Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет31/137
Дата06.10.2024
өлшемі1,86 Mb.
#146921
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   137
Байланысты:
geront sd kz (2)

1. Күн тәртібін орнату
Науқастың өмірін ұйымдастырып, реттеу арқылы сіз оны өзі үшін қиын шешімдерді қабылдаудан арылтасыз. Күн тәртібі адам үшін қалыпты әрекеттерден тұруы керек: таңертең ояну, таңғы гигиеналық шараларды орындау, гимнастикалық жаттығулар жасау (тұлғаны айналдыру, қолдарды айналдыра қимылдату сияқты жеңіл жаттығулар болса да жаман емес), дәрі қабылдау, таңғы ас ішу, серуендеу, дәрі қабылдау, түскі ас, күндізгі ұйқы, бесіндік ас, өзіне күтім жасау немесе жеңіл үй шаруаларымен айналысу (аурудың бастапқы кезеңінде) сияқты әрекеттерді қамтитын еңбек терапиясы, дәрі қабылдау, кешкі ас, кешкі гигиеналық шараларды орындау, ұйықтау.
2. Өзін қадірлеу сезімі
Науқасқа өзін қадірлеуге көмектесу маңызды. Туысқандар оның аса маңызды нәрсені ұмытып кеткенін немесе өзінің басқаша әрекеттер жасайтынын көрсетіп, кейімеуі керек. Көпшіліктің қателігі мынада: науқас олар үшін толыққанды, сана-сезімі дұрыс адам болудан қалады да, науқастың көзінше оның денсаулық жағдайын талқыға салады, ал бұл науқастың мазасыздығын тудырып, жағдайын нашарлатады. Ашу мен реніш пайда болса, мәселе де қиындай түседі, өйткені науқас жақындарына деген сенімін жоғалтып, өз ішінде тұйықталып қалады. Қиын жағдайды жеңудің ең тиімді тәсілі – бірге көбірек күлу. Әзіл-қалжың – стрессті жеңудің ең жақсы құралы.
3. Қауіпсіз орта
Науқас жадын жоғалтса немесе қозғалыс үйлесімділігі бұзылса, оның зақымдану немесе жарақаттану мүмкіндігі де артады. Сондықтан оның туыстары әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе отырып, үйде мейлінше қауіпсіз орта қалыптастыру керек.

  • қамқорлықтағы адамды мүмкіндігінше жалғыз қалдырмау;

  • шаруамен кету қажет болса, газды өшіру;

  • қауіпті электр құралдарды тығып тастаңыз;

  • кесетін немесе тесетін құралдарды, дәрі-дәрмекті науқастың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;

  • тамақты жылыту үшін қысқатолқынды пешті жақсы орнатып қойыңыз;

  • түнде білте шамды жағып қойыңыз;

  • науқастың қатты суықтауына немесе ысуына жол бермеңіз, оған ауа райы жағдайына сай киім таңдауға және киінуге көмектесіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет