1 Пәннің мақсаты - материалдар мен конструкциялардың беріктілігі жөнінде ғылымның негіздерін оқып білу, есептеу мен жобалау әдістерін дұрыс таңдау, тұтас деформацияланатын дене саласындағы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен танысу.
Пәннің міндеті - Пәнді игеруде студент материалдық денелердің тепе-теңдігін жалпы заңдарың білу керек, типтік технологиялық конструкциялардың жұмысқа қабілеттілік бас критерйлермен қоса есеп алгоритмдердін және модельдердін құрастыру. Бұл – сала жаңа жабдықтарды құрастыру немесе істеп тұрған жабдықтардың сенімділігін жоғарылату жұмыстарының негізгі бөлімі.
Пәнді оқып, студент міндетті:
білуіне:
материалдардың механикалық сипаттамаларын анықтаудың әдістерін;
материалдардың механикалық сипаттамаларына әр түрлі факторлардың әсерін;
әр түрлі жүктелу жағдайы үшін беріктік, қатаңдық шарттарын
металлдар мен қоспалардың механикалық қасиеттерін;
жасай алуына:
есептеу схемаларын құруды;
ішкі күштердің факторларын анықтауды және олардың эпюрлерін тұрғызуды;
қауіпті нүктелердегі кернеулі күйді талдауды және шекті күйдің жорамалдарын дұрыс қолдануды;
құрылымдардың немесе машина бөлшектерінің элементтерінің материалдары мен көлденең қималарының пішіндерін таңдап алуды;
беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеуден алынған нәтижелерді талдауды;
кернеулі күйді зерттеудің эксперименталды әдістерін қолдануды;
2 Пререквизиттер Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: математика, физика, информатика, инженерлік механика II, сызба геометриясы және инженерлік графика, теориялық механика.