Жұмыс бағдарламасы модульдің атауы: бм «Электроника және электротехниканың заңдарын, микропроцессорлық техника бойынша білімдерді қолдану»


Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар



бет3/7
Дата25.07.2023
өлшемі81,04 Kb.
#104772
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар

Дидактикалық материалдар,кітаптар, компьютер, мультимедиялық проектор,зертханалық аспаптар т.б.

Оқытушының (оқытушылардың) байланыс ақпараты

Қазбек Нұрдаулет

тел.: 87472300207

Қайназаров Н.К.

тел.:87473003745

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің келесі бұйрықтарына сәйкес әзірленген:


- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрық;
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрық.
- «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрық.
Мақсаты: мамандықты игеру үшін оқушылардың білімін жаңа шыққан техника негіздері және өндіріс технологиясы туралы, еңбекті мөлшерде ұйымдастыру үшін арнайы пәнді оқу болып табылады.
Оқу жұмыс бағдарламасы «Электроника және электротехниканың заңдарын, микропроцессорлық техника бойынша білімдерді қолдану» модуль бойынша оқыту деңгейі мен білім беру мазмұны бойынша талаптарды қанағаттандыруға арналған. Материалды зерттеу компьютерлік текника және технологиялар саласындағы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып ұсынылады.
Сандық техниканың негізгі ұғымдары мен анықтамаларымен танысу, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аударудың және екілік арифметиканың негізгі ережелерін меңгеру, екілік сандарды кодтау тәсілдері және аксиомаларды зерттеу, логика алгебрасының негізгі заңдары мен ережелерін меңгереді.
Оқу материалдарының мазмұны мен ерекшелігін ескере отырып, әңгімелесу, талқылау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, өндірістік жағдайды талдау, рөлдік ойындар мен іскерлік ойындар, материалды таныстыру және т.б. ұсынылады.
Аталмыш оқу жұмыс бағдарламасы өз құзыреті шеңберінде аналогтық және цифрлық құрылғыларды қолдану, электрондық техниканың әртүрлі түрлерінің құрылғыларын, блоктарын және аспаптарын жинауды, құрастыруды және бөлшектеуді орындау, практикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарламалық құралдарды қолдану әдістемелерін бағдарламылық-аппараттық кешендерді икемдеуді және қалыпқа келтіру дағдылар мен білімдерді игеру үшін жасалған.
Бұл оқу жұмыс бағдарламасында сонымен қатар өндірістік процесте электроника және электротехниканың заңдарын тәжірибеде қолдана алады.
Модульді оқу кезінде нақты қолдану облысына арналған элементтік базаны қолданып, электрондық құрылғыларға арналған қарапайым электрондық сұлбаларды құру және электрондық техниканың әртүрлі түрлерінің құрылғыларын, блоктарын және аспаптарын жинау, құрастыру және бөлшектеу жұмыстарын орындайды.
Модульдік оқу бағдарламасының маңызы оқушылардың білім алуы, квалификациясын жоғарлату, көрсетілген квалификациялық мінездеме.
Өндірістегі технологияларды және жаңа техниканы, жаттығуларды орындау, зертханалық-практикалық жұмыстарды жүргізу, есептеу жұмыстарын жүргізу бағдарлама бойынша қаралған. Сабақ жүргізу кезінде оқушыларға оқу барысында ауыр жүктемеден және екілеп қайталаудан сақтау керек, оқуға берілген уақытты дұрыс жоспарлау, анықтама әдебиетке және ғылыми-техникалық өзіндік жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын арттыру, технологиялық құжаттар, жаттығулар мөлшерін ұлғайту, ғылыми практикалық және есептеу жұмыстарын жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет