6. Тапсыру мерзімдері: Тақырып жоспар бойынша 11 сабақтан кешікпеу керек.
7. Әдебиеттер
8. Бақылау (сұрақтар,тесттер, жағдайлық есеп)
Қарттардың психикасының өзгерісінің себебін атаңыз.
Альцгеймер ауруына анықтама беріңіз.
Үй жағдайында қарт адамдарды күтуді ұйымдастыруды атаңыз.
Бақылау тесттері:
Альцгеймер ауруы ... жаста болады
а) 27-30
б) 55-60
в) 80
г) 40-45
д) 35-50
... Альцгеймер ауруының ошақты симптомы болады
а) естудің бұзылысы
б) иіс сезудің бұзылысы
в) сөйлеудің бұзылысы
г) ұйқының бұзылысы
д)тәбеттің бұзылысы
Сөйлеудің бұзылысы – бұл ...
а) афазия
б) афакия
в) диспепсия
г) анорексия
д) асфиксия
Альцгеймер ауруы кезінде ... атрофияланады
а) бүйрек үсті безі
б) алдыңғы мидың милық заты
в) қалқанша безі
г) мидың қыртысты заты
д) ұйқы безі
Галлюцинациясы бар науқастарда қолданылатын нейролептикалық препарат . . . :
а) анальгин
б) но-шпа
в) эуфиллин
г) фуроселид
д) аминазин
Макроскопиялық зерттеуде . . .
а) ми үлкейген, қарыншалар кішірейген
б) ми кішірейген, қарыншалар үлкейген
в) мида ешқандай өзгерістер жоқ
г) мида қан құйылулар
д) ми мен жұлынның зақымдалуы
Микроскопиялық зерттеуде . . . :
а) нерв клеткаларының саны азайған
б) нерв клеткаларының саны көбейген
в) атипикалық клеткалардың пайда болуы
г) Фибрилдердің санның жоғарлауы
д) қосымша клеткалардың пайда болуы
Апраксия дегеніміз . . . :
а) сөйлеудің бұзылысы
б) ойлаудың бұзылысы
в) күнделікті іс-қозғалысының бұзылысы
г) есте сақтаудың бұзылысы
д) естудің бұзылысы
Альцгеймер ауруының этиологиясы . . . :
а) белгісіз
б) инфекция
в) вирус
г) бактерия
д)аралас
Альцгеймер ауруын емінде ... қолданылады
а) иммунодепресанттар
б) диуретиктер
в) психотропты препараттар
г) анальгетиктер
д)спазмолитиктер.
N 1 жағдайлық есеп
Қант диабеті және артериалды гипертониясы бар 78 жастағы науқасқа күтім жасайсыз. Соңғы айларда науқас мінезі адекватты емес, ұмытшақ, бей жай екенін аңғардыңыз. Сөйлескен уақытта басқа тақырыпқа сөйлейді. Бөлмеден шығу жолын ұмытып кетеді.
- Алғашқы болжам диагнозыңыз.
- Бұл жағдайдағы күтушінің және жаұя тұрғындарының іс әрекеті.
N 2 жағдайлық есеп
Қарттар үйінде тұратын 82 жастағы науқас сан алуан шағым айта бастады. Екі күннен бері аш екенін, оған тамақ бермейцтінін, оны ешкім жақсы көрмейтінін айтып шағымданды. Интернаттың қызметкерлерінің айтуына қарағанда науқас ұйқысыздыққа ұшыраған, тыным таппайды, ұмытшақтық пайда болған. Кейде өз атын ұмытып кетеді.
- диагнозыңызды құрастырыңыз.
- интернат қызметкерлері науқасты күтуде не істеу керек ?
Достарыңызбен бөлісу: |