4) Иллюстрациялыматериалдар: берілген
5) Әдебиеттер 6) Қорытынды сұрақтар( кері байланысы): Қарт жастағы АІТ өзгерістері.
Қатер факторлары.
СГ және ойық жара емдеудің негізгі қағидалары.
№4
1) Тақырыбы: Қарттардағы тірек-қимыл аппаратының өзгерістері. Остеопороз. Қауіп факторы. Клиникалық әйгіленуі, асқынуы. Алдын алу шаралары. Тұрмыстық травманың алдын алу.
3) Дәріс тезистері: Сау шеміршектің беті тегіс, жылтыр және синовиялық сүйықтықпен майланып тұрады. Сондықтан буындар бетінің үйкелісі болар-болмас ғана.
Шеміршек ағзада аса төзімді және мықты құрылымдардың бірі. Ауыр салмақ түскеннің өзінде, ол езілмей, сәл басылады. Шеміршектің аса төзімділігі мен эластикалық қасиеті оның қүрылы-мының ерекшелігіне байланысты. Оның қүрамы хондроциттерден, аса берік II типті коллагеннен (шеміршекте ғана болатын) және дәнекер тіннің "желімдеуші" аталатын негізгі затынан тұрады. Шеміршек II типті коллагенге бай болуынан аса төзімді келеді, салмақ түскеннің өзінде, пішінін жоймайды.
Шсміршектің негізгі заты протеогликандардан, гиалурон қышқы-лынан қүралған. Протеогликандар молекуласының қүрамына глюкоза-миногликандар, хондраитинсульфат және кератансульфат кіреді. Про-теогликандар сумен және қышқылмен тығыз байланысқан, шеміршек қүрамының 70% судан түрады. Судың молдығы салмақ түскенде шсміршсктің басылуына жол бермейді. Су мен коллагеннің молдығы-нан шеміршек аса мықты болады. Протеогликандардың бір-біріне тіркеліп іріленген гидрофильдік қүрылымдары коллаген торымен ора-лып, бскітілген. Мүндай күрылым шеміршектің эластикалық қасиетін қамтамасыз етеді.
Деформациялаушы остеоартрозда (ДОА) түрлі себептерден шеміршек уакытынан бұрын тозып, тез "қартаяды". Шеміршектің метаболизмі бүзылып, хондроциттер жойылады, протеогликандары азаяды және деполимеризацияланып, суын жоғалтады. Шеміршек құрғай бастайды. Сонымен қатар хондроциттердің фенотипі өзгереді, мәселен, сапасы төмен коллагенді, протеогликандарды түзетін хондроциттер пайда болады.
Дерттің ертелсу сатысында шеміршек жүмсарып, беті бүртіктеніп, жылтырлығынан айырылады. Бара-бара шеміршек тоза келе жұқарады талшыктары ыдырайды, шеміршектер тілініп жарылады, осыдан бетінде көптсген саңылаулар пайда болады. Салмақ түсуден мүндай шсміршек бөлшектеніп жойылады, осыдан сүйектің беті жалаңашта-нады. Ыдыраған хондроциттердсн бөлінетін ферменттер де шеміршектің күруына өз "үлесін" қосады. Шеміршектің жұқаруынан және жойылуынан буынның жігі тарылады, жалаңаштанған сүйектердің бастары бір-біріне тақалып, үйкеле келе беттері тығыздалады. Сүйек бастарын сақтауға бағытталған қорғаныстық реакциялардан субхондралық остеосклсроз қалыптасады және салмақ батуын азайту үшін сүйектердің беттері жалпақтанады, шеттері үшкірленіп, жан-жағына өседі.
Сүйек шеттерінің өскіншектері остеофиттер деп аталады. Остеофиттер буын бстінің кеңейіп үлғаюына мүмкіндік береді.
Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық процестер дамиды, шел қабаты қалындайды (әсіресе әйслдерде), бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бүзылады. Бірақ, буынның пішіні қаншама бүзылғанымен, анкилоз бола қоймайды. Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) рентгендік көрінісіне мына белгілер тән:
шеміршектің бұзылуынан буын жігінің тарылуы;
эпифиздердің жиекшслік остеосклерозы (субхондралық остеоск-
лероз);
эпифиздер шетін жағалаған остеофиттер;
сүйектердің басында (буын маңында) кисталардың түзілуі; :