Тақырып 10. Күрделі қарсыласу Қиғаш иілу. Сырық қимасында тік кернеудің таралуы. Бейтарап сызықтың орнын және қауіпті нүктелерді анықтау. Беріктікке есептеу. Иілудің шамасын анықтау. Қатаңдығы үлкен сырықтың орталықтан тыс созылуы және сығылуы. Қимада кернеудің таралуы. Бейтарап сызықтың орнын және қауіпті нүктелерді анықтау. Қима ядросы.
Көлденең қимасы дөңгелек сырықтың иіліп бұралуы. Шекті күйдің әр түрлі жорамалдары бойынша беріктікке есептеу.
Тақырып 11. Беріктілік және майысулылық болжамдары Беріктік пен пластикалық болжамдардың қажеттілігі. Барабар кернеулер жайлы түсінік. Материалдың морт күйіндегі беріктік болжамдары. Ең үлкен нормальды кернеулер болжамдары. Ең үлкен деформациялар (созылулар) болжамдары. Ең үлкен жанама кернеулер болжамы. Пішіннің өзгеру энергиясы, гипотезасы және оның әртүрлі түсіндірмелері. Мордың болжамы. Жорамалдардың қолданылу аумағы және олардың тәжірибе жүзінде тексерілуі.
Тақырып 12. Статикалық түрде анықталмайтын стержіндер жүйелері Қарапайым стержіндік жүйелердің құрылымын талдау. Еркіндік дәрежесі және байланыстар туралы түсінік. Күш әдісі. Канондық теңдеулер. Негізгі жүйені таңдау. Симметрия қасиетін пайдалану. Статикалық анықталмайтын жүйелерде жылжуларды анықтау. Статикалық анықталмайтын жүйелерді есептеудің тәртібі.
Тақырып 13. Деформацияланатын серпімді жүйелердің тепе – теңдік күйінің орнықтылығы Тепе-теңдіктің тұрақты және тұрақсыз түрлері туралы түсінік. Аумалы жүк. Бойлай сығылған сырықтың орнықтылығы. Эйлер формуласы. Аумалы жүктің сырықтың ұштарын бекіту тәсіліне тәуелділігі. Эйлер формуласының қолданылу аясы. Кернеу пропорционалдық шектен асқан кездегі орнықтылық. Ф.С. Ясинский формуласы. Негізгі қауіпсіз кернеуді кеміту еселігі арқылы орнықтылыққа есептеу.
Тақырып 14. Дүркінді өзгеретін кернеулер жағдайындағы беріктілік Дүркінді кернеулер жағдайындағы материалдардың беріктігі туралы заманауи түсініктер. Айнымалы кернеулердің циклдарының сипаттамасы.Асимметриялы дүркіндер жағдайында межелік кернеулер диаграммасы және қауіпсіздік еселігі. Бейсимметриялы дүркіндер жағдайында сызықтық кернеулі күйдегі және бұралған сырықтарды беріктікке есептеу. Айнымалы кернеулер жағдайындағы беріктік қор коэффициенті. Қирау механикасының теориясының негіздері.