6. Тапсыру мерзімдері: Тақырып жоспар бойынша 10 сабақтан кешікпеу керек.
7. Әдебиеттер
8. Бақылау (сұрақтар,тесттер, есеп):
1. Геронтологияда психикалық статусты тексеру үшін қандай экспресс әдіс қолданылады?
2. Стресті жою әдісін атаңыз.
3. Үй жағдайында Альцгеймер ауруымен ауыратын науқасқа күтуді ұйымдастыру үшін не істеу қажет?
4. Инсульттің клиникалық түрлерін атаңыз.
5. Стационарда науқасты күту принциптерін көрсетіңіз.
1. Стресті жою әдістері ... ықпал етеді.
А). физикалық и психикалық жағдайды толық қалпына келтіруге
В). физикалық жағдайда толық қалпына келтіруге
С). психикалық жағдайда толық қалпына келтіруге
Д). ОЖЖ қызметін толық қалпына келтіруге
Е). Жүрек-қантамыр жүйесін (ЖҚЖ) толық қалпына келтіруге
2. Психикалық статусты зерттеудің шұғыл әдісі ... анықтау үшін қолданылады.
А). адамның адекваттылығын
В). кіші қанайналым шеңберіндегі қысымды
С). адамның өз еңбек орнына сәйкестігін
Д). қандағы глюкоза мөлшерін
Е). дене жаттығуынан кейінгі тыныс алуды қалпына келтіруді
3. БДҰ сарапшылары тарапынан Альцгеймер ауруы ... бастау көзі болып танылған.
А). маңызды әлеуметтік, экономикалық және психологиялық проблемалардың
В). әлеуметтік проблемалардың
С). экономикалық проблемалардың
Д). психологиялық проблемалардың
Е). тұрмыстық проблемалардың
4. Инсульт ... болып табылады.
А). ми қанайналымының жіті бұзылысы
В). коронарлық қанайналымның жіті бұзылысы
С). кіші қанайналым шеңберіндегі қанайналымның жіті бұзылысы
Д). үлкен қанайналым шеңберіндегі қанайналымның жіті бұзылысы
Е). организмдегі қанайналым бұзылыс
5. Геморрагиялық инсульт … аурудың асқынуы болып табылады.
А). гипертониялық
В). ойық жара
С). ишемиялық
Д). Даун
Е). Крон
6.Ишемиялық инсульттің себебі:
А). ми қантамырының тромбымен тығындалуы
В). инфекция
С0. көп мөлшерде тамақ жеу
Д). суықтау
Е). тұқым қуалау факторы
7. Ишемиялық инсульт көбінесе … туындайды.
А). қарт адамдарда
В). жас адамдарда
С). пубертаттық жаста
Д). сәби шағында
Е). жасөспірімдік шақта
8. Инсульттен кейінгі қалпына келу үдерісі ... жүреді
А).ұзақ
В).жылдам
С).жылдар бойы
Д).бірнеше ай
Е). бірнеше күн
9. Инсульттен кейін сөйлеу мен қимыл-қозғалыстың қалпына келу дәрежесі ... байланысты.
А). бас миындағы осы сөйлеу мен қимыл-қозғалыс әрекеттеріне жауапты аймақтардың зақымдану көлеміне
В). дене салмағының көлеміне
С). науқастың жасына
Д). қан қысымының көлеміне
Е). науқас күтімінің сапасына
10. Инсульттің алдын алу шаралары … қамтиды.
А). қантамыр ауруына шалдыққан науқастарды жүйелі бақылап отыруды, тамақтану, ұйқы және демалыс ұйымдастыруды, ұйқыны реттеуді, жүрек-қан тамырларының ауруларын өз уақытында және дұрыс емдеуді
В). жүрек-қантамырлар жағдайын жүйелі бақылап отыруды,
С). науқастың жағдайын жүйелі бақылауды
Д). қанайналым жүйесінің жағдайын жүйелі бақылауды
Е). Ас қорыту жүйесі жағдайын жүйелі бақылауды
11. Ми қанайналымының жіті бұзылысының көрінісі.
А).инсульт
В).инфаркт
С).атрофия
Д).гипертрофия
Е).гипоплазия
12. Ишемиялық инсульт …кезінде туындауы мүмкін.
А). атеросклероз
В). гипертониялық ауру
С). артерииттер
Д). қан ауруы
Е). А, В, С, Д
13. Геморрагиялық инсульт күтпеген жерден, көбінесе … туындайды.
А). түнде
В). күндіз
С). әрқалай
Д). А, В
Е). С, Д
14. Геморрагиялық инсультті ишемиялық инсульттен ажыратудың бірден бір нақты дифференциалды тесті ретінде ... зерттеуін атасақ болады.
А). ОАК
В). ОАМ
С). б/х
Д). асқазан сөлі
Е). цереброспиналды сұйықтық
15. Инсульт кезіндегі мүмкін болар асқынулар.
А). пневмония
В). тромбоэмболия
С). жауыржара
Д). А, В, С
Е). С, Д
16. Инсультке шалдыққан науқастардың ем бастапқы кезеңде ... палатасында жүргізіледі.
А). хирургия
В). урология
С). қарқынды терапия
Д). неврология
Е). нейро-хирургия
17. Жүрек қызметін жандандыру үшін науқасқа … егіледі.
А). строфантин
В). лазикс
С). анальгин
Д). эуфилин
Е). NaCl
18. Қимыл-қозғалыс қызметі бұзылғанда ... көмектеседі.
А). жүруге
В). дәретханаға баруға
С). А, В
Д). С, Д
Е). Д, Е
19. Қысымды төмендететін құралдар (қажет болған жағдайда) - …
А). строфантин
В). лазикс
С). анальгин
Д). эуфилин
Е). NaCl
20. ... тамырға 5 % глюкоза ерітіндісі, реополиглюкин егіледі.
А). Коллапс жағдайында
В). Қимыл-қозғалыс қызметі бұзылғанда
С). Жүрек қызметін жандандыру үшін
Д). Тілдің кептелуі кезінде
Е).Егер науқас сопорозды немесе коматозды жағдайда болса
N 1 есеп
82 жастағы науқас қарттар үйінде тұрады.Сан алуан шағым айта бастады. Екі күннен бері аш екенін, оған тамақ бермейцтінін, оны ешкім жақсы көрмейтінін айтып шағымданды. Интернаттың қызметкерлерінің айтуына қарағанда науқас ұйқысыздыққа ұшыраған, тыным таппайды, ұмытшақтық пайда болған. Кейде өз атын ұмытып кетеді.
- диагнозыңызды құрастырыңыз.
- интернат қызметкерлері науқасты күтуде не істеу керек ?
N 2 есеп
Науқас 65 жастағы инсультпен ауырғаннан кейін 8й жа5дайында ем қабылдауда. Науқаста оң жақты оң қол және оң аяқтың парезі, моторлы афазияның қалдық белгілері. Соңғы 4 күннен бері үлкен дәреті жүрмейді.
- Осы мәселенің дамуының қандай себептері бар?
- Көрсетілген жағдайды шешу үшін жоспар құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |