Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет35/137
Дата06.10.2024
өлшемі1,86 Mb.
#146921
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   137
Байланысты:
geront sd kz (2)

Хаттама №___«____»2013ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д.,проф. Бекмурзаева Э.К.

КРЕДИТ: №1


Тақырып № 1


1) Тақырыбы: Гериатриядағы мейірбике ісінің қазіргі замандағы аспектілері.


2) Мақсаты:
Егде және қарттық шақта туындайтын мәселелерді өз бетінше шешу үшін геронтология мен гериатрияда мейірбике процесін жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру туралы білім қалыптастыру.
3) Оқыту мақсаты:

  • Егде және қарт науқастың денсаулығының жағдайын бағалау туралы терең, жүйелі білім беру.

  • теориялық және практикалық негізде егде және қарт науқастраға күтім көрсету қажеттігін оқыту.

  • Қарттарға стационарда және үйде медициналық көмек көрсетудің принциптерін оқыту.

  • Кәсіби этика және деонтологиясының гериатрияғы принциптерін оқыту.



4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    • Гериатрияғы мейірбике ісінің заманауи аспектілері;

    • Қартаюдың теориясы;

    • Егде және қарт науқастың ауруларының теориясы;

    • Күтімді ұйымдастыру, емдеу және реабилитациялауды ұйымдастыру.

5) Білім берудің және оқытудың әдістері:

    • Ауызша сұрастыру;

    • тесттік тапсырмаларды шешу;

    • Егде және қарт науқастардың медициналық тексеру нәтижелерін демонстрациялау, мейірбике мен науқас арасындағы жүргізілген жұмыстың әр түрлі мәселелерін анализдеу және бағалау (мысалы науқастқа тексеру жүргізудің дұрыс немесе дұрыс еместігі);

    • Шағын топпен жұмыс, рольдік ойындар, модельдік консультациялар: бір- бірімен коммуникативті қарым қатынас (студент- студент), симуляцияланған науқаспен және оқытушының бақылауында нағыз науқаспен жұмыс жасау.

шағын топпен жұмыс, тест және ситуациялық тапсырмаларды шешу, ауызша сөйлесу, қарт және егде науқастарды курациялау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет