияларды пайдалана білуге үйрету;
-шығармашылық әрекетінде өзіндік мүмкіндіктерін бағалай білуге қабілеттерін дамыту;
-өзіндік ойын нәтижеге жеткізе білу қабілеттерін дамыту;
-істеген жұмысын бағалай білу қабілеттерін дамыту;
-жобалау іс-әрекетінің негіздері» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: дәріс, дәріс-диалог, проблемалық дәріс, кіріспе дәріс, семинар, іздену семинары, экскурсия, тәжірибелік сабақтар, сабақ-пракикум және басқалар.
|