Жұмыс бағдарламасы мамандықтың 050606 Химия мамандықтарының Мемлекеттік стандарты Қрмжмбс



бет5/9
Дата24.05.2023
өлшемі254 Kb.
#96521
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тақырып 3. Катализ.
Гидроксид иондарының қатысуы арқылы күрделі эфирлердің сабындану реакциясының жылдамдығын зерттеу. Сутек иондарының қатысуы арқылы күрделі эфирлердің сабындану реакциясының жылдамдығын зерттеу. Ацетонның иодталу реакциясының жылдамдығын зерттеу. Реакцияның жылдамдығына катализатордың әсері. Иодсутек қышқылының аммоний пнрсульфатымен тотығу реакциясының жылдамдығына мыс иондарының каталитикалық әсері.

Тақырып 4. Элетролиттер ерітінділері.

Реакцияның басталуынан бастап ерітіндінің түсі пайда болғанға дейінгі аралықтағы уақытты өлшеу. Электролит ерітінділердің электрөткізгіштігі. Күкірт қышқылы ерітіндісіндегі иондардың өту санын анықтау. Калий хлориді ерітіндісіндегі иондардың өту санын анықтау.


Тақырып 5. Электрохимиялық термодинамика және кинетика.
Электролиттер қоспасындағы иондардың өту санын анықтау. Электрохимиялық реакциялардың кинетикасы. Иодсутек қышқылының сутегі асқын тотығымен тотығу реакциясы жылдамдығының константасын анықтау. Коррозия және металдарды коррозиядан қорғау.


3.4 Практикалық сабақтардың мазмұны


Тема 1. Формалды кинетика. Химиялық кинетика теориялары.

Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері.


Активтену энергиясы. Аррениус тендеуі. Трансмиссиялық коэффициент. Жылдамдық константасын статистикалық есептеу. Активті комплекс териясының негізгі теңдеуінің термодинамикалық аспектісі. Активтену энтропиясы. «Шын» және «байқалмалы» активтену энергияларының бір бірімен байланысы.
Гетерогенді реакциялардың кинетикасы. Сыртқы және ішкі диффузия заңдылықтары. Гетерогенді химиялық процестің жылдамдық константасын анықтау. Гетерогенді реакциялардың «шын» және «байқалмалы» активтену энергиялары. Процестің лимиттеуші сатысын анықтау.
Тема 2. Катализ.
Ферменттік катализ. Гетерогенді каталитикалық реакциялардың активтену энергиясы.Катализдегі электрондық көзқарастар.
Тема 3. Элетролиттер ерітінділері.
Меншікті, эквивалентті және молярлы электр өткізгіштігі, олардың физикалық мағынасы. Күшті және әлсіз электролит ерітінділеріңің электр өткізгіштігінің электролит концентрациясына тәуелділігі. Иоңдар қозғалысының жылдамдығы, қозғалғыштық. Кольрауштың иоңдар қозғалысының тәуелсіздік принципі. Күшті электролиттер ерітінділерінің электр өткізгіштігі. Электрофоретикалық эффект, релаксация эффектісі. Вин және Дебай-Фалькенгаген тәжірибелері. Дебай-Онзагердің электр өткізгіштік теориясы. Ион тасымалдау сан. Оны анықтау әдістері. Кондуктометрия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет