Баға /% /
|
Баға әріппен
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
Баллдар
|
95-100
|
А
|
Өте жақсы
|
102,6-108
|
90-94
|
А-
|
97-101,5
|
85-89
|
В+
|
Жақсы
|
91,8-96
|
80-84
|
В
|
86,4-91
|
75-79
|
В-
|
81-86
|
70-74
|
С+
|
Қанағаттанарлық
|
75,6-80
|
65-69
|
С
|
70-75
|
60-64
|
С-
|
64,8-69
|
55-59
|
D+
|
Қанағаттанарлық емес
|
59,4-64
|
50-54
|
D
|
54-59
|
0-49
|
F
|
0-53
|
Қорытынды бақылау – экзамен ( 40%), оның ішіне тесттілеу кіреді.
Тесттік бағалау
Баға /% /
|
Баға әріппен
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
Баллдар
|
95-100
|
А
|
Өте жақсы
|
68,4-72
|
90-94
|
А-
|
64,8-68
|
85-89
|
В+
|
Жақсы
|
61,2-64
|
80-84
|
В
|
57,6-61
|
75-79
|
В-
|
54-57
|
70-74
|
С+
|
Қанағаттанарлық
|
50,4-53,5
|
65-69
|
С
|
46,8-50
|
60-64
|
С-
|
43,2-46
|
55-59
|
D+
|
Қанағаттанарлық емес
|
39,6-43
|
50-54
|
D
|
36-39
|
0-49
|
F
|
0-35
|
Қосымша және айып балдар:
- баяндама, көрнекі құралдар дайындау және СҒЗЖ-на белсенді қатысқаны үшін 1,8 балл
- халат пен қалпағының болмауы мен сабақты себепсіз жіберуіне байланысты 0,5 балл төмендетіледі.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы
Кафедра Терапия бакалавриат
Мамандық: 051101« Мейірбике ісі»
Пән: Геронтология,гериатрия
КУРС : 3
Лекция тезистері
ШЫМКЕНТ, 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланған
Хаттама №___«____»2013ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д.,проф. Бекмурзаева Э.К.
№1
1) Тақырыбы: Кіріспе. Геронтология және гериатрия түсінігі. Қарттық және қартаю туралы жалпы түсінік. Қартаю кезеңі. Гериатриялык фармакология негіздері.
2) Мақсаты: Қартаю мен қарттықтың кезеңдерін студенттерге таныстыру.
3) Дәріс тезистері:
Дәрігер, әдетте, кәрі адам ағзасының көптеген зақымдалуларындағы нозологиялық бірліктің кішігірім тізбегімен кездеседі. Бұл «қартаю үдерісі патологиялық кеш онтогенезіне тән кіші аясының пайда болуының нақты жағдайларын түзеді» деп түсіндіріледі.
Морфологтар мен клиницисттер егде және қарт жастағы аурулар ішінде, қартаю үдерісімен байланысты өзара байланыстарының айқын ерекшеліктері бар, нозологияның екі тобын ажыратады.
Бірінші топқа жататын аурулар (катаракта, саңыраулық, остеопороз, вульвовагиналды атрофия, қуық асты безінің нодулярлы гиперплазиясы, Паркинсон ауруы және өкпенің кәрілік эмфиземасы), қартаю үдерісімен өте тығыз байланысты және тек егде және қарт жастағы адамдарда кездеседі. И.В. Давыдовский бұл ауруларды нозологиялық бірліктер статусына ие болатын «кәрілік сырқаттарға» жатқызған. Олардың туындауы тікелей жасқа байланысты және қартаюдың салдарынан деп есептеледі.
Екінші топ аурулары гериатриялық тәжірибеде жиірек кездесетін көптеген топтар, бірақ олармен орта және тіпті жас жастағы адамдар да ауыруы мүмкін. «Кәрілік сырқаттары» - жасқа белгілі бір қатысы болғанымен, қартаю үдерісіне тікелей тәуелді емес ( И.В.Давыдовский бойынша).
Гериатриялық тәжірибеде әртүрлі қосарлануымен жиі кездесетін аурулар:
қолқаның, бас миы, жүрек, бүйрек, аяқ және ішек шажырқай айналымы тамырларының мультифокалды зақымдалуымен атеросклероз;
артериалды гипертензия;
өкпенің созылмалы обструктивті аурулары мен пневмониялар;
қатерлі ісіктер (бірінші кезекте өкпе, асқазан-ішек жалпы мүшелерінің, бүйректердің, терінің, сонымен бірге ерлерде қуық асты безінің, ал әйелдерде сүт бездерінің және т.б.)
секреторлы жеткіліксіздігімен созылмалы гастриттер;
өт-тас ауруы;
2-ші типті қант диабеті;
ревматикалық полимиалгия және самайлық артериит;
аорта стенозы әктенуімен;
Педжет ауруы ( деформациялық остит);
семіздік;
амилоидоз;
көптеген миеломалар;
психикалық депрессиялар;
Альцгеймер ауруы;
Паркинсон ауруы;
глаукома.
Бұлардан басқа, қарттарға тән ауруларға, миелодиспластикалық синдром, монокланды гаммапатиялар, созылмалы лимфолейкоз, лимфомалар, арезорбтивті гидроцефалия, туберкулез, құрсау теміреткі (герпес зостер) жатады. Қарттардың жарақаттарға, жұқпаларға, тромбоэмболиялық асқынуларға, нейротрофикалық және психикалық бұзылыстарға бейімділігі жоғары болады.
Егде және қарт адамдарда бұл аурулар көбіне білінбей, беткейлі, өзгеше клиникалық көріністермен және ешқандай айқын симптоматикасыз өтеді (жас науқастардағыдай). Бірақ, мұндай торпидті ағымға қарамастан, бұл аурулар айқын соматикалық және психикалық функционалдық өзгерістермен және асқынулармен жүреді және болжамы қолайсыз болып келеді.
Қарт әйелдерде, сүт бездері мен гениталийдің ісіктерінен басқа, ерлерге қарағанда, семіздік, гипотиреоз, өт-тас ауруы, өт қабының қатерлі ісігі, қант диабеті, самайлық артериит, ревматикалық полимиалгия және психикалық депрессиялар жиі кездеседі.
Аталған аурулар тізімі В.М.Дильманның (1986) «Қартаюмен біріккен ауруларындағы» адамның «басты» аурулары туралы түсініктермен сай келеді.
Гериатриялық науқастармен жұмыс жүргізу барысында кездесетін қиыншылықтар: есту және сөйлеуі қиын, есте сақтау қабілеті төмен науқастар. Сол себепті жұмыс барысында мына ережелерді қатаң сақтау керек:
• әңгімелесу барысы науқасқа да өзіне де ыңғайлы орын табу;
• әңгіме соңы науқастың жағдайын жақсарта түсуі керек;
• әңгімеге зейін қою, оның мәселесіне қызығу;
• науқасты аты - жөнімен атау, науқаспен тұрып сөйлеспеу, сабырлықпен тыңдау, артық іс – қимыл қолданбау;
• құлағы ауыр науқастармен асығыс сөйлеспеу, сіздің «ерініңізден оқуға» мүмкіндік беру;
• науқас алдында өзінің сенімсіздігін білдірмеу, оның орнына үндемей қалу, артық сөйлемеу;
• сөйлесу барысында әңгімені дұрыс бағытқа бұру;
• науқасты қобалжытатын тақырыпта сөз қозғамау.
Анамнез жинау барысында көп ақпаратты жинауда науқастың туысқандары, оның үйдегі күтушісі, ұзақ жыл бойы қатынаста болған медицина қызметкерлерінің рөлі жоғары.
Екінші кезеңде мейірбикелік үдеріс, науқастармен жұмыс істеу барысында көп білімді қажет етеді. Психикалық, әлеуметтік қиыншылық жағдай туғанда дұрыс шешім қабылдау керек. Мысалы, қыс уақытында ауылды жерде тұратын қарт кісілер үй шаруашылығымен өздігімен айналыса алмайды, сол кезде уақытша пансионатта және арнайы медико - әлеуметтік көмек көрсету орталықтарына орналастыру керек.
Үшінші кезеңде мейірбикелік күтім жасауда алдын-алу шаралары мақсатында жоспар құру қажет.Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін науқастың жағдайын жақсарту керек. 60 жастан асқан қарт кісілерге көрсетілетін меірбикелік көмектің негізгі ерекшеліктері:
1) Күтім жасау мақсатының нәтижесіне жету үшін ұзақ мерзім кетеді.
2)Денсаулығына байланысты қиыншылықтарды шешу кезінде науқастың белсенділігінің төмен болуы.
3)Күтім жасау барысында мүшелер мен жүйелердің қаншалықты қартайғандығын ескеру керек.
Төртінші кезеңде мейірбикенің күтім жасау жоспары 3 типті араласуымен болады: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелділік.
Тәуелді араласу – дәрігердің бақылауымен, оның нұсқаларын мейірбике бұлжытпай орындайды (наркотикалық заттарды енгізгенде, науқасқа, қатаң режим мен емдәм тағайындағанда), және де әрдайым мейірбике дәрігермен кеңесіп тұруы қажет.
Тәуелсіз араласу – дәрігердің талабынсыз мейірбике өзі әрекет жасай береді. Мысалы, науқастың өзіне күтім жасау барысында көмек көрсету, науқастың өз ауруына реакциясы мен бейімделуін қадағалау, науқастың ауру дәрежесіне сай өзіне күтім жасауы мен тазалықты қалай сақтау керектігін үйрету және т.б,науқастың денсаулығына байланысты кеңес беру.
Өзара тәуелділік араласу-мейірбикенің физиотерапевт, диетолог, ЕДШ дәрігерлерімен тығыз байланысты жұмыс істеу.
Достарыңызбен бөлісу: |