Жұмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Медбике ісі»



бет2/19
Дата26.10.2022
өлшемі131,09 Kb.
#45335
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Пәннің міндеттері:

  • Студенттердің адамзат қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және адамгершілік салалардағы білімді Қазақстанның дүниежүзілік тарихтағы ролін ерекше назарға ала отырып меңгеруі;

  • Студентерді отансүйгіштікке, өз Отаны- көпұлтты Қазақстан мемлекетін құрметтеуге, өзара түсіністік, толеранттылық, адамдар және халықтар арасында ауызбіршілік идеясына сәйкес заманауи қоғамдағы демократиялық құндылықтар бағытында тәрбиелеу.

  • Азаматтық пен ұлт теңдігіне тәрбиелеу, оқушылардың дүниеге көзқарасын олардың мәдени, рухани, этноұлттық салт-дәстүрлер, адамгершілік және әлеуметтік қағидалардың, идеологиялық доктрині негізінде дамыту.

  • Студенттердің бойында тарихи принцип пен оның динамикасын, өзара байланысы мен өзара шарттастығын басшылыққа ала отырып, кешегі мен бүгінгіні танытатын әртүрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сараптама жасау қабылеттерін дамыту.

  • Студенттердің бойында тарихи білімдерін заманауи қоғамдық құбылыстардың мәнін түйсіну, өзге адамдармен заманауи саяси-мәдени, полиэтникалық, көп конфессиялы қоғамда қарым-қатынасқа түсу қабылетін қалыптастыру;

  • Тарихи түйсінуді қалыптастыру-оқиғалар мен құбылыстарды олардың тарихи жағдайларына байланысты қарай қарастыру қабылетін, тарихи жағдайлар мен тұлғалардың әртүрлі жорамалдары мен берген бағаларын, өз көзқарасы мен принциптерін қалыптасқан тарихи дүниетанымдық жүйемен салыстыру, өткен мен бүгінгінің мәселелерін талқылауда өзіндік қатынастарын анықтау;

  • Тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу, кешенді сараптауды білу мен жүзеге асыруды үйрену;

  • Студент бойында бұрынғы немесе жақында өткен кезеңнен маңызды әрекетер нұсқасын іздей отырып, өмір сүруге үйрену қажеттілігін қалыптастыру.

1.2. Қазақстан тарихы курсы бойынша оқушы білуі қажет:
- тарихи үрдістің жүйелілігі мен тұтастығын сипаттайтын негізгі фактілерді, үрдістерді, теориялар мен гипотезаларды;
-дүниежүзілік және отандық тарихтың кезеңдерін;
-заманауи қоғам үрдістерінің тарихи шарттарын;
- өткен үрдістер мен оқиғалардың, құбылыстардың тарихи, тарихи-әлеуметтік, тарихи-саяси, тарихи-мәдени, антропологиялық сараптамаларының ерекшеліктерін;
-Қазақстан және әлем тарихының, ұлттық және аймақтық, конфессионалдық, этноұлттық, жергілікті тарихтың қарым-қатынасы мен ерекшеліктерін;
-Қазақстан дамуының ерекшеліктерін;
Қазақстанның барлық даму кезеңдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі тарихи фактілері мен оқиғаларын;
-қоғамдық-саяси қозғалыстардың тарихи ролін, саяси партиялар мен ұйымдардың қызметтерінің мазмұнын;
-Қазақстандағы ұлттық үрдістердің дамуын;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет