НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
«Армысың әз-Наурыз!»
мерекелік думаны
Табиғаттың жаңаруымен бірге келетін халқымыздың
басты мерекесі, жасампаздық пен береке-бірліктің
бастауы – Наурыз мейрамы Тараз мемлекеттік
педагогикалық институтында апта бұрын басталды.
Үш бәйтеректің бірі
XX ғасырдың басында қазақ жазба әдебиетіне
өзіндік таным-түсінік, керкемдік қолтаңбасымен келіп
қосылған жас таланттардың бірі Сәкен Сейфуллин
болды. Ол өзінің өршіл жырлары мен астарлы
лирикасының арқасында қоғамның кейпін айнытпай
берді.
Педагогтарды оқыту
семинары өтті
«Педагогикалық білімді жетілдіру және орта білім
берудің мазмұнын жаңарту» атты оқыту семинары
өтті. Семинарға «Назарбаев зияткерлік мектептері»
Дербес білім беру ұйымы және Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері мен
институттың професссор-оқытушылары қатысты.
Жамбыл облысына іссапары барысында об-
лыс әкімдігі және ҚР Білім және ғылым министр-
лігі арасында 2014-2016 жылдарға арналған білім
беру мен жастар саясаты салаларындағы ныса-
налы индикатор мен көрсеткіштерге қол жеткізу
жөніндегі меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара
Әбдіхалықова, Білім және ғылым министрі Аслан
Сәрінжіпов, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.
Қол қою рәсіміне арналған жиын барысында
облыс әкімі жастар саясаты мен білім беру саласы
бойынша өңірде атқарылып отырған жұмыстар жайлы
кеңінен баяндады.
Облысқа жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-
Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова
мен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов
облыстағы бірқатар білім ошақтары мен денсаулық
сақтау нысандарының жұмысымен танысты. Алдымен
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универси-
тетіне атбасын бұрды. Оқу орнының бас ғимаратының
алдындағы М.Х.Дулатидың ескерткішіне гүл шоқтарын
қойды. Одан кейін оңтүстік өңірдегі іргелі жоғары
оқу орнының материалдық-техникалық базасының
негізінде жасалған арнайы көрмені тамашалады.
Университетінің оқытушы-профессорлық құрамымен
жиын өткізіп, ұстаздар тарапынан қойылған түрлі
сауалдарға жауап берді. Университет ректоры, п.ғ.д.
профессор М.Сарыбеков өзі басқарып отырған оқу
ордасының тыныс-тіршілігі жайында кеңінен сөз етті.
Келесі кезекте меймандар Жамбыл политехникалық
колледжіне келді. Колледж директоры Жанар Орын-
баева нақтылы кезеңде оқу орнында 18 мамандық
бойынша барлығы 3174 студент, оның ішінде 716
студент дуальдық оқыту бойынша білім алып
отырғанын айтты. Мұнда оқытудың инновациялық
үлгісі де оңтайлы жолға қойылған. Бұдан кейін
жұмысшы тобы Б.Момышұлы атындағы № 45 қазақ
классикалық-гимназиясында болып, білім ошағының
жай-күйін көрді. Жоғары сынып оқушыларының
сабақтарына кіріп, оның өткізілу барысын көрді. Ендігі
нысан «Мөлдір Мүбәрәк» мемлекеттік жекеменшік
әріптестік негізінде ашылған балабақшасы болды.
280 орынға арналған балабақшада бүгінде 1 мен 6
жас аралығындағы бүлдіршіндер тәрбиленуде екен.
Сапар барысында Жамбыл қазақ-түрік есеп-
экономикалық колледжі де қамтылды. 1993-2013
жылдар аралығында аталмыш колледжді 934
түлек бітіріпті. Соның 91-і шетелде білім алыпты.
Бүгінде колледж қабырғасында 309 оқушы дәріс
алуда. Соның 34-ке жуығы шетелдерде білімін
шыңдауда. Колледж басшылығы өз шәкірттері ту-
расында осындай мәліметтерді жеткізді. Жалпы
колледждің оқыту-техникалық базасы инновациялық
жолға қойылған. Жетістіктері де көңіл қуантарлық
деңгейде. Келесі нысан Байзақ ауданы, Сарыкемер
ауылындағы Қазақстанның 40 жылдығы орта мекте-
бі болды. 1210 оқушы білім алатын білім ошағында
бүгінде «Толық күнді мектебінде оқушылардың
потенциалын дамытудың педагогикалық шартта-
ры» эксперимент алаңы бойынша түрлі бағыттағы
он сегіз секция жұмыс істейді екен. Мұнда секция
жұмыстарының көрсеткіштері негізінде арнайы көрме
ұйымдастырылса, «Айналайын» хоры ән мен жырдан
шашу шашты. Ал, 3-5 сынып оқушылары қамтылған
«Қуыршақ театры», «Теремок» ертегісінен үзінді
көрсетті.
Содан соң, Тараз мемлекеттік педагогикалық ин-
ститутында болды. Оқу орнының базасында бірнеше
инновациялық орталық ашып, студенттердің ғылыми
зерттеулермен айналысуына мейлінше, жағдай жаса-
уда. Солардың бірі – «Жерұйық» этно-инновациялық
және «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталықтары.
Өңірімізге келген жұмыс сапары барасында Білім
және ғылым минстрі Аслан Сәрінжіпов болашақ
ұстаздарды даярлайтын оқу орнының тыныс-
тіршілігімен танысуды осы орталықтардан ба-
стады.
«Бүгінде оқу ордасында осындай тоғыз
орталық бар. Оның төртеуі ғылыми-зерттеулер
жүргізу бағытында жұмыс істейді», - деді ин-
ститут ректоры Дария Қожамжарова.
Білім берудегі сапа талаптарына сай болу
үшін институт оқытушылары үш тілде дәріс
беруде. Бір айта кететіні, бұл үрдіс математи-
ка және математиканы оқыту кафедрасында
да енгізілген. Сондай-ақ, әскери кафедрада
да жас сарбаздарға өткізілетін теориялық
және
тәжірибелік
сабақтарды
даңқты
қолбасшы Бауыржан Момышұлының «соғыс
тактикалары» негізінде оқыту қолға алын-
са, оқу орындарының ғалымдары жастарға
патриоттық тәрбие беру мақсатында «Мәңгілік
ел: жалпыұлттық идеясы» атты арнайы курс
бағдарламасын әзірлепті. Мұны министрмен өткен
кездесуде оқу орнының оқытушы-ғалымдары айт-
ты. Педагогика ғылымдарының докторы Тұрсынай
Әбдіқадырова Елбасы идеясына ғылыми негіз беретін
курсты еліміздің барлық оқу орындарына тарату тура-
лы ұсынын жеткізді.
Жалпы Тараз мемлекеттік университеті секіл-
ді институттың оқу корпустары да шашырыңқы
қоныстанған. Бірқатар факультеттер және спорт зал-
дар Қ.Сәтпаев атындағы көшедегі, ал, филология,
тарих-география факульттері, үлкен акт залы Төле
би даңғылы бойындағы ғимараттарда орналасқан
әрі барлығы ескі үлгіде салынған. Студенттер спорт
залға немесе акт залына бару үшін екі арада біраз
сабылуына тура келеді. Министр Аслан Сәрінжіповке
осы проблемалар толық баяндалды. «Пединститутқа
үлкен заманауи үлгідегі оқу ғимарат керек», - деді Да-
рия Пернешқызы.
Білім беру үдерісіне оң әсер беретін қажеттіліктің
бірі - оқу орнынан магистратура бөлімін ашу мәселесі
тұр. Абайтанушы, бауыржантанушы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас
Мырзахметұлы ғылым-білім ең алдымен, жастарға
керек екенін жеткізді, кездесу барысында.
Сонымен бірге, электронды оқу залында online
режимінде телекөпір арқылы байланысқа түскен Жуа-
лы ауданының мұғалімдерге арналған шағын мектеп-
терде сабақ беру әдістемесі жайында оқу семинары,
IT және оқытудың инновациялық технологиялары
бөлімінің инновациялық сабағына қатысты. Қонақтар,
Елбасымыздың Болашақ бағдарламасы аясында
білім алған оқытушы Черкасова Ольга «Болашақ мек-
тебі» атты мастер классын көрді.
Сондай-ақ, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов
атандағы кабинетті де аралап көріп, министр болашақ
ұстаздармен жеке кездесіп, пікірлесті. Жастармен
болашақ арман-мақсаттары туралы ой бөлісті. Сту-
денттер білім берудің орта сатысын дамытуда ал-
дымен, оқулықтар сапасын арттыру қажеттігін айтты.
Ұстаз мәртебесін көтеру, педагогтарға әлеуметтік
тұрғыда қолдау көрсету өздері білім алып жүрген
оқу ордасына жастар сарайы, спорт залы бар жаңа
ғимарат салу., т.б. мәселелерді айтты. Барлық
жастардың көкейінде жүрген түрлі ұсыныс - тілек-
терді министрге Динара Қайыпова, Ерғали Қапалов,
Кәмшат Әбжапаровалар жеткізді.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов
барлық
ұсыныстардың
ескерілетінін
айтып,
институттың ұжымына ризашылығын білдірді.
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АСЛАН СӘРІНЖІПОВ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында болды
№3 (83)
26.03.2014 ж.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен Білім және ғылым
министрі Аслан Сәрінжіпов Жамбыл облысына іссапармен келіп, бірнеше әлеуметтік нысандарда болып
өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты.
2
3
4
«Педагогикалық білімді жетілдіру және орта білім
берудің мазмұнын жаңарту» атты оқыту семинар өтті.
Семинарға «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес
білім беру ұйымы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясының өкілдері мен ТарМПИ професссор-
оқытушылары қатысты.
Іс шарада Кембридж Университеті мен «Назарбаев зият-
керлік мектептері» ДББҰ бірігіп жасаған деңгейлі бағдарламасы
аясында Бірінші деңгей бағдарламасын аяқтаған мұғалімдер
қатысты.
Семинарда бірнеше мәселелер талқыға түсті. Олардың
ішінде орта білім беру жүйесін жаңарту қажеттілігі, мем-
лекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты
жобасының басты қағидалары мен ерекшеліктері, мемлекет-
тік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты жобасына
мониторинг жасау, оқушының жетістіктерін критерий арқылы
бағалау жүйесі, педагогтарды қолдау және оқыту жұмыстарын
ұйымдастыру сынды тақыраптарда баяндамалар жасалап,
пікірлер алмасты.
Семинар барасында «Назарбаев зияткерлік мектептері»
Дербес білім беру ұйымы төрайымының орынбасары Назипа
Аюбаева, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру
ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының директорының
орынбасары Бахты Балгинбаева, Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Гүлнұр
Құдайберген сынды білікті мамандар баяндама жасады.
Сондай-ақ, Байзақ аудандық білім бөлімі әдіскері Агура
Нарегеева, «Дарын» облыстық дарынды балаларға арналған
мектеп-интернатының мұғалімі Шахизат Алтаева, Асқар
Қарабаевтарда семинарда піріклерін ортаға салды.
«БН» ақпарат
Аналарды ардақтайық әрдайым!
Көктемнің алғашқы жайма шуақ күнімен бірге келетін 8 нау-
рыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Шығармашылықты
дамыту» орталығы, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі
орталықтың ұйымдастыруымен «Аналарымызды ардақтайық
әрдайым» атты салтанатты жиын өтті.
Бұл іс шараға БАҚ өкілдері, арнайы шақырылған қонақтар,
институтымыздың профессор оқытушы құрамы және студент-
тер қатысты.
Іс шара жүргізушінің салтанатты сөзінен басталып, ТарМПИ
проректоры Көрпебаев Жәнібек Абланұлы құттықтау сөзімен
ашты. Институтымыздың ер азаматтары арнайы гүлшоқтарын
тапсыру рәсімін өткізді. Институт әйелдер қауымын 8 Наурыз
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты мара-
паттау салтанаты болды. Адамзат қоғамының нәзік қауымын
құттықтауға Нұр Отан өкілі ханымдарға жылы лебізін білдірді.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.
White Paty Sensation” би кеші
Сонымен қатар, Тараз мемлекеттік педагогикалық
институтының
Жастар
ісі
жөніндегі
комитетінің
ұйымдастыруымен “White Paty Sensation” атты би кеші өтті.
Кеш барысында сөз алған Тәрбие жұмысы және әлеуметтік
мәселелер жөніндегі проректоры Жанібек Көрпебав барша ару
қыздарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, оқуда озат
болуға, дендерінің сау болуына тілектестігін білдірді және де
инстититуттың қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан 20
ару ректордың алғыс хатымен марапатталды.
300 студент жиналған көңілді кеште институттың КТК ойын-
шылары әзіл-қалжыңдарын тарту етсе, таланатты жастар өз
өнерлерін ортаға салды.
Балжан Құрмантайқызы,
Баспасөз хатшысы
26 наурыз, 2014 жыл
8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Қайырымдылық шарасы өтті
Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, оларды қайнаған
тіршіліктің ортасына тартуда жастар аянып қалмауы тиіс. Осыларды
назарға алған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар
ісі жөніндегі комитеті студенттермен бірлесе отырып, Жамбыл облыстық
ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп
интернатына барып «Бәріміз де бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты
қайырымдылық шарасын өткізді.
Аталған мекемеде 1 - 9 сынып аралығында 236 бала тәрбиеленеді.
Шараға қатысқан студенттер концерттік бағдарлама қойып, бүлдіршіндерге
көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара соңында 236 баланың барлығына арнайы
сыйлық табыс етілді. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын
таппақ.
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауда: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу ке-
рек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бұл – өзіміздің
және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналы-
сады» деп атап көрсеткендей қоғамның бір бөлшегі болып саналатын
мүмкіндігі шектеулі жандар ешқашан назардан тыс қалған емес.
«БН» ақпарат
Web-порталды
пайдалану тәсілдері
Ғылыми кітапхананың ұйымдастырумен жаратылыста-
ну ғылымдары, шығармашылық мамандықтар, педагогикалық
факультеттері, тарих-география факультеттерінің кафедра
оқытушыларымен «Кітапхана Web-порталымен жұмыс жасау
тәсілдері» тақырыбында оқу-тренингі өткізілді.
Оқу-тренингте ғылыми кітапхана Web-порталындағы ақпараттық
ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері мен жаңа электронды сер-
вис қызметтерін: меншікті дерекқорлары мен «Кабис» электрон-
ды каталогтар дерекқорымен жұмыс жасау тәсілдері, (виртуалды
анықтамалық қызмет, электронды тапсырыс беру, кітапты электрон-
ды ұзарту, пәндік кітапханашы қызметін пайдалану), отандық және
ресейлік Оn-Line кітапханалар ресурстарын (РЖООАЭК, ҚазҰЭК,
IКITAP, Әдебиет порталы, Қазақстан тарихы порталы, Мәдени мұра,
ҚР Президенттінің ресми сайты (Президенттің жеке парақшасы),
Білім және ғылым министірлігінің сайты, әлемдік БАҚ жарияланған
білім салалары бойынша мақалалар жинақталған www.polpred.com
мәліметтер базасын пайдалану мүмкіндіктері, әлемдік толықмәтінді
(«Web of knowledge», «Elsevir», «SpringerLink») дереккөздерін пай-
далану жолдарын көрсетті.
Ғылыми кітапхана
Онлайн сабақ – білім берудің ұтымды жолы
ХХІ ғасырдағы білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың технологияларын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі қатаң бәсекелестік жағдайында барлық білім беру аймағында
қандай оқыту технологиясын қолданса тиімді нәтиже береді деген сұрақтар өзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі уақытта болашақ мамандарға терең білім мен саналы тәрбие
беру жолында білім берудің ұтымды жолдарының бірі - ақпараттық тех-
нологиялармен жүзеге асатын онлайн сабақтар.
Оның дәлелі жақында ғана өткен институтымызда педагогика фа-
культеті «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының (кафедра
меңгерушісі п.ғ.д., профессор К.Ж.Бұзаубақова) ұйымдастыруымен Қазақ
Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің педагогика және
психология факультетінің 2-курс студенттерімен бірлесе отырып (факуль-
тет деканы п.ғ.д., профессор С.Н.Жиенбаева) өткізген онлайн-сабақты
айтуға болады.
Онлайн-сабақ педагогика пәнінен «Ұжым, оның қалыптасуы»
тақырыбында Филология факультетінің АК-12-1а,б, АТ-12-1,ж/т
топтарының студенттері мен пән оқытушысы п.ғ.к., доцент м.а.
Қашқынбаева Зағира Қожабергенқызының басшылығымен өтті.
Бейнеконференция түріндегі ақпараттық әрекеттесу жағдайында
өткен бұл сабақта студенттердің педагогикалық ақпараттарды қолдана
алу білігін дамытуға, зерделеуге, ұтымды ұшқыр ой, тапқырлық пен та-
ным белсенділіктерін көрсетуге көмектесетіндігі анық байқалды. Екі
жоғары оқу орындарының студенттері педагогикалық білімдерін терең
көрсете отырып, емін-еркін сұрақ беру, талдау, қорытындылау, яғни
ғылыми пікірталасқа түсе білу қабілеттіліктерін көрсетті.
Тікелей интерактивті трансляция арқылы байланысуда екі жақтың
студенттеріне Activstudio бағдарламасымен жасалған флипчарт-
тар арқылы дәрістің мазмұны берілді, кинофильмдерден үзінділер
келтірілді, бейне және аудиожазбалар, презентация, иллюстрация-
лар, студенттердің өзіндік жұмыстарының нәтижесінде жинақталған
ақпараттық қорлар бұрышы көрсетілді. Сонымен қатар сабақ тақырыбына
сай сұрақтар мен мәселелер жан-жақты талданып, мини-конференция
түрінде студенттердің ұтымды жауаптары тыңдалып, қорытындылау, тал-
дау жүзеге асты.
Бұл болашақ педагогтардың арасындағы ғылыми қатынастар
орнатуға, шығармашылық іс-әрекеттерінің деңгейлерін жоғарылатуға,
білім мен біліктіліктерін жетілдіруге ықпал ететіндігі, ақпаратты іздеуге,
талдауға бағыттайтын кеңесшіге (консультантқа) айналған мұғалімнің
рөлі түбегейлі өзгерген кредиттік оқыту жүйесіндегі мұндай оқыту
технологияларының берері көп екендігіне көз жеткіздік.
Білім беру процесіндегі бұл жетістік – «Жалпы педагогика және
психология» кафедрасының ғылымдағы жетістіктерді, инновациялық
дамуды, интеллектуалды ұлттың болашақ мұғалім профессиограмма-
сын қалыптастыруға қосқан және жалғасын табатын қомақты үлесі деп
мақтанышпен айтуға болады.
Зағира Қашқынбаева,
«Жалпы педагогика және психология»
кафедрасының п.ғ.к., доцент м.а.
Педагогтарды оқыту семинары өтті
Мектеп оқушыларына түсіндеріп өтті...
Назарбаев зияткерлік мектебінде «Тарих-геогра-
фия» факультеті «Дүниежүзі тарихы, экономика және
құқық» кафедрасының меңгерушісі З.Абдирасилованың
ұйымдастыруымен «Жасөспірімдердің құқығы мен
қылмыстық жауапкершілігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың
істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының
қызметкерлері, факультеттің профессор-оқытушылары және
мектеп мұғалімдері мен 7 сынып оқушылары қатысты.
Алғашқы сөз «Тарих-география» факультетінің дека-
ны З.Тоқбергеноваға берілді, ол жалпы жастар арасындағы
қылмыстылықтың көбеюіне байланысты тоқталып өтті, себеп-
тері туралы айтты.
Ары қарай сөз қонақтарға, яғни Жамбыл облысының
кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған
ауданаралық соты бас маманы Ж.Шыршықбаев барлығын
ювеналдық соттың негізігі жұмысымен таныстырды. Таныстыру
барысында арнайы бейнероликтер көрсетілді. Осы соттың же-
текші маманы Б.Қамбатыров Жамбыл облысы бойынша соңғы
жылы сотта қаралған қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істермен
жиынға қатысушыларды мәлім етті. Кәмелетке толмағандармен
жасалатын қылмыстарға қысқаша статистикалық ақпараттарға
көңіл аударылды.
Келесі
тарих
ғылымдарының
кандидаты,
доцент
З.Абдирасилова мұғалімдер мен оқушыларды Халықаралық
конвенция бойынша балалардың негізгі құқықтары мен
бостандықтарына, бала дұрыс тәрбилеуге байланысты
түсініктерге тоқталып өтті. Оқушыларды әрқашанда ұқыпты бо-
луына, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
Соңғы болып сөзді заң ғылымдары магистрі А.Қадырқұлов
алды. Ол барлығын Қылмыстық Заңмен таныстырды,
құқықбұзушылық пен қылмысқа түсінік берді, кәмелетке
толмағандардың жауапкершілігі жайлы айтты, және де
жасөспірімдердің жиі қандай қылмыстарға баратындығы туралы
статистикалық мәліметтерді слайд арқылы көрсетті.
Келген қонақтарға оқушылар тарапынан жан-жақты
сұрақтар қойылды, барлығынада толық жауап берілді. Мектеп
мұғалімдері мен оқушылары бұл мәселе бойынша өз ойлары-
мен бөлісті. Жиын барысында барлығына таратпа материалдар,
сенім телефондарының нөмірлері, электронды тасымалдағышта
қосымша материалдар, үлестіріліп берілді.
Жалпы дөңгелек үстел өз мақсатына жетті, қатысқандар
іс-шараға белсенді түрде атсалысты, өз ойлары мен пікір-
лерін ортаға салды және де әр-қайсысы керекті ақпараттарды
жинақтап алды.
Асқар Қадырқұлов,
«Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық»
кафедрасының аға оқытушысы,
заң ғылымдары магистрі
«Наш путь в будущее связан с созда-
нием новых возможностей для раскрытия
потенциала казахстанцев. Развитая страна
в 21 веке - это активные, образованные и
здоровые граждане.
Все развитые страны имеют уникаль-
ные качественные образовательные си-
стемы. Нам предстоит большая работа по
улучшению качества всех звеньев наци-
онального образования. В среднем обра-
зовании надо подтягивать общеобразова-
тельные школы к уровню преподавания в
Назарбаев – интеллектуальных школах.
Выпускники школ должны знать казахский,
русский и английский языки. Результатом
обучения школьников должно стать овла-
дение навыками критического мышления,
самостоятельного поиска и глубокого ана-
лиза информации».
Данная мысль Н.Назарбаева очень
справедлива, так как современные учеб-
ные заведения должны быть прежде всего
направлены на формирование личности
ученика, на развитие его мировоззрения.
Он должен уметь критически мыслить, а не
зубрить, принимать обдуманные решения,
а не полагаться на взрослых, пользоваться
современными технологиями и знать языки.
Значимую роль здесь играют сами
учителя - учителя 21 века, учителя новой
формации, учителя конкурентоспособ-
ные. Такие учителя не появляются сами
по себе, их готовят вузы. К числу таких
высших учебных заведений относится и
Таразский государственный педагогический
институт,который имеет большую историю
своего становления.
Второй год в стенах Таразского государ-
ственного педагогического института целе-
направленно реализовывается принцип
полиязычного образования.
Данная работа проводится на кафе-
драх «Информатика», «Общая педагогика
и психология».
Именно ППС кафедры «Общая пе-
дагогика и психология» педагогического
факультета уделяет значимое внимание
данному процессу. Проведение семинаров,
встреч не только на уровне института, но и
в общеобразовательных школах является
доказательством всей этой плодотворной
работы.
Так как кафедра является обслужива-
ющей, такие предметы, как «Введение в
педагогическую профессию», «Педагоги-
ка», «Этнопедагогика» ведутся на англий-
ском языке. Занятия эти не ограничиваются
лишь лекциями и «сухими» практическими
занятиями. На каждой паре применяются
инновационные средства, студентами го-
товятся слайды, презентации, флип-чарты,
направленные на развитие познавательно-
го интереса студентов.
Также проводятся открытые занятия
на уровне института, где студенты могут
свободно общаться, выражать свои мыс-
ли. Новшеством является то, что с этого
года дисциплина «Этнопедагогика» ведёт-
ся на английском языке. В январе месяце
было проведено Онлайн занятие, на кото-
рое были приглашены декан педагогиче-
ского факультета, к.п.н., доцент Оспанба-
ева М.П., заведующая кафедрой «Общая
педагогика и психология», д. п.н., проф.
Бузаубакова К.Ж., заведующий кафедрой
«Иностранная филология», к.ф.н., доцент
Акшалов Б.К. и ППС кафедры. Были опре-
делены цель и задачи занятия. Установ-
лен телемост с педагогическим колледжем
им.Абая. Студенты на занятии ответствен-
но подошли к каждому вопросу. В конце
был сделан анализ.
Современные изменения в сфере об-
разования диктуют свои условия. Прошли
те времена, когда учитель был только пе-
редатчиком информации. В современном
обществе он является и кладезем знаний,
и воспитателем, и полиглотом, и другом, и
коммуникатором в системе межличност-
ных отношений.
Придерживаясь формулы Step by step
учитель 21 века способен овладеть теми
технологиями, которые распространены в
западно-европейских университетах. Глав-
ным остаётся всё же его речь. Речь, полная
мысли и эмоций, жестов. Речь иноязычная
без акцента и шаблона, т.е. речь полиязыч-
ная.
К сожалению, при чётком рассмотрении
норм полиязычного образования можно на-
толкнуться и на ряд таких сложностей, как
нехватка специалистов, владеющих англий-
ским языком, отсутствие учебно-методиче-
ской литературы и т.д. Верится, что со вре-
менем данные проблемы решатся в пользу
преподавателей.
Всё же неоспоримым становится и то,
что полиязычное образование – это важ-
нейший фактор в педагогическом образо-
вании. Хоть этот проект носит «пилотный»
характер, у него есть будущее. К этому бу-
дущему мы должны идти все вместе. Глав-
ная задача не критиковать, а действовать
гуманно и разумно.
Учитель, владеющий тремя языками,
учитель конкурентоспособный, учитель,
который уверенно смотрит в будущее без
оглядки назад. Оглядываясь назад, мы не
развиваемся. Мы не сможем сформировать
полноценную личность без определённых
изъянов и недостатков. Ведь именно они
мешают деятельности учителя новой фор-
мации, учителя 21 века.
Равил Жумагалиев
Ст. преп. кафедры
«Общая педагогика и психология»
26 наурыз, 2014 жыл
Наурыз-думан, тамаша!
«Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафе-
драсы профессор-оқытушылар құрамы және «Құқық
және экономика негіздері» мамандығы студенттерінің
ұйымдастыруымен «Наурыз-думан, тамаша!» атты мере-
келік кеші өтті.
Мерекелік кешті институттың ақсақалы Қуандық Тур-
далин өз батасымен ашты. Одан соң «Тарих-география»
факультетінің деканы Зағира Тоқбергенова, «Дүниежүзі та-
рихы, экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі
Зәуре Абдирасилова, жиналған қауымды Наурыз мерекесімен
құттықтады.
Той-думан одан әрі ән, би, ойындармен жалғасты. Кеш-
ке қатысушыларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-
жоралғылар туралы түсінік берілді, халық әндері мен билері
ұсынылып, ұлттық ойындар (қол күрестен, кіртас көтеру, арқан
тартыс) ойнатылды. Концерттік бағдарламада «Ақ жол» три-
осы ән шырқап, Ж.Рысбай күй тарттып, «Раяннұр» КТК тобы
әзіл-сықақ көрсетіп, «Diversity dance» тобы биімен кештің
көркін аша білді.
Тарих-география факультеті
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН 120 ЖЫЛ
Үш бәйтеректің бірі
XX ғасырдың басында қазақ жазба әдебиетіне өзіндік таным-түсінік, керкемдік
қолтаңбасымен келіп қосылған жас таланттардың бірі Сәкен Сейфуллин болды. Ол
өзінің өршіл жырлары мен астарлы лирикасының арқасында қоғамның кейпін айныт-
пай берді.
Сол заматта жалған
жазаның
құрбаны
болған
ақынның
туғанына міне 120
жыл толды. Қазақтың
маңдайына біткен үш
бәйтерегінің бірі Сәкен
Сейфуллаұлы
қазақ
әдебиетіне
өлшеусіз
үлес қосып қана қойған
жоқ, Ол сол тұстағы
қазақ халқының оянуы-
на жүрегімен жыр төгіп,
күрескер болды. Осы реттке келмеске кеткен нәубаттан арты-
на мол мұрасын қалдыған ақын жайында азды-көпті сөз қозғап
көрелік.
Сәкен Сейфуллин өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене
жырлаған өлкеде Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауы-
лында (қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы) орта-
ша ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла
домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі болса, шешесі Жамал
әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін салиқалы ана болыпты.
Сәкен алғашында ауыл молдасынан хат танып, қолына
түскен кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді
тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады.
Сәкен бір жылда орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт
мектебінде оқиды. Одан кейін бес жылдай Ақмолада оқын, 1913
жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтьш семинарияға түседі,
оны 1916 жылы бітіріп шығады. Ол осы жылдары орыс және Еу-
ропа әдебиетіне ден қояды. Сөйте жүріп, өлең жазуды машық
қылады.
Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады. Көп
ұзамай, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде,
ақын халық жағына шығады. Оған іле-шала патшаны тақтан
түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады, қазақ
елі бостандық алып, бодандықтан құтылады деп сенеді. Ол де-
реу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп
араласады.
Ақмолада кеңес өкіметі уақытша құлап, қамауға алынған
Сәкен атаман Анненковтің «азап вагонында» көрмегенді көріп,
9 ай дегенде әрең қашып шығады.
Кектемгі лайсаңда ақын 500 шақырым жерді жаяу өтіп, елі-
не келеді, онда тұрақтай алмай, ол кезде кеңес өкіметі орын
тепкен Жетісуға келіп, партия, кеңес органдарының жұмысына
көмектеседі. Қым-қуыт, дүрбелеңді заман шындығы мен ро-
мантикасын көрсеткен «Асығып тез аттандық», «Далада»,
«Кел, жігіттер», «Сағындым», «Қамаудан», «Біздің жақта»,
«Қашқынның аулы», «Жас қазақ марсельезасы» атты әсерлі
өлеңдері мен «Бақыт жолында» драмасы сол кезеңде жазылған
дүниелер болатын.
Сонымен қатар өршіл ақын жаңа дәуірді жаңаша жырла-
ды. Қоғамдық өмірдің көлеңке жақтарын да күйзеле суреттеді.
«Ауыл байғұс, мінеки», «Келіншек ойы», «Ақсақ киік», «Сыр
сандық» тамаша жырлары мен «Аққудың айырылуы» атты
символикалық көркем поэмасы - осындай дүниелер. Сәкен өз
кезінің тақырыбына арналған поэмаларымен қатар, туған жер
сұлулығын, аңыздары мен тарихын зор шабытпен әсерлі су-
реттеген атақты «Көкшетау» дастанын жазды. Қазан төңкерісі
тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресі іспеттес өмірбаяндық
«Тар жол, тайғақ кешу» романы оның црозалық кесек туындысы
болып табылады. Өмірінің соңғы он шақты жылында ғылыми-
зерттеу, оқытушылық жұмыстарымен айналысты, Қазақстан
Жазушылар одағында, газет-журнал редакцияларында алқа
мүшесі болды.
Оның «Түс», «Кім басшы аға халыққа?», «Надан бай»,
«Қазақ сабағы», «Інішегіме» сияқты өлеңдеріне осы идеялар
арқау болған. Мысалы, «Түс» деген өлеңінде қазақтың тұрмыс-
күйін қараусыз, тозған бақша кейпінде алады да, қазақтарды сол
бақшаның қураған ағаштарына теңейді.
«Жайлауға көшу», «Айт күні», «Туған ел», «Нұра» сияқты
бірқатар өлеңдерінен елден ұзап, оқу іздеп қалаға кеткен жас
шәкірттің туған елді, жерді аңсаған сағынышын, ауыл тұрмысын,
табиғат суреттерін көреміз. Әдемі, бейнелі тілмен өрнектелген
бұл өлеңдер оқырманды көркемдік деңгейінің биіктігімен баурап
алады. Алғашқы ғашықтық, махаббат жырлары жас ақынның
жүректің ыстық бұлқынысын, отты сезімді суретке айналдырып
бейнелеп бере алатынын байқатады.
Бұдан кейінгі Қазақ төңкерісіне дейінгі 3 - 4 жылда Сәкеннің
ақындық қаламы тез ұштала түсті, өлеңдерінің тақырып аумағы
кеңейіп, әлеуметтік мазмұны тереңдей, өткірлене берді. Ол бұл
жылдары көп оқьш, көп ізденді, ой-өрісі кеңейіп, оны ел тағдыры
мен ертеңгі келешегі олғандырды. Осы кездегі шығармаларынан
халық мұңы, заттық идеясы көбірек орын алады. «Көңіл» деген
өлеңінде Қазан төңкерісінің алдындағы ой-санадағы толқулар,
елегізу сезімдері елес береді.
1922 жылы Орынборда Сәкен Сейфуллиннің «Асау тұлпар»
атты өлеңдер жинағы басыльш шықты. Бұл - ақынның алғашқы
«Өткен күндер» (1914) өлең кітабынан кейінгі екінші жыр
жинағы болатын. «Асау тұлпар» қазақ поэзиясындағы жаңа
идеялық-эстетикалық, көркемдік мұраттар нақты көрініс тапқан,
бостандық, күрескерлік пафосы күшті тың соқпақты айқындады.
Сәкен жырларында астына асау тұлпар мініп жорыққа
аттанған, кең даланы дүбірлетіп ән шырқаған күрескер
адам бар. Тұлпар үні ескі өмірдің тыныштығын бұзын, жаңа
дәуірдің ұраның таратады. Асау тұлпарды жаңа өмірдің тарпаң
асаулығын, ерлігін бейнелейтін образ есебінде пайдалана от-
ырып, ақын оған жаңа сипат дарытады. «Қызыл шашақ ока
ұстап, айдарына қызыл шоқ» тағады. Бұл арқылы ақын қазақтың
халықтық әдебиетіндегі дәстүрлі тұлпар образына жаңа заман
өзгерістерін білдіретін тың мазмұн береді.
Сәкеннің Ақпан төңкерісінен кейін жазылған «Асығып тез
аттандық» өлеңі ақынның өз шығармашылығындағы ғана емес,
жалпы қазақ әдебиетіндегі күрт бетбұрыстың басы болды, ақын
осы және ол тұста жазылған «Кел, жігіттер!» өлеңдері арқылы
азаматтық, саяси лириканың тың соқпағын салды.
1936 жылы қазақ қаламгерлері арасында тұңғыш рет Сәкен
Сейфуллиннің Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. Бірақ
кеп ұзамай 37 жылдың нәубетінде өзі құрған Кеңес үкіметінің
түрмесінде жан түршігерлік қинау мен қорлық көріп, есіл ер 44
жасында қайтыс болды.
Алдаберген Лесбай
ПОЛИЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
как основа формирования и развития
личности учителя новой формации
Педагог-ұстаздардың міндеттері
Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан-2050»: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында тағыда білім, ғылым саласы,
ондағы ұстаздарға деген қамқорлығын назардан тыс қалдырмады.
Жолдауда 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы
балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз ету; орта
білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептердегі оқыту деңгейіне жеткізу; 2-3 жылда дуальдық, техникалық
және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру; жетекші уни-
верситеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп
көшіру; ғылымға көңіл бөлу; ұстаздардың жалақысы мен білімгерлердің
шәкіртақысын көтеру сынды нақты тапсырмалар мен бағыттарды айқын
көрсетті.
Президент әр жылғы Жолдауларында да білім, ғылым салала-
ры туралы ғалымдар мен педагогтардың алдына нақты міндеттер
қоюмен қатар, әр уақытта оларға деген қамқорлығын аяған емес.
Мәселен,«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында «Біз
жоғары білім берудің деңгейін әлемдік стандартқа жеткіземіз» деп айтыл-
са, одан кейінгі «Біздің бұл саладағы басты міндетіміз жуық
арада қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің ТМД-ның және
басқа елдердің, ең алдымен Ресейдің, сондай-ақ Орталык және Шығыс
Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің білім жүйелерімен
бәсекелестік қабілетін көтеруге дайын болу керек» деп көрсеткен еді.
Ел Президентінің ертеректегі “Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты жолдауында: “Бізге
экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы
заманғы білім беру жүйесі қажет.
Сондықтан 12 жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және
кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетін-
дерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды”, деген еді.
Институт ұжымы бүгінде осыған байланысты екі сатылық: он және он
екі жылдық орта білім беретін және де шағын жинақталған мектептерге
ұстаздар даярлауға көшіп те кетті.
Екі сатылық орта білім беретін мектеп оқушылары профильді білім
алады.
Институт ұжымы, білімгерлер қауымы Президенттің «Қазақстан
2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылап, оған
сай өздеріне төмендегідей міндеттер алып отыр. Олар: білім мен
тәрбие беру мазмұнын ары қарай ізгілендіру, демократияланды-
ру, интеграциялау; он және он екі жылдық, дуальдық, техникалық және
кәсіптік білім алатын жастарға және шағын жинақталған мектерге
ұстаздар даярлау; ғылым мен техника дамуындағы жетістіктерді пай-
далана отырып, оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандыру-оқытудың жаңа
технологияларын ендіру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу; ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар не-
гізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау; республиканың
қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне еркін араласатын өз
құқықтары мен міндеттеріне саналы түрде қарайтын әлеуметтік тұрғыдан
белсенді жастарды тәрбиелеу; әлемдік және отандық мәдениетттің
жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да
халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мем-
лекеттік қазақ тілін, сондай-ақ орыс, ағылшын тілдерін меңгеру; ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері-
азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны-Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Конституцияға және
қоғамға қайшы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; оқушылардың
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгер-
шілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке
басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту; білім
беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау.
Институт ұжымы осы өздеріне алған міндеттерді іске асыруда аянбай
еңбек етуге толық мүмкіндіктері бар.
Тұран Бегалиев,
«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»
кафедрасының профессоры,
Мұратбек Қасымов
п.ғ.м., аға оқытушы
В своём Послании народу Казахстана Глава государства Н.Назарбаев поми-
мо общеполитических и экономических вопросов уделил сделал значимый ак-
цент и на развитие полиязычного образования в нашей стране.
26.03.2014 жыл
Газет «ЭКОЖАН» ӨК баспаханасында басылып шықты.
Қарағанды қаласы, Садоводов көшесі, 14. Тел.: 44-23-68, 44-23-60.
Таралымы 1000 дана. Тапсырыс № 518. Газет айына бір рет шығады.
Мекен-жайымыз: 080000. Тараз қаласы,
Төле би көшесі 62. 1 ғимарат, 308 кабинет.
эл.почта: bngazet@mail.ru
Академиялық топтардың қатысуымен барлық оқу
ғимараттардың ауласы, аудиториялар тазартылып аулаға тал-
дар, гүлдер отырғызылды.
Төле би көшесі бойына мерекелік қазақы үй тігілді. Мерекелік
бағдарлама Мерекелік думан басталғанға дейін «Жібек жолы»
халықтық эстрадалық оркестрі мен «Көне Тараз» фольклорлық
ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылады. Қазақтың
жеті түрлі тағамы қонақтарға ұсынылады.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев институт
шығармашыл студенттері мен оқытушыларының қолөнер
бұйымдарымен танысып, институт атынан тігілген үйде қонақ
болып, дастарханнан дәм татты.
«Ұстаз» спорт клубының ұйымдастыруымен ұлттық ойын-
дар жарысы өткізілді. Олардың ішінде кір тасын көтеру, қол
күрес, тоғыз құмалақ, шахмат ойындары бойынша көпшілік
сайысқа түсті.
Мереке
шығармашыл
студенттердің
концерт-
тік бағдарламасына ұласып, жиналған Тараз қаласының
тұрғындары мен қонақтарына және студенттерге Наурыз көже
таратылып, жастар алтыбақан қанатында көңіл көтерді.
Армысың әз-Наурыз! мерекелік думаны
Табиғаттың жаңаруымен бірге келетін халқымыздың басты мерекесі, жасампаздық пен береке-бірліктің
бастауы – Наурыз мейрамына дайындық Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында бір апта бұрын
басталды.
Күн мен түннің теңелгені,
Күн шуаққа бөленгені.
Жер көгеріп, мал төлдеуі,
Жаңа жылдың бұл келгені.
22 наурыз күн мен түннің теңелген, күн шуаққа бөленген
күні. Нағыз жаңа жыл деп айтуға лайық күн. Күн жылынып, қар
еріп, жан-жануарлардың түлеп, әлем жаңаратын кезі. Гүлдер
қар астынан сілкініп шығып, жер бетін жаңаша бір әсемдікке
бөлейді. Күн де қыстағыдай бүйірлеп жүруін қойып, бүтін
ғаламға нұрын шашады.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Бай шығады балбырап.
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндіктері қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Сәукелесі саудырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі көзі жаудырап.
Бозбала шығар бұрқырап,
Ақбөкендей сырқырап.
Құл құтылар құрықтан,
Күн құтылар сырықтан.
Кетік ыдыс, шөмштен,
Түтіні шығар бұрқырап.
«Ұлы күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден
бата алса, сонда олжалы болар» - деп бекер айтпаған. Бұл
күні қазан-қазан наурыз көже пісіріп ауылдан ауылға, үйден-
үйге қыдырысқан кәрі -жас, қыз-келіншек бәріде мәз болып,
араласып қалады. «Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жа-
рылсын» деп балашағаға дейін наурыз көжені тауысып ішу
парыз. «Жыл бойы осылай тоқ жүрейік», «Тоқшылық толаста-
ма, жаңа жыл жарылқа!» деп ақсақалдар бата береді.
Шаттық толы күн, жаңа жыл құтты болсын, ағайын!
Дүниеге көрік берген жаңа жылдың басы, қош келдің Әз
Наурыз!
Арайлым Садықова
М-13-1со тобының студенті
Жаңа жыл!
Весенний праздник
Весенний новогодний праздник равноденствия — Наурыз, за-
родившись в Хорасане (историческая область на северо-востоке
Ирана) более 3000 лет назад, почти одновременно с возникнове-
нием земледелия, распространился по всем сопредельным стра-
нам. Наурыз является древнейшим земледельческим праздником,
его происхождение связано с возникновением земледельческого
календаря. Фирдоуси и Омар Хайям, служивший при дворе тур-
кменского царя Мелик-шаха, связывали возникновение Наурыза с
именами легендарных царей Джемшида, Каюмурса и других.
В Казахстане Наурыз не праздновался всенародно с 1926
года по 1988 год. С 2001 года Наурыз объявлен государственным
праздником. Наурыз мейрамы — праздник весеннего обновления.
По восточному календарю Наурыз - начало нового года, совпадает
с днем весеннего равноденствия. Для казахов этот праздник явля-
ется символом весеннего обновления, торжества любви, плодо-
родия и дружбы. В старину до прихода Наурыза люди приводили
свои дома и хозяйство в порядок, в честь праздника сажали де-
ревья, цветы. Считалось, что если Наурыз входит в чистый дом
к хорошему хозяину, то болезни, неудачи, невзгоды обходят его
стороной. «Наурыз» означает «рождение весны». Это наиболее
важный и древний фестиваль восточных народов. Собственно го-
воря, это Новый Год согласно древнему восточному календарю.
У него есть и другое название, Улыс Куны («Первый день Нового
Года») или Улыстын Улы Куны («Великий день народа»). Считает-
ся, что щедрое празднование праздника Наурыз принесет в дом
изобилие и успех на целый год. Эти убеждения объясняют изоби-
лие праздничных ритуалов и обычаев. С приходом праздника ка-
захи одеваются в праздничные одежды, ходят друг к другу в гости
и обмениваются поздравлениями и пожеланиями благополучия в
наступающем году.
Празднования сопровождаются повсеместным весельем, иг-
рами, лошадиными скачками и другими увеселениями. Главным
ритуальным блюдом этого праздника является наурыз – коже, ко-
торый должен состоять из 7 ингредиентов, символизирующих 7
элементов жизни: вода, мясо, соль, жир, мука, злаки (рис, кукуруза
или пшеница) и молоко. Эти ингредиенты символизируют радость,
удачу, мудрость, здоровье, благосостояние, скорость, рост и боже-
ственную защиту. Когда казахи празднуют Наурыз, наличие циф-
ры «7» является обязательным — она заключает в себе 7 дней
недели - временные единицы бесконечности вселенной: напротив
аксакала (белобородый, старик) должны быть поставлены 7 чаш
с наурыз – коже. «Коктем Туды» («С рождением весны») — так
казахи поздравляют друг друга на улицах, в парках, скверах и на
стадионах с праздником Наурыз.
Ближе к вечеру начинается айтыс — словесное состязание
акынов в сопровождении домбры. В нем могут участвовать муж-
чины и женщины, пожилые и молодые. Продолжается айтыс до
рассвета. Побеждает тот, кто лучше прославлял Добро! В разгар
праздника молодежь собирается у качелей — алтыбакан. Все
поют песни, танцуют, веселятся и играют в национальные игры.
Маржан Нурсейтова
ИСТ – 12 – СО
Биылғы универсиаданың ерекшелігі сол Республикамыздың
30 жоғары оқу орындарынан 1000 үстінде спортшы студенттер
жарыс жолына шықты. Олар спорттың 7 түрі (қысқы бағдарлау,
шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, футзал, пауэрлиф-
тинг, армрестлинг, гір спорты) бойынша бақ таласты.
Институтымыздың атынан универсиада да сайысқа түскен
спортшыларымыз жүлдері орындардан көріне білді. Жеңімпаздар
қатарында қыздар арасында қол күрестен 50 кг салмақта
сайысқан 1 курс студенті Сағатіллә Пернежан жеңімпаз атанса, 2
курс студенті Тарасова Антонина 60 кг салмақта және абсолюттік
салмақта қыздар арасында жеңімпаз атанды.
Ал, ұлдар арасында 5-ші орын Қалып Абылай, 70 кг салмақта
4 курс студенті Амоев Баласұлтан қысқы универсиададан қола
жүлдені иеленді. Кіші футболдан ұлдар құрама командасы 16
команда ішінде 5-ші орынға табан тіреді.
Балжан Уразбаева,
Баспасөз хатшысы
Бесінші қысқы Универсиада
Қостанай қаласында Қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы V қысқы Универсиада спорттың 8 түрінен өтті.
Жеті күнге созылған дүбірлі додаға 30 жоғары оқу орындары қатысты солардың бірі ТарМПИ құрама командасы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |