Жұмыс бағдарламасы мамандықтың 050606 Химия мамандықтарының Мемлекеттік стандарты Қрмжмбс



бет4/9
Дата24.05.2023
өлшемі254 Kb.
#96521
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тақырып 3. Катализ. Катализді негізгі түсініктері. Гомогенді катализ. Гомогенді катализдің тұтас және бөлек механизмі. Қышкылдық және негіздік катализ.
Гетерогенді катализ. Адсорбция және хемосорбция. Гетерогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасы. Каталитикалық активтілік және селективтілік. Гетерогенді катализ теориясы. Баландиннің мультиплеттік теориясы. Кобозевтің активті ансамбльдер теориясы.
Тақырып 4. Элетролиттер ерітінділері. Электрохимияның негізгі түсініктері. Элетролиттер ерітінділерінің құрылысцы туралы көзқарастардың дамуы (Т. Гротгус, М. Фарадей, С. Аррениус, И.А. Каблуков).
Электролиттік диссоциацияланудың себептері. Кристалдық тор энергиясы. Гидратациялану және сольваттану процестері, сольваттану энергиясы. Борн теңдеуі. Борн циклі.
Электролиттердің термодинамикалық теориясы. Активтілік коэффициентіне концентрацияның әсері. Элетролиттер ерітінділерінің иондық күші. Дебай-Гюккельдің күшті электролиттер теориясы. Иоңдық атмосфера. Дебай-Гюккельдіқ шекті заңы.
Электролиз. Фарадей заңдары. Электролит ерітіндісінің электр өткізгіштігі.
Тақырып 5. Электрохимиялық термодинамика және кинетика.
Электродтық процестер. Гальваникалык элемент, электрохимиялық реакциялар. Гальваникалық элементтің ЭҚК. Электродтың, гальваникалық элементтін, электродтық процестің сызбанүскасын жазу ережелері. Электрохимиялық элементтің термодинамикасы. ЭҚК әдісімен электрохимиялық реакциялардың стандартты термодинамикалық функцияларын және тепе-теңдік константасын анықтау. Электродтық потенциал үшін Нернст теңдеуі. Электродтардың жіктелуі: I және II текті электродтар, газ электродтары, тотығу-тотықсыздану электродтары, салыстыру электродтары. Лютер ережелері
Металдардың электрохимиялық коррозиясы. Металдардың пассивтілігі, оларды коррозиядан қорғау әдістері.


3.3 Лабораториялық сабақтардың мазмұны


Тақырып 1. Кіріспе. Химиялық кинетиканың және электрохимияның түсініктері мен міндеттері, негізгі даму кезеңдері.
Техника Қауіпсіздігі.Химиялық лабораторияда жұмыс жасаған кезде қойылатын талаптар. Гетерогенді жүйелердегі реакциялардың жылдамдығы. Үш валентті темір иондарымен иодид иондарының тотығу рекакциясының ретін анықтау.
Тақырып 2. Формалды кинетика. Химиялық кинетика теориялары. Температураның реакция жылдамдығына әсері. Марганец оксалатының айрылу рекциясының жылдамдығын анықтау. Калий перманганатының термиялық айрылуының кинетикасын зерттеу. Кешенді кобальт иондарының активтендіру кинетикасын колориметрлік әдіс арқылы зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет