Тақырып 2.2. Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер (ХІ-ХІІІ ғ. басы). Қараханид мемлекеті (942 1210 ж.ж.) Жетісу мен Қашқар жеріндегі қағанаттың құрылуы. Қазақстандағы алғашқы мұсылмадық түркі мемлекеті. Оңтүстік Қазақстан Қараханидтер ықпалында. Қараханидтердің Мәуренахрға саяси ықпалының таралуы. Селжүктермен, Хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыс. Көшпенділік мәдениет және қараханидтардың отырықшылық-егіншілік және мұсылмандық мәдениет кеңістігінде. Қалалар мен сауда-саттық. Отырықшылық пен егіншіліктің дамуы. Басқарудың әскери-тайпалық және әкімшілік жүйесі. Қарақытайдың саяси басқаруының қараханидтерге таралуы.
Қарақытай (1128-1213 ж.ж.). Қарақытайдың Шығыс Қарахандар қағанатын жаулауы. Қарақытайдың саяси басқаруының Мауренахрға таралуы. Қоғамдық құрылым мен шаруашылығы. Қарақытайдың құлауы.
Наймандар мен керейттер ұлыстары (ХІІ ғ. –ХІІІ ғ. басы). Орталық Азияда наймандар мен керейттердің тайпалық конфедерация құруы. Қоныстануы. Христиан дінінің таралуы. Керейттер мен наймандардың мемлекет құруы. Керейт пен найман ұлыстарын Шынғыс ханның жаулауы. Жетісудағы наймандардың көтерілуі. Наймандардың монғолдардан жеңіліс табуы.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы-1224ж.). Қыпшақтар-қимақ мемлекетінің мұрагерлері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. «Дешті-Қыпшақ» термині. Қыпшақтардың тайпалық құрамы. Көршілес халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы. Мемлекеттің екіге бөлінуі. Қыпшақтардың Хорезмшахтармен күресі. ХІ-ХІІ ғ.ғ қазақ халқының Қыпшақ хандығында этникалық ядросының қалыптасуы. Қыпшақ халқының және монғол шапқыншылығының қалыптасуының соңғы кезеңі. Шаруашылық. Тіл. Мәдениет. Қыпшақ хандығының құлауы.
ХІ ғ.-ХІІ ғ. басындағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Көшпелі малшаруашылығы қоғамындағы шаруашылық-мәдени типтер. Оңтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстан қалалары. Сәулет өнері. Кәсіп түрлері, сауда-саттық, ақша айналымы. Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан жеріндегі тармақтары. Қазақстан тайпалары мен халықтарының рухани мәдениеті. Діни наным-сенімдер мен табынушылық. Қазақстан халқы мұсылман мәдениеті жүйесінде. Көшпенділер арасында ислам дінінің таралуы. Қазақстан халықтарының мұсылман Шығыспен және онымен іргелес және сыртқары жатқан мемлекеттермен мәдени және саяси байланыстарды орнатуы және кеңейтуі.
Мұсылман түркі халықтарының ауызша және жазбаша шығармашылық мәдениеті. Ғалымдар мен ойшылдар Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи еңбектері.