Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: көліктік материалтану, көлік құрылыстарының құрылыс механикасы, топырақтар механикасы, негіздер және іргетастар, құрылыс машиналары және жабдықтары, көлік құрылыстарын салу технологиясы, көлік құрылыстарын салуды ұйымдастыру.
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№ р/с
Тақырып атауы
Сағаттар саны
Сырттай КО негізінде
Дәріс
Тәж.
Лаб.
СӨЖ
1
Кіріспе
2
Созылу мен сығылу
1
1
1
10
3
Созылу және сығылу кезіндегі материалдардың механикалық қасиеттері
10
4
Созылу және сығылу кезінде беріктік пен қатаңдыққа есептеу
1
1
1
10
5
Кернеулі және деформацияланған күй теориялары
10
6
Ығысу
10
7
Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары
1
1
1
10
8
Бұралу
10
9
Түзу стержіндердің иілуі
1
1
1
10
10
Күрделі қарсыласу
5
11
Беріктілік және майысулылық болжамдары
5
12
Статикалық түрде анықталмайтын стержіндер жүйелері
Тақырып 1. Кіріспе Пәннің мақсаты, есептері және мазмұны, басқа пәндермен байланысы. Материалдар кедергісі, серпімділік және майысымдылық теориясы. Материалдар кедергісіндегі есептерді шешу әдісі. Типтік есептік схемаларды қарастыру. Стержінді, пластинаны, қабыршақты анықтау. Материалдар кедергісіндегі өтімдер. Серпімділік және майысымдылық. Изотропия және анизотропия туралы түсінік. Деформацияланатын дене жөніндегі негізгі гипотезалар. Сызықтық және бұрыштық деформациялар. Сыртқы күштер және олардың классификациясы. Көлемдік және беткейлік күштер. Берілген жүктемелер және тіректер реакциясы. Статикалық және динамикалық жүктемелер. Тұрақты және уақыт бойынша өзгермелі жүктемелер. Сен-Венан принципі. Күштердің әсерінің тәуелсіздік принципі. Ішкі күштік факторлар және оларды оқып білу әдісі (кесу әдісі). Толық, нормалдық және жанамалық кернеу. Ішкі күштік факторлар бойынша стержіннің салмақтануы типтерін классификациялау.
Тақырып 2. Созылу мен сығылу Орталықтан созылу мен сығылу. Бойлық күштер. Сыртқы күш пен бойлық күштердің арасындағы дифференциалдық байланыстар. Бойлық күштердің эпюрлары. Арқаудың көлденең қималарындағы кернеулер. Негізгі болжамдар. Кернеу эпюрі. Арқаудың өсіне көлбеу қималардағы кернеулер. Арқаудың бойлық және көлденең деформациялары. Серпімділік модулі мен Пуассон коэффициенті. Тұрақты және айнымалы көлденең қималы тік арқаудың ұзаруы (қысқаруы). Созылу мен сығылудағы қатаңдық. Арқаудың көлденең қималарының жылжулары. Созылу мен сығылудағы көлемнің өзгерістері.
Тақырып 3. Созылу және сығылу кезіндегі материалдардың механикалық қасиеттері Материалдардың созылу мен сығылудағы механикалық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу. Пластикалық материалдардың созылу мен сығылу диаграммалары. Материалдың негізгі механикалық сипаттамалары: пропорционалдық шегі, серпімділік шегі, аққыштық шегі және беріктік шегі (уақытша қарсыласу). Созылу мен сығылудағы пластикалық материалдардың деформациялану ерекшеліктері.
Пластикалық деформациялар. Созылу мен сығылудың нақты диаграммасы туралы түсінік. Жүкті алу және қайталап жүктеу. Тойтару. Жылжымалылық, релаксациялық және ұзақ беріктік жайлы түсініктер.
Деформациялар мен кернеулер арасындағы байланыстың сызықша емес заңдылығымен сипатталатын құрылыс материалдары. Жаңа құрылыс материалдарының – пластмассаның механикалық қасиеттері. Олардың температурадан, ылғалдылықтан, жүктің өсу жылдамдығынан және т.б. жағдайлардан қасиеттерінің өзгеру ерекшеліктері.
Тақырып 4. Созылу және сығылу кезінде беріктік пен қатаңдыққа есептеу Конструкциялардың беріктігі, сенімділігі және ұзақтық іскерлігі жайлы негізгі түсініктер. Қолайлы кернеулер, қолайлы күштер және шектік күйлер арқылы есептеу тәсілдері. Қауіпсіздік коэффициентінің шамасына әсер ететін техникалық-экономикалық факторлар. Материалдар беріктігі есептерінің негізгі түрлері: кернеулерді анықтау, қималарды таңдау, әртүрлі тәсілдермен қолайлы күштерді анықтау. Арқаудың көлденең қимасының бірден өзгеретін жерлеріндегі тік кернеулердің таралуының бірқалыпты болмайтын жағдайлары. Кернеулердің концентрациясы және концентрация коэффициенті. Созылу мен сығылудағы статикалы анықталмайтын есептер. Сыртқы күштерге, температураға және алдынала созылған жүйелерге есептеулер. Статикалқ анықталмайтын жүйелердің шектік күйлері.
Тақырып 5. Кернеулі және деформацияланған күй теориялары Нүктедегі жазық кернеулі күй жайлы түсінік. Жазық кернеулі күйдің жалпы түрі. Жанама кернеулердің жұптық заңы. Көлбеу алаңдағы кернеулер. Негізгі алаңдар және негізгі кернеулер. Ең үлкен кернеулердің шамасы. Жазық кернеулі күйдегі Гук заңы. Жазық кернеулі күйдегі деформациялар мен кернеулер өрнектерінің аналогиясы.
Кернеулер векторының құраушылары және олардың үш өлшемді дененің координаттары алаңдарындағы белгіленуі. Деформацияның құрамдары. Көлемдік деформация. Кеңістік кернеулі күйдегі Гук заңы. Меншікті потенциалдық энергия. Көлемнің өзгеру энергиясы және пішіннің өзгеру энергиясы.